О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 августа 2021 года № 470 "Об утверждении Методики расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 28 сентября 2022 года № 538. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 октября 2022 года № 30042

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 августа 2021 года № 470 Об утверждении Методики расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24170) следующие изменения:

      в Методике расчета размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, утвержденной указанным приказом:

      в пункт 1 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящей Методике используются следующие понятия:

      1) администратор – определяемое акимом области структурное подразделение местного исполнительного органа области, курирующее сферу жилищно-коммунальных отношений;

      2) прибор учета воды – техническое средство для измерения объема воды (питьевой, технической, сточной и других видов вод), имеющее нормированные метрологические характеристики, воспроизводящее и хранящее единицу физической величины в течение определенного интервала времени, разрешенное к применению для коммерческого учета воды в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      3) организация по водоснабжению и (или) водоотведению – водохозяйственная организация, осуществляющая эксплуатацию систем водоснабжения и водоотведения в населенных пунктах;

      4) водопотребитель - физическое или юридическое лицо, потребляющее воду из водных объектов или пользующееся услугами водохозяйственных организаций и получающее воду из систем водоснабжения;

      5) тариф – денежное выражение стоимости регулируемой услуги;

      6) размер платы – установленная плата для населения за один кубический метр поданной питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения или местными исполнительными органами областей.";

      в пункты 4, 5, 6 и 7 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 9 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункты 11 и 12 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

"Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 538 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30042 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Әдістеме тиісінше су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган немесе табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімші – облыс әкімі айқындайтын, облыстың жергілікті атқарушы органының тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі;

      2) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

      3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;

      4) суды тұтынушы – су объектілерінен суды тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;

      5) тариф – реттеліп көрсетілетін қызмет құнының ақшалай көрінісі;

      6) төлемақы мөлшері – тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне халық үшін белгіленген төлемақы.";

      4, 5, 6, және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Облыс бойынша орташа тариф мынадай формулалар бойынша есептеледі:

      1) есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:



      мұндағы:

     

– суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша орташа тариф;

     

– облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптары бар сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы сомасы;

      n – облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптары бар сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің жалпы саны.

      2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:



      мұндағы:

     

– облыс бойынша суды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне орташа тариф;

     

– облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне облыс бойынша тарифтердің жалпы сомасы;

      n – облыс бойынша ауызсуды есепке алу аспаптарынсыз сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы саны.

      5. Әкімші облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдауды дайындау үшін мемлекеттік жоспарлау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардан және табиғи монополиялар субъектілерінен соңғы үш жылдағы орташа жалақы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық деңгейі туралы, сумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, сумен жабдықтау қызметтеріне жиналу бойынша ақпаратты және келесі үш жылдық кезеңге күтілетін болжамды сұратады.

      6. Облыс бойынша жүргізілген әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындылары бойынша әкімші осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, есептелген төлемақы мөлшерін негіздейтін қорытындыны дайындайды.

      7. Қорытындыны мемлекеттік жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшінің басшысы бекітеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтері бойынша бастапқы деректер табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік органдар бұйрықтарының көшірмелерімен және (немесе) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендету туралы шешімдерімен расталады.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Хабардар ету және жария талқылау мақсатында әкімші жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында әлеуметтік-экономикалық талдауды, қорытындыны және алдын ала есептелген төлемақы мөлшерін орналастырады.

      12. Әкімші Су кодексінің 39-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті өкілді органына есептелген төлемақы мөлшерін ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі