Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21850 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 212-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.10.2022 № ҚР ДСМ-120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс - шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-307/2020 бұйрыққа
қосымша

Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 212 - бабының 4 - тармағына сәйкес әзірленді және Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағза – организмнің белгілі бір функциясын атқаратын бөлігі;

      2) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – "Бекітілген халықтың тіркелімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде модуль ретінде құрылған трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тірі кезінде бас тартуға немесе келісім беруге өзінің құқығын іске асыруға өз еркін білдірген кәмелетке толған және әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) ықтимал қайтыс болғаннан кейінгі доноры (бұдан әрі – ықтимал донор) – медициналық қызметтің бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарда болған, 48 сағаттан кешіктірмей биологиялық өлімі расталған қабілетті (қайтыс болған кезде), он сегіз жастағы және одан үлкен адамның мәйіті;

      5) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) дайындау – одан әрі консервациялау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) мобилизациялау бойынша операциялық іс -шара;

      6) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігін) алу – трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу;

      7) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) консервациялау - көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тіршілік етуін сақтау мақсатында сыртқы және ішкі ықпалдан көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) жасушаларын қорғауды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы;

      7-1) консервацияланған мөлдір қабық – бұл консервацияға ұшыраған көз алмасының тіні;

      8) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) сақтау – трансплантаттау сәтіне дейін ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тін бөлігін) жасушаларының тіршілікке икемділігін толық сақтауға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы;

      9) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) тасымалдау – сақтау және трансплантаттау үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) жеткізу бойынша іс - шаралар кешені;

      10) трансплантаттау орталығы – республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ғылыми - зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының базасында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трансплантаттау бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымы;

      11) трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу;

      12) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы;

      13) тін – құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттың жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.10.2022 № ҚР ДСМ-120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу және консервациялау Кодекстің 212 - бабының 4 - тармағына сәйкес медициналық қызметтің бейініне орай ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарда жүргізіледі.

      4. Офтальмологиядағы трансплантаттау мақсаттары үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу биологиялық өлімнің болуы және медициналық қарсы көрсеткіштердің болмауы туралы қорытынды болған кезде және осы Қағидалардың 11 - тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

      5. Патологиялық - анатомиялық зерттеп - қарауға (диагностика) немесе сот-медицина сараптамасына жататын мәйіттер көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу үшін объект болып табылады.

      6. Трансплантаттау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу үшін мыналар медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады:

      1) инфекциялық аурулар;

      2) қан гемолизін тудыратын улармен улану (жүрек қызметінің тоқтап қалуын тудыратын, өмірлік маңызы бар орталыққа тез әсер ететін, улы заттармен улануды қоспағанда);

      3) суға кету;

      4) көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) зақымдануы.

2 - тарау. Офтальмологияда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу және консервациялау тәртібі

      7. Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың басшылары күн сайын (оның ішінде демалыс және мереке күндері) Үйлестіруші орталыққа көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал донорларының болуы, патологиялық-анатомиялық диагностикаға немесе сот - медицина сараптамасына кедергі келтірмейтіндерден көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу туралы ақпаратты ұсынады.

      8. Үйлестіру орталығы ықтимал донор туралы хабар алған сәттен бастап 2 сағат ішінде трансплантаттау мақсатында қайтыс болған кейін Тіркелімдегі ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорлығы мәселелесі бойынша азаматтың тірі кезінде ерік білдіруі бойынша ақпаратқа тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері туралы трансплантаттау орталығына және патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымға тексеруден кейін 2 сағаттың ішінде хабарлайды.

      9. Тірі кезінде келісім берген жағдайда трансплантатттау орталығы Үйлестіруші орталықтан ақпарат алғаннан кейін жұбайына (зайыбына) және (немесе) оның жақын туыстарының біріне (заңды өкілдеріне) қайтыс болған адамның көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығы мәселесі бойынша ерік білдіргені туралы кідірместен хабарлайды.

      10. Трансплантаттау үшін мәйіттен ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу:

      1) егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде өзінің ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуға, оның ішінде Тіркелімге келісім бермегенін тіркеу арқылы келіспейтіні туралы мәлімдеген болса;

      2) егер медициналық ұйым алу сәтінде қайтыс болған адамның өлімінен кейін жұбайы (зайыбы), ол болмаған кезде адамның жақын туыстарының бірі ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға (оның ішінде қайтыс болған адамның тірі кезіндегі келісім бергені болса) өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеген болса;

      3) қайтыс болған адамның тірі кезінде ерік білдіргені белгісіз болған жағдайда:

      жұбайының (зайыбының), ол болмаған жағдайда оның жақын туыстарының бірінің ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға жазбаша келісім бермеген болса (оның ішінде қайтыс болған адамның басқа жақын туыстарының келісім бергені болса);

      жұбайының (зайыбының), ол болмаған жағдайда хабардар етілген сәттен бастап 24 сағат ішінде өтініш берген жақын туыстарының бірінің оның ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуға еркін білдіргені болмаса;

      4) егер көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу сот - медицина сараптамасына немесе патологиялық - анатомиялық диагностикаға кедергі келтіретін жағдайда жүзеге асырылмайды.

      11. Қайтыс болған адамнан трансплантаттау үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу:

      1) осы адамның трансплантаттау мақсатында оның ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуға тірі кезіндегі келісім беруі болған жағдайда жұбайының (зайыбының) өтініш берілген жазбаша келісім бермеуі, ол болмаған жағдайда қайтыс болған адамның жақын туыстарының бірінің келісім беруі бір уақытта болмаған кезде;

      2) адамның тірі кезіндегі еркін білдіруі белгісіз болған жағдайда:

      жұбайының (зайыбының) жазбаша келісімі болған кезде;

      жұбайы (зайыбы) болмаған кезде, ықтимал донордың қайтыс болуы туралы хабардар етілген сәттен бастап 24 сағат ішінде өтініш берген жақын туыстарының бірінің жазбаша келісім беруі болған кезде;

      3) егер көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу сот-медицина сараптамасына немесе патологиялық-анатомиялық диагностикаға кедергі келтірмейтін жағдайда жүзеге асырылады.

      12. Осы Қағидаларда некеде (ерлі - зайыпты) болмаған кезде қайтыс болған сәттегі адамның азаматтық жағдайы жұбайының (зайыбының) болмауы деп түсіндіріледі.

      13. Трансплантаттау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу биологиялық өлім расталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде жүргізіледі, ал температурасы төмен жағдайда мәйітті тауып алған кезде 48 сағаттың ішінде жүргізіледі.

      14. Трансплантаттау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу қайтыс болған адамның денесіне құрметпен және ізгі ықтияттылықпен қарай отырып жүзеге асырылады.

      15. Көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алғаннан кейін орбита облысының түрі және формасы протездерді қолдану, сондай-ақ қабақтарды тігу және бекіту арқылы косметикалық қалпына келтіруге жатады.

      16. Алынған көру ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тіннің бөлігі) стерильді құтыларға салынады, 2,0 миллилитр физиологиялық ерітіндіні құяды. Құтылар қақпақпен жабылады және алынған көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) атауы, консервациялау күні мен донорға берілген нөмір көрсетіліп таңбаланады.

      Трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзалары болмаған кезде патологиялық анатомия қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда (алынған көру тіндері (тіннің бөліктері)) консервацияланған мөлдір қабықты пайдалануға жол беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.10.2022 № ҚР ДСМ-120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Таңбаланған көз қарашығы бар құты мұздатқыш камерасына салынады және Цельсий бойынша + 2 градустан Цельсий бойынша + 4 градусқа дейінгі температурада сақталады.

      18. Көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) дайындау, алу және консервациялау аяқталғаннан кейін алуды жүргізген мамандар Кодекстің 7 - бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша акт толтырады.

      19. Алу туралы актінің бір данасы донорға ресімделген Кодекстің 7 - бабының 31) тармақшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген стационарлық науқастың медициналық картасына жапсырылады және бір-бір данада әрбір көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) бірлігіне қоса беріледі.

      20. Көру ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тіннің бөлігі) дайындау, алу, консервациялау, сақтау және тасымалдаудан кейін трансплантаттау үшін жарамсыз болып танылса, патологиялық - анатомиялық зерттеп - қараудан (диагностикадан) кейін санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы белгіленген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қайта өңделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады