О признании утратившим силу решения Каргалинского районного маслихата от 31 мая 2018 года № 239 "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Каргалинского района"

Решение Каргалинского районного маслихата Актюбинской области от 3 февраля 2022 года № 108. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 февраля 2022 года № 26777

      В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Каргалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение Каргалинского районного маслихата "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Каргалинского района" от 31 мая 2018 года № 239 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3-6-164) .

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Каргалинского
районного маслихата
С. Аманжолов

Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 "Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 108 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26777 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарғалы аудандық мәслихатының "Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл,көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-164 болып тіркелеген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Аманжолов