О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 361 "Об установлении предельных цен на розничную реализацию нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 января 2023 года № 7. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 января 2023 года № 31669

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 10.01.2023

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 361 "Об установлении предельных цен на розничную реализацию нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11165) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Установить предельные цены на розничную реализацию нефтепродуктов через стационарные автозаправочные станции, на которые установлено государственное регулирование цен в следующем размере с учетом налога на добавленную стоимость:

      1) бензин марки Аи-80 – 89 тенге за литр;

      2) бензин марки Аи-92 и Аи-93:

      в Костанайской, Северо-Казахстанской областях – 187 тенге за литр;

      в городах Астана, Алматы, Шымкент, в Акмолинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Карагандинской, Кызылординской, Павлодарской, Туркестанской, Мангистауской областях, а также в областях Абай, Жетісу, Ұлытау – 182 тенге за литр;

      3) дизельное топливо (летнее, межсезонное) – 450 тенге за литр;

      в Акмолинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Костанайской, Северо-Казахстанской областях, а также в области Абай:

      при предъявлении водительского удостоверения, выданного в Республике Казахстан, в объеме до 100 литров в сутки – 260 тенге за литр;

      при предъявлении свидетельства о регистрации транспортного средства на грузовые, специальные, специализированные автомобили и автобусы, выданного в Республике Казахстан, в объеме до 300 литров в сутки – 260 тенге за литр;

      в городах Астана, Алматы, Шымкент, в Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Карагандинской, Кызылординской, Павлодарской, Туркестанской, Мангистауской областях, а также в областях Жетісу, Ұлытау:

      при предъявлении водительского удостоверения, выданного в Республике Казахстан, в объеме до 100 литров в сутки – 230 тенге за литр;

      при предъявлении свидетельства о регистрации транспортного средства на грузовые, специальные, специализированные автомобили и автобусы, выданного в Республике Казахстан, в объеме до 300 литров в сутки – 230 тенге за литр.".

      2. Департаменту транспортировки и переработки нефти Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 10 января 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Б. Акчулаков

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қаңтарда № 31669 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада тұрақты автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:

      1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

      2) Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин:

      Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 литр үшін 187 теңге;

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 182 теңге;

      3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге;

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында:

      Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 260 теңге;

      жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 260 теңге;

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

      Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 230 теңге;

      жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 230 теңге.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі