О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 сентября 2022 года № 487. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 сентября 2022 года № 29547

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10886) следующие изменения:

      в Типовых правилах благоустройства территорий городов и населенных пунктов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Типовые правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов (далее – Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23-15) статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и определяют порядок благоустройства территории населенных пунктов для всех юридических лиц независимо от их правового статуса и форм хозяйственной деятельности, физических лиц, а также должностных лиц, ответственных за благоустройство дворовых и общественных территорий.";

      пункт 2 исключить;

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В настоящих Типовых правилах используются следующие понятия:

      1) благоустройство – совокупность работ (по инженерной подготовке и обеспечению безопасности территории, устройству дорог, развитию коммуникационных сетей и сооружений водоснабжения, канализаций, энергоснабжения, устройству покрытий, освещению, размещению малых архитектурных форм и объектов монументального искусства, проектированию озеленения, снижению уровня шума, улучшению микроклимата, охране от загрязнения воздушного бассейна, открытых водоемов и почвы) и услуг (по расчистке, уборке, санитарной очистке осушению и озеленению территории), осуществляемые в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства и нормального пользования по назначению, создания здоровых, удобных и культурных условий жизни населения;

      2) места общего пользования – это территории, объекты, которые доступны или открыты для населения;

      3) твердые бытовые отходы – коммунальные отходы в твердой форме;

      4) проезд – элемент дороги, обеспечивающий подъезд транспортных средств к жилым и общественным зданиям, учреждениям, предприятиям, объектам застройки внутри микрорайонов, кварталов, населенных пунктов;

      5) тротуар – элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном или арычной системой;

      6) уполномоченный орган – структурное подразделение местного исполнительного органа, осуществляющий функции в сфере регулирования коммунального хозяйства;

      7) организация – физическое или юридическое лицо, специализирующиеся в области благоустройства;

      8) маломобильные группы населения – лица пожилого возраста, с инвалидностью, испытывающие затруднения при самостоятельном передвижении, получении услуг, информации или ориентировании в пространстве, в том числе использующие детские коляски и (или) кресла-коляски;

      9) малые архитектурные формы – объекты декоративного характера и практического использования (скульптуры, фонтаны, барельефы, вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения);

      10) прилегающая территория – территория (в границах 5 метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и другим объектам, находящимся в собственности, владении, аренде, на балансе у физических или юридических лиц.";

      пункты 17 и 18 изложить в следующей редакции:

      "17. Физические и юридические лица, в результате деятельности которых, образуются коммунальные отходы, обеспечивают их безопасное обращение с момента образования и складирование их в контейнеры для сбора коммунальных отходов (далее - контейнеры).

      18. Управление коммунальными отходами регулируется нормами Правил управления коммунальными отходами, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 декабря 2021 года № 508 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 26341).";

      пункт 19 исключить;

      пункты 20 и 21 изложить в следующей редакции:

      "20. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта в соответствии с требованиями Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления", утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21934).

      21. В контейнеры и на контейнерные площадки допускается сброс и складирование только коммунальных отходов.";

      пункт 22 исключить;

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Контейнеры после опорожнения обрабатываются дезинфицирующим раствором на местах или заменяются чистыми, прошедшими обработку на местах опорожнения.

      Места обработки контейнеров необходимо оборудовать установками для чистки, мойки и дезинфекции с подводкой горячей и холодной воды, организацией стока.";

      пункт 26 исключить;

      пункты 27 и 28 изложить в следующей редакции:

      "27. Организация, эксплуатирующие и обслуживающие контейнерные площадки и контейнеры:

      1) обеспечивают надлежащее санитарное содержание контейнерных площадок, контейнеров и прилегающих к ним территорий;

      2) производят своевременный ремонт и замену непригодных к дальнейшему использованию контейнеров;

      3) принимают меры по обеспечению контейнерные площадки и контейнеры регулярной мойки, дезинфекции, дезинсекции, дератизации против мух и грызунов.

      28. Уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров в специализированный транспорт, осуществляющего транспортировку коммунальных отходов, производят работники организации, которые их вывозят.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

"Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 487 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қыркүйекте № 29547 болып тіркелді

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      3) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      4) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      5) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      6) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      7) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      8) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

      9) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      10) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және жеке немесе заңды тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған коммуналдық қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді және қалдықтарға арналған контейнерлерде (бұдан әрі –контейнер) жинақтауды қамтамасыз етеді.

      18. Коммуналдық қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) нормаларымен реттеледі.";

      19-тармақ алып тасталсын;

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      21. Контейнерлерге және контейнерлік алаңдарға тек коммуналдық қалдықтарды тастауға және жинауға жол беріледі.";

      22-тармақ алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

      28. Контейнерлерден коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды жинауды оларды шығаратын ұйымның жұмыскерлері жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі