О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 468 "Об утверждении Правил ведения единого реестра участников специальных экономических зон"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 25 марта 2022 года № 152. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2022 года № 27298

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 468 "Об утверждении Правил ведения единого реестра участников специальных экономических зон" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18978) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах ведения единого реестра участников специальных экономических зон, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) специальная экономическая зона – часть территории Республики Казахстан с точно обозначенными границами, на которой действует специальный правовой режим специальной экономической зоны для осуществления приоритетных видов деятельности;

      2) единый реестр участников специальной экономической зоны - реестр участников всех специальных экономических зон, созданных на территории Республики Казахстан;

      3) управляющая компания специальной экономической зоны – юридическое лицо, создаваемое или определяемое в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах" и Законом Республики Казахстан "Об инновационном кластере "Парк инновационных технологий" для обеспечения функционирования специальной экономической зоны;

      4) участник специальной экономической зоны – юридическое лицо, осуществляющее на территории специальной экономической зоны приоритетные виды деятельности и включенное в единый реестр участников специальных экономических зон;

      5) Единый координационный центр – юридическое лицо, осуществляющее координацию деятельности специальных экономических и индустриальных зон;

      6) договор об осуществлении деятельности – договор, заключаемый между участником или несколькими участниками специальной экономической или индустриальной зоны и управляющей компанией специальной экономической или индустриальной зоны, устанавливающий условия осуществления деятельности на территории специальной экономической или индустриальной зоны и (или) в их правовом режиме, права, обязанности и ответственность сторон.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Актуализация (обновление) сведений в едином реестре участников специальных экономических зон происходит при возникновении одного из нижеприведенных случаев:

      1) изменение наименования специальной экономической зоны;

      2) изменение сведений об участнике, внесенных в единый реестр согласно приложению к настоящим правилам;

      3) прекращение действия договора об осуществлении деятельности.";

      дополнить пунктами 8-1 и 8-2 следующего содержания:

      "8-1. Актуализация (обновление) сведений единого реестра участников специальных экономических зон производится в течений 5 (пяти) рабочих дней со дня поступления соответствующего уведомления от управляющей компаний специальной экономической зоны.

      8-2. При смене управляющей компании специальной экономической зоны, последняя уведомляет об этом уполномоченный орган, осуществляющий государственное регулирование в сфере создания, функционирования и упразднения специальных экономических и индустриальных зон и Единый координационный центр в течений 2 (двух) рабочих дней со дня принятия решения о такой смене.".

      2. Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
К. Ускенбаев

"Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27298 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18978 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;

      2) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тізілімі;

      3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      5) бірыңғай үйлестіру орталығы - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) қызметті жүзеге асыру туралы шарт - арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімінде мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) төменде келтірілген жағдайлардың бірі туындаған кезде жүргізіледі:

      1) Арнайы экономикалық аймақ атауының өзгеруі;

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бірыңғай тізілімге енгізілген қатысушы туралы мәліметтердің өзгеруі;

      3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату жатады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімінде мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларынан тиісті хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      8-2. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ауысқан кезде соңғысы бұл туралы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органды және бірыңғай үйлестіру орталығын осындай ауысым туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев