Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 29.06.2022 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 08-02-07/69 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Түркістан облысының Созақ ауданы Құмкент ауылдық округінің Қ.Берденұлы көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құмкент ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушысы | Б. Әбішов |