О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 "Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 февраля 2023 года № 21. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 февраля 2023 года № 31845

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 "Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15361) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах и сроках исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование, утвержденных приложением 1 к указанному приказу:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Плательщиками отчислений на ОСМС являются работодатели, включая иностранные юридические лица, осуществляющие деятельность в Республике Казахстан через постоянное учреждение, а также филиалы, представительства иностранных юридических лиц, исчисляющие (удерживающие) и перечисляющие отчисления и взносы в фонд в порядке, установленном статьей 30 Закона и настоящими Правилами, в том числе работодатели, применяющие специальные налоговые режимы и осуществляющие уплату отчислений в фонд в рамках единого платежа, установленного статьей 776-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 27 Закона от уплаты отчислений на ОСМС освобождаются работодатели за:

      1) детей;

      2) лиц, находящихся в отпусках в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей), по уходу за ребенком (детьми) до достижения им (ими) возраста трех лет;

      3) получателей пенсионных выплат, в том числе ветераны Великой Отечественной войны;

      4) многодетных матерей, награжденных подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получивших ранее звание "Мать-героиня", а также награжденных орденами "Материнская слава" I и II степени;

      5) лица с инвалидностью;

      6) лиц, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего образования, а также послевузовского образования;

      7) военнослужащих;

      8) сотрудников специальных государственных органов;

      9) сотрудников правоохранительных органов.";

      пункт 4 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:

      "2-1) лица, являющиеся работниками субъектов микро и малого предпринимательства, применяющих специальные налоговые режимы и осуществляющих уплату взносов в фонд в рамках единого платежа, установленного статьей 776-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Исчисление (удержание) отчислений и (или) взносов работников, в том числе государственных и гражданских служащих осуществляются работодателем ежемесячно.

      Отчисления работодателей, подлежащие уплате в фонд, исчисляются в соответствии с пунктами 1 и 1-1 статьи 27 Закона.

      Взносы работников, в том числе государственных и гражданских служащих, а также физических лиц, получающих доходы по договорам гражданско-правового характера, подлежащие уплате в фонд, исчисляются в соответствии с пунктами 1 и 1-1 статьи 28 Закона.

      Работодатель предоставляет работнику сведения об исчисленных (удержанных) отчислениях и (или) взносах в фонд при ежемесячном извещении о составных частях заработной платы, причитающейся ему за соответствующий период.";

      дополнить пунктом 24-1 следующего содержания:

      "24-1. Плательщики единого платежа уплачивают отчисления и взносы в фонд в сроки, установленные статьей 776-4 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).".

      2. Департаменту координации обязательного социального медицинского страхования Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения Республики Казахстан А. Ғиният

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 ақпанда № 31845 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнаулы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.";

      Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс берушілер:

      1) балалар;

      2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      3) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) мүгедектігі бар адамдар;

      6) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар;

      7) әскери қызметкерлер;

      8) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      9) құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС-ке аударымдар төлеуден босатылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнайы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

      "16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.

      Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1 және 1-1 тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1 және 1-1-тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезең үшін тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлаған кезде Қорға есептелген (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Бірыңғай төлем төлеушілер қорға аударымдар мен жарналарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының белгіленген мерзімдерде төлейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният