О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 29 марта 2022 года № 70 "Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений (за исключением органических) и нормы субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, а также объемы бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2022 год"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 30 декабря 2022 года № 292. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2022 года № 31515

      Акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 29 марта 2022 года № 70 "Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений (за исключением органических) и нормы субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, а также объемы бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2022 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 27267) следующее изменение:

      приложение 2 к указанному постановлению изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление сельского хозяйства и земельных отношений акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на Интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Северо-Казахстанской области по курируемым вопросам.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Северо-Казахстанской области А. Сапаров

  Приложение
  к постановлению акимата
  Северо-Казахстанской области
  от 30 декабря 2022 года № 292
  Приложение 2
  к постановлению акимата
  Северо-Казахстанской области
  от 29 марта 2022 года № 70

Объемы бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2022 год

Наименование области

Объем субсидии, тенге

1

Северо-Казахстанская область

11 682 000 000,00


Всего

11 682 000 000,00


"2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31515 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27267 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Сапаров

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 292 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 29 наурыздағы
  № 70 қаулысына
  2-қосымша

2022 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері

Облыстың атауы

Субсидиялар көлемі, теңге

1

Солтүстік Қазақстан облысы

11 682 000 000,00


Барлығы

11 682 000 000,00