О внесении изменения в решение акима Бокейординского района от 2 ноября 2020 года № 14 "Об образовании избирательных участков на территории Бокейординского района"

Решение акима Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 18 ноября 2022 года № 6. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 ноября 2022 года № 30601

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение акима Бокейординского района "Об образовании избирательных участков на территории Бокейординского района" от 2 ноября 2020 года № 14 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6465) следующее изменение:

      в приложении 1 к указанному решению:

      избирательный участок № 53, изложить в новой редакции:

      "Избирательный участок № 53

      Местонахождение: село Сайхин, улица Т.Жарокова, дом 2, здание государственного коммунального казенного предприятия "Бокейординский районный центр досуга Бокейординского районного отдела культуры".

      Граница: село Сайхин, улицы М.Бегалиевой, С.Сейфуллина, А.Оразбаевой, А.Молдагуловой, Т.Масина, Жамбыла, М.Маметовой, М.Насимуллина, Жангелдина, Алаш Орда, Тауелсиздик, Астана.".

      2. Руководителю аппарата акима Бокейординского района обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата акима Бокейординского района.

      4. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Бокейординского района Н. Даумов

      СОГЛАСОВАНО"
Бокейординская районная территориальная
избирательная комиссия

Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2022 жылғы 18 қарашадағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30601 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында:

      № 53 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 53 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 2 үй, "Бөкейордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкейордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Сайқын ауылы, М.Бегалиева, С.Сейфуллин, А.Оразбаева, А.Молдағұлова, Т. Масин, Жамбыл, М.Мәметова, М.Насимуллин, Жангелдин, Алаш Орда, Тәуелсіздік көшелері, Астана.".

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Даумов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөкей ордасы аудандық аумақтақтық
сайлау комиссиясы