О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 1315 "Об утверждении Правил внесения сведений и их изменений в Государственный реестр прав на объекты, охраняемые авторским правом, и формы свидетельства, подтверждающего внесение в него сведений, и их изменений"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2022 года № 704. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 августа 2022 года № 29267

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 1315 "Об утверждении Правил внесения сведений и их изменений в Государственный реестр прав на объекты, охраняемые авторским правом, и формы свидетельства, подтверждающего внесение в него сведений, и их изменений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17325) следующее изменение:

      в Правилах внесения сведений и их изменений в Государственный реестр прав на объекты, охраняемые авторским правом, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "2) экземпляр произведения.

      Вместо экземпляра произведения к заявлению могут прилагаться эскизы, чертежи, рисунки или фотографии, а в отношении программ для электронной вычислительной машины (ЭВМ) или баз данных – реферат, включающий название программы или базы данных, фамилию, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) автора, дату создания, область применения, назначение, функциональные возможности, основные технические характеристики, язык программирования, тип реализующей ЭВМ, а также исходный код (исходный текст);".

      2. Департаменту по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
К. Мусин

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

"Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 704 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29267 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларында:

      5-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) туынды данасы.

      Туындының бір данасының орнына өтінішке – эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал электрондық есептеуіш машинаға (ЭЕМ) немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін, сондай-ақ бастапқы кодын (бастапқы мәтінді) қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін;".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрылық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі