О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 "Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 28 декабря 2022 года № 347. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2022 года № 31389

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 115 "Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 27705) следующие изменения и дополнение:

      в Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденным указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Инструкция по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан за исключением объектов, осуществляющих деятельность в сфере формирования и развития государственного материального резерва (далее – Инструкция), разработана на основании пункта 1 статьи 10-2 Закона Республики Казахстан "О противодействии терроризму", а также требований к организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2021 года № 305 (далее – Требования).";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Инструкция распространяется на всех лиц, постоянно или временно находящихся на объектах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, его ведомств и территориальных подразделений (Департаментов по чрезвычайным ситуациям, промышленной безопасности, воинских частей гражданской обороны, служб пожаротушения и аварийно-спасательных работ организаций образования гражданской защиты, а также объектов водного хозяйства) (далее – объект Министерства), признанных уязвимыми в террористическом отношении согласно подпунктам 1), 3) и 7) пункта 2 и подпунктам 1) и 5) пункта 3 критериев отнесения объектов к уязвимым в террористическом отношении, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2021 года № 234, за исключением объектов, осуществляющих деятельность в сфере формирования и развития государственного материального резерва.";

      дополнить пунктом 20-1 следующего содержания:

      "20-1. Основными мероприятиями по обеспечению пропускного режима в воинских частях гражданской обороны являются:

      1) круглосуточное несение дежурства на контрольно-пропускных пунктах воинской части;

      2) проверка служебных удостоверений военнослужащих воинской части, документов удостоверяющих личности посетителей;

      3) досмотр военнослужащих воинской части и посетителей, а также осмотр их ручной клади и вносимых предметов. Осмотр личных вещей осуществляется с использованием специального оборудования. В случае срабатывания специальных технических средств контроля, дежурный наряд предлагает посетителю предъявить вещи для визуального осмотра;

      4) допуск посетителей по разовым пропускам. Оформление и выдача разового пропуска посетителям осуществляется дежурным по контрольно-пропускному пункту, только после прибытия военнослужащего ответственного за сопровождение. Разовые пропуска выдаются лицам на одно посещение и действительны в течение их пребывания на территории воинской части;

      5) сопровождение посетителей по территории воинской части;

      6) досмотр транспортных средств с использованием специальных устройств и оборудования. Въезд (выезд) транспортных средств, а также ввоз (вывоз) имущества осуществляется при наличии водительского удостоверения, путевого (маршрутного) листа, нарядов (накладных) на имущество.";

      пункты 31 и 32 изложить в следующей редакции:

      "31. Антитеррористической комиссией координируются профилактические мероприятия, направленные на повышение информированности руководства и сотрудников объектов Министерства, уязвимых в террористическом отношении, за исключением воинских частей гражданской обороны, а именно:

      1) об актуальных угрозах террористического характера;

      2) о нормативной правовой базе Республики Казахстан в сфере противодействия терроризму в части обеспечения антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении;

      3) о создании условий, препятствующих совершению акта терроризма (снижения риска совершения акта терроризма в отношении объекта), а также способствующих минимизации и (или) ликвидации последствий от возможных террористических угроз.

      32. Руководством оперативного штаба по борьбе с терроризмом санкционируются и организуются профилактические мероприятия, осуществляемые путем проведения экспериментов.

      Эксперименты направлены на оценку готовности к первоочередным действиям в случае угрозы террористического характера подразделений охраны объекта.";

      подпункт 2) пункта 57 изложить в следующей редакции:

      "2) объекты второй группы – Департаменты по чрезвычайным ситуациям областей, городов республиканского значения, столицы, а также Департаменты промышленной безопасности, "Академия гражданской защиты" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, воинские части гражданской обороны и Службы пожаротушения и аварийно-спасательных работ, а также курируемые ими пожарные части.".

      2. Комитету по гражданской обороне и воинским частям Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ю. Ильин

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31389 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) – "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар негізінде әзірленді (бұдан әрі – Талаптар).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нұсқаулық, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген объектілерді террористік тұрғыдан осал деп тану өлшемшарттарының 2-тармағының 1), 3) және 7) тармақшаларына және 3-тармағының 1) және 5) тармақшасына сәйкес террористік тұрғыдан осал деп танылған, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің (Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің, азаматтық қорғау білім беру ұйымдарының, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің, сондай-ақ су шаруашылығы объектілерінің) объектілерінде (бұдан әрі – Министрліктің объектісі) тұрақты немесе уақытша болатын барлық адамдарға қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар:

      1) әскери бөлімнің бақылау-өткізу пункттерінде тәулік бойы кезекшілік атқару;

      2) әскери бөлім әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін, келушілердің жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру;

      3) әскери бөлімнің әскери қызметшілері мен келушілерді, сондай-ақ олардың қол жүгін және енгізілетін заттарды қарап-тексеру болып табылады. Жеке заттарды қарап-тексеру арнайы жабдықты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Арнайы техникалық бақылау құралдары іске қосылған жағдайда кезекші наряд келушіге көзбен қарап тексеру үшін заттарын көрсетуді ұсынады;

      4) келушілердің кіруі біржолғы рұқсаттамалар бойынша. Келушілерге біржолғы рұқсаттаманы ресімдеуді және беруді бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші еріп жүруге жауапты әскери қызметші келгеннен кейін ғана жүзеге асырады. Біржолғы рұқсаттамалар адамдарға бір баруға беріледі және олар әскери бөлім аумағында болған кезінде ғана жарамды болады;

      5) келушілерді әскери бөлім аумағы бойынша алып жүру;

      6) арнайы құрылғылар мен жабдықтарды пайдалана отырып, көлік құралдарын тексеріп қарауды қамтиды. Көлік құралдарының кіруі (шығуы), сондай-ақ мүлікті әкелу (әкету) жүргізуші құжаттары, жол (бағыт) парақтары, мүлікке нарядтар (жүкқұжат) болған кезде жүзеге асырылады.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Терроризмге қарсы комиссия Министрліктің террористік тұрғыдан осал объектілері қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды үйлестіреді, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қоспағанда, атап айтқанда:

      1) террористік сипаттағы өзекті қатерлер туралы;

      2) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасы туралы;

      3) терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау қатерін азайту), сондай-ақ ықтимал террористік қатерлерден болатын салдарларды барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін жағдайлар жасау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      32. Жедел штаб басшылығы эксперименттер жүргізу арқылы жүзеге асырылатын профилактикалық іс-шараларға санкция береді.

      Эксперименттер объектіні күзету бөлімшелерінің террористік сипаттағы қаупі төнген жағдайда бірінші кезектегі іс-қимылдарға әзірлігін бағалауға бағытталған.";

      57-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) екінші топтағы объектілер –облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Азаматтық қорғау академиясы", азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері, сондай-ақ олар жетекшілік ететін өрт сөндіру бөлімдері.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті