О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 31 марта 2020 года № 97 "Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере религиозной деятельности"

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 15 декабря 2022 года № 551. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2022 года № 31129

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 31 марта 2020 года № 97 "Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере религиозной деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных паровых актов под № 20256) следующие изменения:

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых зданий (сооружений), определении их месторасположения", утвержденных указанным приказом:

      в правый верхний угол вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 5 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача решения о перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения)":

      в правый верхний угол вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Комитету по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа предоставление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
Д. Қыдырәлі

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31129 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
4-қосымша";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімнің жобасын келіседі.

      Жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді әзірлейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.

      Қызмет алушыдан қарсылық түскенде, оны қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді не көрсетілетін қызметті алушыға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
5-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі