О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 "Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 28 декабря 2022 года № 756. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 января 2023 года № 31606.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 "Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8788) следующие изменения:

      в Правилах использования специальных автоматизированных измерительных средств, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "5) предупреждение, пресечение и автоматизация процесса выявления административных правонарушений, совершаемых в сфере автомобильного транспорта и безопасности дорожного движения на территории Республики Казахстан.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Контроль и мониторинг движения автотранспортных средств на автомобильных дорогах специальным автоматизированным измерительным средством осуществляется в следующем порядке:

      1) автотранспортное средство проезжает через специальное автоматизированное измерительное средство;

      2) в режиме реального времени определяется тип автотранспортного средства, считывается государственный регистрационный номерной знак, определяются весовые и (или) габаритные параметры, производится фото фиксация проезда в количестве 4 штук (вид спереди, вид сбоку, государственный регистрационный номер спереди и сзади);

      3) аппаратно-программный комплекс фиксирует и обрабатывает полученные данные (фото, государственный регистрационный номерной знак, расстояние между осями, скатность колес, общий вес, осевые нагрузки, габаритные параметры, дата и время проезда) для формирования предписания о необходимости уплаты штрафа и устранения нарушения;

      4) при выявлении превышения весогабаритных параметров автотранспортных средств, фотоизображения и информация об автотранспортном средстве сохраняются в ИАС ТБД;

      5) по результатам взвешивания на табло переменной информации (в случае наличия табло), расположенном на доступном для визуального обозрения на месте установки специализированного автоматизированного измерительного средства в целях информирования водителя или перевозчика отображается информация о государственном регистрационном номерном знаке, превышении по осям и общая масса автотранспортного средства.

      При выявлении превышения допустимых весогабаритных параметров, указанного в электронном табло, водитель или перевозчик автотранспортного средства проходит контрольный замер автотранспортного средства на ближайшем посту транспортного контроля или на станции измерения (взвешивания) по маршруту следования;

      6) все функции удаленного мониторинга поступают в Ситуационный центр посредством передачи данных по каналам связи со специального автоматизированного измерительного средства.".

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
К. Ускенбаев

"Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 756 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31606 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау процесінің алдын алу, жолын кесу және автоматтандыру.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен автомобиль жолдарында автокөліктік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) автокөлік құралы арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өтеді;

      2) нақты уақыт режимінде автокөлік құралының түрі анықталады, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылады, салмақтық және (немесе) көлемдік өлшемдері анықталады, жүріп өтудің 4 данада сурет тіркелуі жүргізіледі (алдынан көрініс, бүйірден көрініс, алдынан және артынан мемлекеттік тіркеу нөмірі);

      3) аппараттық-бағдарламалық кешен айыппұл төлеу қажеттілігі мен бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қалыптастыру үшін қабылданған деректерді (сурет, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, біліктер арасындағы қашықтық, доңғалақтардың еңкулігі, жалпы салмағы, білікке түсетін жүктемелер, көлемдік өлшемдері, жол жүру күні мен уақыты) тіркеп, өңдейді;

      4) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерінің артуы анықталған кезде фотобейнелер мен автокөлік құралы туралы ақпарат КДҚ АТЖ-де сақталады;

      5) өлшеу нәтижелері бойынша жүргізушіні немесе тасымалдаушыны хабардар ету мақсатында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы орнатылған жерде визуалды шолу үшін қолжетімді жерде орналасқан ауыспалы ақпарат тақтасында (тақта болған жағдайда) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, біліктер бойынша артуы және жалпы салмағы туралы ақпарат көрсетіледі.

      Электронды тақтада көрсетілген рұқсат етілген салмақтық габариттік параметрлерінің асып кетуі анықталған кезде, автокөлік құралының жүргізушісі немесе тасымалдаушысы көлік бақылауының жақын бекетінде немесе жүру бағыты бойынша өлшеу (өлшеу) станциясында автокөлік құралының бақылау өлшемінен өтеді;

      6) алыстан бақылаудың барлық функциялары Ахуалдық орталыққа арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының байланыс арналары арқылы түседі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен;

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев