О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2022 года № 813. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2022 года № 29941

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7445) следующие изменения:

      в Правилах по нотариальному делопроизводству, утвержденных указанным приказом:

      пункт 81 изложить в следующей редакции:

      "81. При подготовке законченного наследственного дела к хранению документы подшиваются по правилам пункта 35 настоящих Правил в следующем порядке:

      свидетельство о праве на наследство;

      заявления о принятии наследства, о выдаче свидетельства о праве на наследство или об отказе от наследства;

      сведения, полученные через ЕНИС в информационной системе "регистрационный пункт ЗАГС" о государственной регистрации смерти (при отсутствии сведений о смерти в информационной системе "регистрационный пункт ЗАГС" или в случае смерти за пределами Республики Казахстан копия свидетельства или уведомления, справки, либо записи акта о смерти);

      сведения, полученные через ЕНИС из государственной базы данных "Физические лица" о месте регистрации наследодателя;

      копии документов, подтверждающих родственные отношения наследников с наследодателем, основание наследования (завещание, документы о степени родства, об усыновлении, о нахождении на иждивении наследодателя);

      запросы нотариуса, сделанные для установления круга наследников, и ответы на них;

      справка о наличии / отсутствии наследственного дела в ЕНИС;

      документы, подтверждающие принадлежность наследства наследодателю (правоустанавливающие документы);

      документы приобщенные к наследственному делу.";

      пункт 85 изложить в следующей редакции:

      "85. Основанием для начала производства по вскрытию конверта с секретным завещанием является получение нотариусом, у которого удостоверено либо хранится секретное завещание, свидетельства или уведомления о смерти завещателя, а также конверт с секретным завещанием, в случае хранения его у завещателя или у исполнителя (душеприказчика) завещания, заявления о вскрытии и оглашении секретного завещания.";

      приложение 16 к Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
К. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр юстиции
Республики Казахстан
от 28 сентября 2022 года № 813
  Приложение 16 к Правилам
по нотариальному делопроизводству
  форма

Извещение о вскрытии секретного завещания

      Куда
Кому
Я, ____________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии),
нотариус ______________________________________________________________
(наименование государственной нотариальной конторы или нотариального округа
частного нотариуса, номер, дата выдачи и орган, выдавший государственную
лицензию частного нотариуса) сообщаю Вам, что "___" ____________ 20 ___ года
представлено свидетельство/уведомление о смерти
_______________________________________________________________________
(указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, совершившего
секретное завещание) совершившего секретное завещание.
В соответствии с пунктом 4-1 статьи 1051 Гражданского Кодекса Республики
Казахстан по представлению свидетельства или уведомления о смерти лица,
совершившего секретное завещание, нотариус не позднее чем через десять дней
со дня представления свидетельства или уведомления вскрывает конверт
с секретным завещанием.
Извещаю Вас о том, что в ___ часов ___ минут ________________ 20 __ года
по адресу ______________________________________________________________
состоится вскрытие и оглашение секретного завещания
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, совершившего
секретное завещание).
Предлагаю Вам прибыть на вскрытие и оглашение секретного завещания в качестве
наследника по закону.
При обращении к нотариусу предъявляются документы, удостоверяющие личность
и подтверждающие принадлежность к наследникам завещателя по закону.
Дата Подпись

"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 813 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29941 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережесінде:

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

      "81. Аяқталған мұрагерлік істі сақтауға дайындаған кезде құжаттар осы Ереженің 35-тармағына сәйкес мынадай тәртіппен:

      мұраға құқығы туралы куәлік;

      мұраны қабылдау туралы, мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы немесе мұрадан бас тарту туралы өтініштер;

      БНАЖ арқылы "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде алынған қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде қайтыс болу туралы мәліметтер болмағанда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болу жағдайында қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның, анықтаманың, не акт жазбасының көшірмесі);

      БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан мұра берушінің тіркелген орны туралы мәліметтер;

      мұрагерлердің мұра берушімен туысқандық қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері, мұраға негіздеме (өсиет, туысқандық деңгейі туралы, бала асырап алу туралы, мұра берушінің асырауында тұрғаны туралы құжаттар);

      мұрагерлердің шеңберін анықтау үшін жасалған нотариустың сұрау салулары және оларға жауаптар;

      БНАЖ-да мұрагерлік істің бар / жоқ екендігі туралы анықтама;

      мұраның мұра берушіге тиістілігін растайтын құжаттары (құқығын белгілеуші құжаттары);

      мұрагерлік іске қоса берілген құжаттар тігіледі.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Құпия өсиеті бар конвертті ашу жөніндегі іс жүргізуді бастау үшін өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлікті немесе хабарламаны, сондай-ақ құпия өсиеті бар конвертті, ол өсиет қалдырушыда немесе өсиетті орындаушыда (өсиет алушы адамда) сақталған жағдайда, құпия өсиетті ашу және жария ету туралы өтінішті оның құпия өсиетін куәландырған немесе ол сақталатын нотариустың алуы негіз болып табылады.";

      ереженің 16-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 813 Бұйрыққа
қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
16-қосымша
  нысан

Құпия өсиетті ашу туралы хабарлама

      Қайда

      Кімге

      Мен, ________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жекеше нотариустың нотариаттық

      округының атауы, жекеше нотариусқа мемлекеттік лицензия берген орган

      және нөмірі, берілген күні,)

      нотариусы Сізге 20___ жылдың "___"__________________ құпия өсиет жасаған

      __________________________________________________________________________

      (құпия өсиет жасаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі) қайтыс болу туралы куәлігі/хабарлама ұсынылғанын хабарлаймын.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1051-бабының 4-1-тармағына сәйкес құпия өсиет жасаған адамның қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама ұсынылған кезде нотариус қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама ұсынылған күннен бастап он күннен кешіктірмей өсиеті бар конвертті ашады.

      20___ жылы "__" __________ ____сағат____ минутта мына мекенжайда

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құпия өсиет жасаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі) құпия өсиетін жариялау және ашу жүргізілетінін Сізге хабарлаймын.

      Сізге заң бойынша мұрагер ретінде құпия өсиетті ашуға және жариялауға келуді ұсынамын.

      Нотариусқа жүгінгенде заң бойынша өсиет қалдырушының мұрагері екендігін растайтын және жеке басын анықтайтын құжаттар ұсынылады.

      Күні

      Қолы