Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 22 маусымда № 3-6-164 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 03.02.2022 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және 39–3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қарғалы ауданында елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ж. Кольжанов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Н. Заглядова

  Қарғалы аудандық мәслихатының
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 239 шешіміне
1 қосымша

Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39–3 бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Қарғалы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарғалы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Қарғалы аудандық мәслихатының
2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 шешіміне
2 қосымша

Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

р/с №

Қарғалы ауданының елді мекенінің атауы

Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Бадамша ауылдық округі

1.

Бадамша ауылы

26

Әлімбет ауылдық округі

2.

Әлімбет ауылы

6

3.

Шандыаша ауылы

1

Ащылысай ауылдық округі

4.

Ащылысай ауылы

7

5.

Бозтөбе ауылы

2

6.

Ақкөл ауылы

1

7

Преображеновка ауылы

1

Степной ауылдық округі

8.

Степной ауылы

4

9.

Қайрақты ауылы

2

10.

Мамыт ауылы

1


Первомайка ауылы

1

Кемпірсай ауылдық округі

11.

Кемпірсай ауылы

1

12.

Жосалы ауылы

4


Қарабұтақ ауылы

1

Велихов ауылдық округі

13.

Велихов ауылы

2

14.

Ақжайық ауылы

2

Қос Естек ауылдық округі

15.

Қос Естек ауылы

9

16.

Сарыбұлақ ауылы

1

Желтау ауылдық округі

17.

Петропавл ауылы

8

18.

Ш.Қалдаяқов ауылы

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады