О внесении изменения в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 21/323 "Об определении количества избираемых депутатов маслихатов"

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 54/523. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2022 года № 28910.

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 21/323 "Об определении количества избираемых депутатов маслихатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21198) следующее изменение:

      примечание в приложении 1 к указанному постановлению изложить в следующей редакции:

      "Примечание:

      Число депутатов соответствующего областного маслихата определено в следующих пределах: от тридцати депутатов при численности населения до шестисот тысяч человек.

      Число депутатов соответствующего маслихата города республиканского значения и столицы определено в следующих пределах: от тридцати депутатов при численности населения до одного миллиона ста тысяч человек.

      В расчетах при увеличении численности населения на сто тысяч человек количество депутатов увеличено на единицу.

      Численность населения административно-территориальной единицы учитывается согласно данным уполномоченного органа, формирующего и реализующего государственную политику в области статистики, на 1 июня 2020 года.

      Данное примечание не применяется в случае реорганизации (присоединения, слияния, преобразования, выделения или разделения) административно-территориальной единицы".

      2. Международно-правовому отделу и отделу организации избирательного процесса аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Председателя Центральной избирательной комиссии
К. Петров

"Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 54/523 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 шiлдеде № 28910 болып тіркелді.

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21198 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      Тиісті облыстық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны алты жүз мың адамға дейін болған кезде отыз депутаттан.

      Республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті мәслихаты депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны бір миллион жүз мың адамға дейін болған кезде отыз депутаттан.

      Есептеулерде халық саны жүз мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.

      Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның 2020 жылғы 1 маусымдағы деректеріне сәйкес есепке алынады.

      Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды".

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының халықаралық-құқықтық және сайлау процесін ұйымдастыру бөлімдері осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
Төрағасының міндетін атқарушысы
К. Петров