Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2022 год на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области

Решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 4 марта 2022 года № 15-4. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 марта 2022 года № 27104

      В соответствии с подпунктом 2-10) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" маслихат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания с 1 января по 31 декабря 2022 года включительно.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Е. Адильбеков

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 15-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27104 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы Е. Адильбеков