О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 299 "Об утверждении требований, предъявляемых к юридическим лицам, аттестуемым на проведение работ в области промышленной безопасности"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 августа 2022 года № 30. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2022 года № 29152

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 299 "Об утверждении требований, предъявляемых к юридическим лицам, аттестуемым на проведение работ в области промышленной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10188) следующие изменения:

      в требованиях, предъявляемых к юридическим лицам, аттестуемым на проведение работ в области промышленной безопасности, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "5) проведение монтажа, технического обслуживания, технического диагностирования, технического освидетельствования и ремонта лифтов, эскалаторов, траволаторов, а также подъемников для лиц с инвалидностью.";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Требования к юридическим лицам, аттестуемым на право проведения монтажа, технического обслуживания, технического диагностирования, технического освидетельствования и ремонта лифтов, эскалаторов, траволаторов, а также подъемников для лиц с инвалидностью";

      часть первую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Юридическое лицо, претендующее на право проведения работ по монтажу одного или нескольких видов опасных технических устройств (лифтов, эскалаторов, траволаторов, а также подъемников для лиц с инвалидностью) имеет:";

      часть первую пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Юридическое лицо, претендующее на право проведения работ по ремонту и (или) техническому обслуживанию одного или нескольких видов опасных технических устройств (лифтов, эскалаторов, траволаторов, а также подъемников для лиц с инвалидностью) имеет:";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Юридическое лицо, претендующее на право проведения работ по техническому диагностированию, техническому освидетельствованию одного или нескольких видов опасных технических устройств (лифтов, эскалаторов, траволаторов, а также подъемников для лиц с инвалидностью) имеет:

      1) не менее одного специалиста с высшим техническим образованием и не менее одного специалиста со средним техническим образованием, прошедших подготовку и проверку знаний в области промышленной безопасности;

      2) заявленные специалисты с высшим техническим образованием имеют опыт работы в должности руководителей структурных подразделений в области строительства, выполняющих работы, связанные с монтажом и эксплуатацией грузоподъемных механизмов, эскалаторов, траволаторов, подъемников для лиц с инвалидностью и стаж работы в данной должности не менее трех лет.

      Заявленные специалисты со средним техническим образованием осуществляют свою трудовую деятельность, связанную с грузоподъемными механизмами, эскалаторами, траволаторами, подъемниками для лиц с инвалидностью и имеют стаж работы в данной должности не менее одного года;

      3) принадлежащие на праве собственности или ином законном основании производственные помещения, здания и сооружения;

      4) средства технологического оснащения, средства обеспечения безопасности, средства необходимые для производства работ по проведению технического освидетельствования лифтов, эскалаторов, траволаторов и подъемников для лиц с инвалидностью:

      контрольные испытательные грузы;

      приспособление для контроля направляющих;

      динамометрический ключ;

      комплект контрольно-измерительных приборов;

      средства индивидуальной защиты;

      5) наличие комплекта технической документации завода-изготовителя, в зависимости от вида и типа технического устройства.".

      2. Комитету промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Юридический департамент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятия, согласно подпунктам 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан
Ю. Ильин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29152 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 10188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар";

      8-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді) монтаждау жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:";

      9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді) жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді) техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада мыналар бар:

      1) Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен жоғары техникалық білімі бар кемінде бір маманы, орта техникалық білімі бар кемінде бір маманы;

      2) жоғары техникалық білімі бар мамандардың жүк көтергіш механизмдерді, экскалаторларды, траволаторларды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарды атқаратын құрылыс саласындағы құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымында жұмыс тәжірибесі және осы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар.

      Орта техникалық білімі бар мамандар өздерінің еңбек қызметін жүк көтергіш механизмдермен, экскалаторлармен, траволаторлармен, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштермен байланысты жүзеге асырады және осы лауазымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар.

      3) меншік құқығына немесе өзге де заңды негізге жататын өндірістік үй-жайлары, ғимараттары мен құрылыстары;

      4) технологиялық жарақтау құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды және мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізуге қажетті құралдары:

      бақылау сынақ жүктері;

      бағыттаушыларды бақылауға арналған құрылғылары;

      динамометриялық кілті;

      бақылау-өлшеу аспаптарының жинағы;

      жеке қорғаныш құралдары;

      5) техникалық құрылғының түрі мен типіне байланысты дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы бар.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі