О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 232 "Об утверждении Методики по формированию показателей статистики научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и инноваций"

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 43. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2022 года № 31503

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 232 "Об утверждении Методики по формированию показателей статистики научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и инноваций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14404) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и с подпунктом 20) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Методике по формированию показателей статистики научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и инноваций утвержденный указанным приказом:

      подпункты 4), 6), 8), 9) и 10) пункта 4 исключить;

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Источники финансирования затрат на НИОКР.

      В соответствии с законодательством Республики Казахстан о науке финансирование научной и научно-технической деятельности из государственного бюджета осуществляется в следующих формах: базовое финансирование, грантовое финансирование, программно-целевое финансирование, финансирование научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования.";

      пункт 17 исключить;

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. При проведении обследования предприятий, осуществляющих научную деятельность, статистическими единицами служат предприятия и организации, осуществляющие научные исследования и разработки.

      Обследование, изучение и анализ показателей в области статистики НИОКР проводится на основе "панели", сформированной по результатам годовых обследований (по тем предприятиям, которые в отчетном году положительно ответили на вопрос о планировании НИОКР в следующем по отношению к отчетному году). Для получения данной "панели", в статистическую форму по статистике науки включен вопрос, согласно которому респондент указывает информацию о том, что он планирует проведение НИОКР в следующем году.";

      часть вторую пункта 20 исключить;

      подпункт 3) пункта 22 исключить;

      пункт 25 дополнить частью второй следующего содержания:

      "В НИОКР технический персонал – работники, служебные обязанности которых, требуют технических знаний и опыта в одной или нескольких областях техники, в естественных, социальных или гуманитарных науках. Они участвуют в НИОКР, выполняя научные и технические задачи, как правило, под руководством научных сотрудников.";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Инновационный статус фирмы определяется на основе ее участия в инновационной деятельности и внедрения одного или нескольких нововведений за период наблюдения в ходе сбора данных.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Инновационные предприятия делятся по типам осуществленных инноваций: продуктовые инновации и инновации бизнес-процессов.

      Продуктовая инновация это новый или улучшенный товар или услуга, которые существенно отличаются от предыдущих товаров или услуг фирмы, которые были представлены на рынок, а инновация бизнес-процессов это новый или улучшенный бизнес-процесс для одного или более бизнес-функций, обеспечивающий получение эффективной и востребованной продукции и конкурентное преимущество.";

      пункт 35 изложить в следующей редакции:

      "35. К основным показателям по статистике инноваций относятся:

      1) количество предприятий, имеющих инновации;

      2) уровень активности в области инноваций;

      3) объем инновационной продукции;

      4) объем реализованной инновационной продукции;

      5) затраты на инновации по источникам финансирования.";

      пункты 41 и 42 исключить;

      в главе 3:

      параграф 3 исключить.

      2. Департаменту статистики услуг и энергетики совместно с Юридическим департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Департаменту статистики услуг и энергетики Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных и территориальных подразделений Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому планированию и
реформам Республики Казахстан
Ж. Шаймарданов

"Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 232 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31503 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемеде:

      4-тармақтың 4), 6), 8), 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындарды қаржыландыру көздері.

      Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады: базалық қаржыландыру, гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.";

      17-тармақ алып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ғылыми қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға зерттеу жүргізу кезінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар статистикалық бірліктер ретінде қызмет атқарады.

      ҒЗТКЖ статистикасы саласындағы көрсеткіштерді зерттеу, зерделеу және талдау жылдық зерттеу нәтижелері бойынша қалыптастырылған "панель" негізінде (есепті жылға қатысты келесі жылы ҒЗТКЖ-ны жоспарлағаны туралы сауалға есепті жылы оң жауап қайтарған кәсіпорындар бойынша) жасалады. Бұл "панельді" алу үшін ғылым статистикасы бойынша статистикалық нысанға респондент келесі жылы ҒЗТКЖ-ны өткізуді жоспарлағаны туралы ақпаратты көрсететін сұрақ енгізілді.";

      20-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      22-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ҒЗТКЖ-дағы техникалық персонал – бұл қызметтік міндеттері техниканың бір немесе бірнеше саласында жаратылыстану, әлеуметтік немесе гуманитарлық ғылымдар салаларында техникалық білім мен тәжірибені қажет ететін қызметкерлер. Олар, әдетте, ғылыми қызметкерлердің басқаруымен ғылыми және техникалық тапсырмаларды орындай отырып ҒЗТКЖ-ға қатысады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Фирманың инновациялық мәртебесі оның инновациялық қызметке қатысуы және деректерді жинау барысында байқау кезеңінде бір немесе бірнеше инновацияны енгізу негізінде анықталады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Инновациялық кәсіпорындар жүзеге асырылған инновациялардың типтері бойынша бөлінеді: өнімдік инновациялар және бизнес-процестер инновациялары.

      Өнімдік инновация бұл фирманың нарыққа шығарылған алдыңғы тауарларынан немесе қызметтерінен айтарлықтай ерекшеленетін жаңа немесе жетілдірілген тауар немесе қызмет, ал бизнес-процестер инновациясы бұл тиімді және сұранысқа ие өнім алуды және бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін бір немесе одан көп бизнес-функциялары үшін жаңа немесе жетілдірілген бизнес-процесс.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Инновациялар статистикасы бойынша негізгі көрсеткіштерге:

      1) инновациясы бар кәсіпорындар саны;

      2) инновация саласындағы белсенділік деңгейі;

      3) инновациялық өнім көлемі;

      4) сатылған инновациялық өнімнің көлемі;

      5) қаржыландыру көздері бойынша инновацияларға шығындар жатады.";

      41 және 42-тармақтар алып тасталсын;

      3-тарауда:

      3-параграф алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
Ж. Шаймарданов