О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-307/2020 "Об утверждении правил изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 октября 2022 года № ҚР ДСМ-120. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 октября 2022 года № 30347

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-307/2020 "Об утверждении правил изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21850) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 4 статьи 212 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в правилах изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы, утвержденных приложением к указанному приказу:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:

      1) орган – часть организма, выполняющая определенную функцию;

      2) регистр граждан, выразивших право на посмертное донорство органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) (далее – Регистр) – база данных совершеннолетних и дееспособных лиц, добровольно изъявивших желание реализовать свое право на прижизненный отказ или согласие на посмертное донорство органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) в целях трансплантации, созданная в виде модуля в государственной информационной системе "Регистр прикрепленного населения";

      3) уполномоченный орган в области здравоохранения (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области охраны здоровья граждан Республики Казахстан, медицинской и фармацевтической науки, медицинского и фармацевтического образования, санитарно-эпидемиологического благополучия населения, обращения лекарственных средств и медицинских изделий, качества оказания медицинских услуг (помощи);

      4) потенциальный посмертный донор органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения (далее – потенциальный донор) – труп человека в возрасте восемнадцати лет и старше, с биологической смертью, констатированной не позднее 48 часов, находящийся в государственных организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно-медицинской экспертизы, имеющих лицензии на осуществление медицинской деятельности по оказанию услуг трансплантации органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) согласно профилю медицинской деятельности;

      5) заготовка органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения – операционное мероприятие по мобилизации органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения с целью последующей консервации;

      6) изъятие органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения – извлечение органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения от трупов с целью трансплантации;

      7) консервация органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения – совокупность мер, обеспечивающих защиту клеток органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения от внутреннего и внешнего воздействия, с целью сохранения жизнедеятельности органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения;

      7-1) консервированная роговица – это ткань глазного яблока, которая подверглась консервации;

      8) хранение органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения – совокупность мероприятий, направленных на максимальное сохранение жизнеспособности клеток органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения до момента трансплантации;

      9) транспортировка органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения – комплекс мероприятий по доставке органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения для хранения и трансплантации;

      10) центр трансплантации – организация здравоохранения, подведомственная уполномоченному органу, которая оказывает услуги по изъятию, заготовке, хранению, консервации, транспортировке и трансплантации органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) на базе научно-исследовательских институтов и научных центров, в городах республиканского значения и столице;

      11) трансплантация – пересадка органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) на другое место в организме или в другой организм;

      12) Координационный центр по трансплантации (далее – Координационный центр) – организация здравоохранения, занимающаяся вопросами координации и сопровождения трансплантации органов (части органа) и (или) тканей (части ткани);

      13) ткань – совокупность клеток и межклеточного вещества, имеющих одинаковые строение, функции и происхождение.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Изъятые органы (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения помещаются в стерильные флаконы, заливаются 2,0 миллилитрами физиологического раствора. Флаконы закрываются крышкой и маркируются с указанием наименования изъятых органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) зрения, даты консервации и номера, присвоенного донору.

      При отсутствии органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии (изъятых тканей (части ткани) зрения), допускается использование консервированной роговицы.".

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

"Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қазанда № 30347 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда транспланттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚРДСМ-307/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 212-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алып қою және консервациялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағза – организмнің белгілі бір функциясын атқаратын бөлігі;

      2) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – "Бекітілген халықтың тіркелімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде модуль ретінде құрылған трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тірі кезінде бас тартуға немесе келісім беруге өзінің құқығын іске асыруға өз еркін білдірген кәмелетке толған және әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) ықтимал қайтыс болғаннан кейінгі доноры (бұдан әрі – ықтимал донор) – медициналық қызметтің бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарда болған, 48 сағаттан кешіктірмей биологиялық өлімі расталған қабілетті (қайтыс болған кезде), он сегіз жастағы және одан үлкен адамның мәйіті;

      5) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) дайындау – одан әрі консервациялау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) мобилизациялау бойынша операциялық іс -шара;

      6) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігін) алу – трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу;

      7) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) консервациялау - көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тіршілік етуін сақтау мақсатында сыртқы және ішкі ықпалдан көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) жасушаларын қорғауды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы;

      7-1) консервацияланған мөлдір қабық – бұл консервацияға ұшыраған көз алмасының тіні;

      8) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) сақтау – трансплантаттау сәтіне дейін ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тін бөлігін) жасушаларының тіршілікке икемділігін толық сақтауға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы;

      9) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) тасымалдау – сақтау және трансплантаттау үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) жеткізу бойынша іс - шаралар кешені;

      10) трансплантаттау орталығы – республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ғылыми - зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының базасында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трансплантаттау бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымы;

      11) трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу;

      12) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы;

      13) тін – құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттың жиынтығы.";

      16 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Алынған көру ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тіннің бөлігі) стерильді құтыларға салынады, 2,0 миллилитр физиологиялық ерітіндіні құяды. Құтылар қақпақпен жабылады және алынған көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) атауы, консервациялау күні мен донорға берілген нөмір көрсетіліп таңбаланады.

      Трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзалары болмаған кезде патологиялық анатомия қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда (алынған көру тіндері (тіннің бөліктері)) консервацияланған мөлдір қабықты пайдалануға жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният