О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 "Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 октября 2022 года № 808. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 октября 2022 года № 30166

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 "Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10620) следующее изменение:

      в Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом: 

      в приложении 8:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. При откомандировании военнослужащего в другой государственный орган, где предусмотрена воинская служба:

      1) представление;

      2) характеристика;

      3) рапорт военнослужащего;

      4) выписка из служебной карточки;

      5) решение аттестационной комиссии (выписка из протокола);

      6) уведомление государственного органа за подписью первых руководителей уполномоченных органов, где предусмотрена воинская служба.

      Пояснение по заполнению:

      характеристика пишется командиром роты и выше, согласовывается по команде с командиром части (проставляется дата, печать, подпись и фамилия с инициалами);

      в служебной карточке указывается количество поощрений и взысканий. Не снятые взыскания указываются полностью (когда, кто и за что наказал);

      заключения и материалы служебного расследования - высылаются копии;

      представление оформляется в соответствии с приложением 7 к приказу Министра обороны Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 36 дсп "Об утверждений типовых форм контракта о прохождении воинской службы и представления, а также форм аттестационого листа" по согласованию с первыми руководителями уполномоченных органов (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16594).

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
М. Ахметжанов

"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 808 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30166 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:

      8-қосымшада:

      16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "16. Әскери қызметшіні әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органға жіберген кезде:

      1) ұсыным;

      2) мінездеме;

      3) әскери қызметшінің баянаты;

      4) қызметтік карточкадан үзінді;

      5) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);

      6) әскери қызмет көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы қол қойған мемлекеттік мекеменің хабарламасы.

      Толтыру бойынша түсіндірме:

      мінездемені рота командирі және одан жоғарылар жазады, команда бойынша бөлім командирімен келісіледі (күні, мөр, қолы және тегі мен аты-жөні қойылады);

      қызметтік карточкада көтермелеулер мен жазалардың саны көрсетіледі. Алынбаған жазасы толық көрсетіледі (қашан, кім және не үшін жазалады);

      қызметтік тергеудің қорытындысы және материалдары – көшірмесі жіберіледі.

      ұсыным уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов