Об утверждении Перечня идентичных товаров для отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 9 ноября 2022 года № 1152. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 ноября 2022 года № 30566

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2023.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень идентичных товаров для отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Утвержден приказом
Заместителя Премьер-Министра
- Министра финансов
Республики Казахстан
от 9 ноября 2022 года № 1152

Перечень идентичных товаров для отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния

Наименование товаров

1.

Бумага для офисного оборудования (формат А4, плотность 80 г/м²)

2.

Ежедневник (формат А5)

      Расшифровка аббревиатур: г/м² – грамм/метр²

Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 1152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30566 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-
Қаржы министрінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1152 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесі

Атауы

1.

Кеңсе жабдықтарына арналған қағаз (А4 форматы, тығыздығы 80 г/м²)

2.

Күнделік (А5 форматы)

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      г/м² – грамм/метр²