О внесении изменений и дополнений в решение Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Ескельдинском районе"

Решение Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 10 ноября 2022 года № 39-132. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 ноября 2022 года № 30506

      Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Ескельдинского районного маслихата "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Ескельдинском районе" от 27 августа 2020 года № 68-387 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5641) следующие изменения :

      пункты 1, 2 указанного решения изложить в новой редакции:


      "1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2.Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе согласно приложению 2 к настоящему решению.";

      указанное решение дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1.Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Ескельдинском районе согласно приложению 3 к настоящему решению.".

      приложения 1, 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложениям 1, 2 к настоящему решению.

      Указанное решение дополнить приложением 3 согласно приложению 3 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Ескельдинского районного маслихата К. Сатанов

  Приложение 1 к решению маслихата Ескельдинский районный маслихат от 10 ноября 2022 года № 39-132
  Приложение 1 к решению Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе:

      1. Площадь, село Карабулак, улица М.Ауэзова, 33а.

      2. Площадь, село Карабулак, улица Балпық би, 55.

      3. Маршрут следования для проведения мирных собраний: село Карабулак, от пересечения улиц Даирова и Оразбекова по улице Даирова, до пересечения улиц Даирова и Сыргабаева.

  Приложение 2 к решению маслихата
  Приложение 2 к решению Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      2. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Ескельдинском районе:

      1) площадь, село Карабулак, улица М.Ауэзова, 33а, норма предельной заполняемости 300 человек;

      2) площадь, село Карабулак, улица Балпық би, 55, норма предельной заполняемости 100 человек;

      3) маршрут следования для проведения мирных собраний: село Карабулак, от пересечения улиц Даирова и Оразбекова по улице Даирова, до пересечения улиц Даирова и Сыргабаева, норма предельной заполняемости 250 человек.

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени Ескельдинского района в день проведения мирных собраний.

 
  Приложение 3 к решению
  Приложение 3 к решению Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в Ескельдинском районе

      На территории Ескельдинского района не допускается проведение пикетирования ближе 400 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 "Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 қарашадағы № 39-132 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 14 қарашада № 30506 болып тіркелді

      Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:


      "1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.";

      көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.".

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Көрсетілген шешім осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы К. Сатанов

  Ескелді аудандық мәслихаты 2022 жылғы 10 қарашадағы № 39-132 Мәслихаттың шешіміне 1 қосымша
  Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 шешіміне 1 қосымша

Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а.

      2. Алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін.

  Мәслихаттың шешіміне 2 қосымша
  Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 шешіміне 2 қосымша

Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а, шекті толу нормасы 300 адам;

      2) алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 250 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ескелді ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Мәслихаттың шешіміне 3 қосымша
  Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 шешіміне 3 қосымша

Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескелді ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.