Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченным возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Майском районе

Решение Майского районного маслихата Павлодарской области от 13 апреля 2022 года № 2/14. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2022 года № 27773.

      Сноска. Заголовок - в редакции решения Майского районного маслихата Павлодарской области от 23.12.2022 № 4/23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Майский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Майском районе, согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Майского районного маслихата Павлодарской области от 23.12.2022 № 4/23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Майского районного маслихата Г. Арынов

  Приложение
к решению Майского
районного маслихата
от 13 апреля 2022 года
№ 2/14

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Майском районе

      Сноска. Приложение - в редакции решения Майского районного маслихата Павлодарской области от 23.12.2022 № 4/23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Майском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ" акимата Майского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен восьми месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежеквартально в течение учебного года.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Майского районного маслихата Павлодарской области от 11.07.2024 № 2/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к правилам возмещения затрат.

Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 2/14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27773 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 23.12.2022 № 4/23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 23.12.2022 № 4/23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық маслихатының хатшысы Г. Арынов

  Май аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
13 сәуірдегі № 2/14
шешіміне қосымша

Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 23.12.2022 № 4/23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі -Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде Май ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде тоқсан сайын әрбір мүгедектігі бар балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 11.07.2024 № 2/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.