О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима сельского округа Кумкент Созакского района от 20 апреля 2022 года № 14 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Кумкентского сельского округа Созакского района Туркестанской области от 29 июня 2022 года № 20. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июня 2022 года № 28647

      В соответствии с пунктом 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", с пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" и на основании представление главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Созакского района Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июня 2022 года № 08-02-07/113, РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллез снять ограничительные мероприятия, установленные по улице К.Берденулы сельского округа Кумкент Созакского района.

      2. Признать утратившим силу решение акима сельского округа Кумкент Созакского района от 20 апреля 2022 года № 14 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 27787).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа Ғ. Пәрдебекұлы

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 14 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 маусымда № 28647 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 08-02-07/113 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі К.Берденұлы көшесінде бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 14 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27787 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Ғ. Пәрдебекұлы