О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 31 января 2020 года № 60/521-6с "Об утверждении Правил благоустройства территории города Шымкент"

Решение маслихата города Шымкент от 12 августа 2022 года № 20/178-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 августа 2022 года № 29259

      Маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Шымкент "Об утверждении Правил благоустройства территории города Шымкент" от 31 января 2020 года № 60/521-6с (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 85) следующие изменения:

      в Правилах благоустройства территории города Шымкент, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила благоустройства территории города Шымкент (далее – Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (Особенная часть), Земельным кодексом Республики Казахстан, Экологическим кодексом Республики Казахстан (далее – Экологический кодекс), Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Законами Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон), "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10886) и иными нормативными правовыми актами.";

      в пункте 3:

      подпункты 5), 7), 10) изложить в новой редакции:

      "5) газон - элемент благоустройства (участок земли), включающий в себя травянистый покров и другие растения, огражденный от тротуара, парковочных карманов, стоянок и иных элементов дороги бордюрным камнем и (или) декоративным ограждением;";

      "7) обращение с отходами – виды деятельности, связанные с отходами, включая предупреждение и минимизацию образования отходов, учет и контроль, накопление отходов, а также сбор, переработку, утилизацию, обезвреживание, транспортировку, хранение (складирование), удаление отходов и иные действия связанные с ними;";

      "10) отходы производства (производственные отходы) – остатки сырья, материалов, веществ, изделий, предметов, образовавшиеся в процессе производства продукции, выполнения работ (услуг) и утратившие полностью или частично исходные потребительские свойства;";

      в подпункт 15) в тексте на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не изменяется;

      в пунктах 26, 27, 39, 66 и 69 в тексте на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не изменяется;

      пункт 70 изложить в новой редакции:

      "70. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта в соответствии с требованиями пункта 22 Санитарных правил "Санитарно – эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения", утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 марта 2015 года № 183 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10796) и пунктов 55, 56, 57 и 58 Санитарных правил "Санитарно – эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления", утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21934).".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата
      города Шымкент Б. Нарымбетов

"Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/178-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29259 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шымкент қаласының абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Экология кодексі), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.";

      3-тармақта:

      5), 7), 10), 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) көгал – шөп жамылғысы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын, тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен жиектас таспен және (немесе) әшекейлі қоршаумен қоршалған абаттандыру элементі (жер учаскесі);";

      "7) қалдықпен жұмыс істеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтарды жинақтауды, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (қоймаға жинауды), жоюды қоса алғанда қалдықтармен байланысты қызмет түрлері және олармен байланысты өзге де іс-қимылдар;";

      "10) өндіріс қалдықтары (өндірістік қалдықтар) – өнімді өндіру, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау процесінде пайда болған және өздерінің бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің қалдықтары;";

      "15) уәкілетті орган - Шымкент қаласының әкімдігінің қала аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты функцияларды орындауға уәкілеттік берген мемлекеттік орган;", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Көше мен өту жолдары бойынша орналасқан немесе жол жағынан газонмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіреберісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан тротуарларды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ тротуарларды тазарту жұмыстары өту жолының бөлігін жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізіледі.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Көпірлердегі, жол желілеріндегі тротуарларды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды (кіреберістер) тазарту осы құрылғылардың иелерімен және жерүсті инженерлік құрылғыларды пайдаланатын ұйымдармен жүргізіледі.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      39-тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жүру бөлігіне, орам ішіндегі өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілерінен тазартылған қарды лақтыруға немесе жылжытуға;", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "66. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Экология кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығаруы тиіс.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      69-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "69. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Экология кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      70-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "70. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22–тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58–тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.".

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов