Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15361 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.09.2019 № ҚР ДСМ-123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылатын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінің 9, 10, 11, 12, 13-тармақтарын және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтар аралығында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қағидалардың 27-тармағының 4), 5) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі______________Д. Абаев

      30 маусым 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі_____________Б. Сұлтанов

      10 шілде 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 478 бұйрығына
1-қосымша

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.09.2019 № ҚР ДСМ-123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) жарналар – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      7) жеке көмекші – қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;

      8) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      9) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС жүйесі) – МӘМС жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

      10) жұмыс істемейтін адам (осы Қағидаларға қолданылады) – кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адам;

      11) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.08.2023 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнаулы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.

      Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс берушілер:

      1) балалар;

      2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      3) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) мүгедектігі бар адамдар;

      6) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар;

      7) әскери қызметкерлер;

      8) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      9) құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС-ке аударымдар төлеуден босатылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. МӘМС-ге жарналарды төлеушілер:

      1) мемлекет;

      2) жұмыскерлер, әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

      2-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнайы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар;

      3) дара кәсіпкерлер;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      6) мыналарды:

      осы тармақтың 2), 5) және 7) тармақшаларында;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтарынан басқа (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар), осы тармақтың 4) тармақшасында көрестілген, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары;

      7) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

      8) жеке көмекшілер.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.08.2023 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      9) мыналарды:

      осы тармақтың 2), 8) және 10) тармақшаларында;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;";

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтарынан басқа (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар), осы тармақтың 4) тармақшасында көрестілген, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары;

      10) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.02.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылады.

      6. Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналардан төлеуден:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдар;

      2) әскери қызметшілер;

      3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

      11) жұмыс істемейтін қандастар;

      12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

      13) мүгедектігі бар адамдар;

      14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

      15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.

      10. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.

      11. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға әрбір ай үшін жарналар төлеуден босатылмайды.

      Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлемеген адамдар қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуді жүзеге асырады, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.

      Егер кезең төленбеген кезеңді есептеу кезіндегі кезең Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген сәтті қамтыса, есептелген төленбеген кезеңге енгізілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. Қорға жарналар төлемеген дербес төлеушілер МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға Заңның 5-бабының 3-2 тармағында көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жарналар төлейді.

      Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 612 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2022 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Салық агенттері МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы, оның ішінде артық (қате) төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетті атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес сақтауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) тәртібі мен мерзімдері

      15. Қорға төлеуге жататын аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес ай сайын есептеледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.04.2020 № ҚР ДСМ-33/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.

      Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1 және 1-1 тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1 және 1-1-тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезең үшін тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлаған кезде Қорға есептелген (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.08.2023 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына (бұдан әрі - № 224 қаулы) 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке практикамен айналысатын адамдар және микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері және № 224 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын, олар бойынша төлеу (аудару) мерзімі № 224 қаулыға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ставкаларына "0" түзету коэффициентін қолданатын ірі кәсіпкерлік субъектілері жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, қызметкерлердің тізімдерін қордың ақпараттық жүйесіне жібереді.

      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2020 № ҚР ДСМ-99/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады). Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленеді.

      Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 1,4 еселенген ең төменгі мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

      Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс кеткен азаматтардың, сондай-ақ дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды салық кезеңінің әрбір айы үшін дербес немесе үшінші тұлға олардың пайдасына жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-1. Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

      Ескерту. 2-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай жеке тұлғалардың кірістер есебінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған салық агенттері жүзеге асырады.

      Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаның жарналары осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған, жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).

      Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-1. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес материалдық игіліктерді төлеген кезде жүзеге асырады.

      Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке көмекшінің жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден есептеледі (ұсталады).

      Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

      Ескерту. Қағида 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.08.2023 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналары Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).

      Жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) олар дербес немесе үшінші тұлға оның пайдасына жүзеге асырады.

      Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алатын, зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылмайтын отставкадағы судьялардың жарналарын есептеуді Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үшінші тұлға ретінде салық кезеңінің әрбір айы үшін олардың пайдасына жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.04.2020 № ҚР ДСМ-33/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      22.Қорға аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу тәртібі мен мерзімдері

      23. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.

      24. Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

      Ақылы еңбек демалысының ұзақтығы бір немесе одан да көп күнтізбелік ай кезеңін қамтитын кірістерді есептеу (ұстап қалу) кезінде аударымдар мен жарналар айларға бөліне отырып, демалыс күндерінің санына барабар демалыс кезеңін қамтитын біржолғы кірістің есепке жазылған сомасымен аударылады.

      Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аударылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2024 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Бірыңғай төлем төлеушілер қорға аударымдар мен жарналарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының белгіленген мерзімдерде төлейді.

      Ескерту. 3-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын қорға аударуды жүзеге асырады.

      25-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке көмекшілердің жарналарын аударуды осындай шарттар жасалған заңды тұлғалар ай сайын Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.08.2023 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Дербес төлеушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Есептелген (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:

      1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

      3) патенттің негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – патент құнын төлеу үшін Салық кодексінің 685-тармағында көзделген мерзімде;

      4) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

      5) мемлекет – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабымен айқындалған тәртіппен, ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде аударады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      28. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Заңның 30-бабының 3-1-тармағына сәйкес дербес төлеушілер қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен ілесіп жүретін жұбайының (ілесіп жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша еркін нысанда жасалатын Мемлекеттік корпорация арқылы кейіннен қорға аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу арқылы жүргізіледі.

      30-1. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алатын, зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылмайтын отставкадағы судьялардың жарналарын төлеуді Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үшінші тұлға ретінде олардың пайдасына соттардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат есебінен жүргізеді.

      Ескерту. 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.04.2020 № ҚР ДСМ-33/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Аударымдарды және (немесе) жарналарды, оның ішінде берешектерді аудару Мемлекеттік корпорацияға жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация аударымдар және (немесе) жарналарды жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда); аударымдар және (немесе) жарналар сомасы; және (немесе) жарналар төленетін кезең (жыл,ай) көрсетіле отырып қорға аударады.

      Аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді төлеушілер қағаз жеткізгіштерде жасалатын еркін төлем тапсырмаларында "Төлемнің мақсаты" бағанында, ал электрондық форматта жіберілген еркін төлем тапсырмаларында нысанда көзделген "ААЖЖЖЖ" жеке жолағында көрсетеді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Төлеушiлер Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғалар тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.

      33. Банктердің Мемлекеттік корпорацияға аударуы жеке сәйкестендіру нөмірін; тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда); аударымдар және (немесе) жарналар төленетін жеке тұлғалар, аударымдар және (немесе) жарналар, аударымдар және (немесе) жарналар сомалары, Кезең (Жыл, ай) төленетін жеке тұлғалар аударымдар және (немесе) жарна сомасы, кезең (жыл, ай) көрсетілген жиынтық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Мемлекеттік корпорация бір мезгілде Қағидалардың 33-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, қорға жиынтық төлем тапсырмасын электрондық тәсілмен жібереді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Төлеушілердің берешекті аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында және төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында айқындалған знысан бойынша кезеңге (жылға, айға, айларға) жиынтық төлем тапсырмасымен жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген).

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Дербес төлеушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын оларды кейіннен Мемлекеттік корпорацияның шотына аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшамен төлеуге рұқсат беріледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Мемлекеттік корпорация жеке сәйкестендіру нөмірлерінің базасында аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді жүзеге асырады және мемлекеттік кіріс органдарымен аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүргізеді, аударымдар және (немесе) жарналар төленген жеке тұлғалардың дерекқорын және Заңмен айқындалған өзге де функцияларды актуалдандырады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар сомасы түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде жиынтық төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады.

      Мемлекеттік корпорация қайтаруды жүзеге асырады:

      1) ЖСН көрсетілмеген және (немесе) деректемелерінде қателіктер жіберілген жеке тұлғалар бойынша төлеушіге жарналар мен аударымдар;

      2) төлеушіге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен асатын аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісінен жеке тұлға үшін аударымдар мен жарналар сомасы төленген жағдайда;

      3) көрсетілген аударымдарды төлеуден босатылған адамдар үшін төлеушіге жарналар мен аударымдар) Заңның 26 - бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12), 13 тармақшаларында;

      4) өз пайдасына төлеген дербес төлеушілерден, жеке кәсіпкерлерден және жеке практикамен айналысатын тұлғалардан аударымдар;

      5) жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, дербес төлеушілердің пайдасына үшінші тұлғалардан аударымдар;

      6) Заңның 28-бабына сәйкес белгіленген төлем мөлшерінен төмен мөлшерде төленген дербес төлеушілердің жарналары;

      7) дербес төлеушілердің, жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың өз пайдасына, сол кезең үшін қайта төленген жарналары;

      8) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қандастарды және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жарналар мен аударымдар.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару мынадай тәртіппен тиындарды дөңгелектеуді ескере отырып, теңгеде жүргізіледі:

      50 тиынға дейінгі сома 0 теңгеге дейін дөңгелектенеді;

      50 тиыннан жоғары сома 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      40. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      41. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      42. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      43. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      44. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      45. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар (бұдан әрі – жарналар төлеуден босатылған адамдар) санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 46-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді (бұдан әрі - өтінім) Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Уәкілетті орган өтінімнің негізінде есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен қордың шотына аударуды жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган ақша қаражатын аударғаннан кейін жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен көлемін көрсете отырып, ақпаратты қорға жібереді.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 47-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналарына есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нақты қажеттілікке сәйкес ақша қаражатының жетіспейтін сомасын аударуды уәкілетті орган төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 48-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Қор ай сайын Мемлекеттік корпорацияға уәкілетті органнан жарналар төлеуден босатылған адамдар санаттары бөлінісінде мемлекеттің жарналарын алу туралы хабарламаны ақпараттық жүйе арқылы жібереді.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 49-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан

Өтiнiш

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
  Нысан

Анықтама-растама

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

  Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
бойынша аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін мемлекеттік жарналар түріндегі бюджет қаражатының қажеттілігіне өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-Қ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есептік кезең: _____20__ж

      өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.

      ЖСН/БСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

      *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.

Мекеме 226

Бағдарлама 002

Кіші бағдарлама

Ерекшелігі 361

Төлем түрі

Жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны (нақты деректер)

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9





"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түріндегі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына нысаналы жарна









оның ішінде:









балалар









жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;









жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;









МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;









мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;









бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;









тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;









жұмыс істемейтін қандастар;









"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;









мүгедектігі бар адамдар;









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;









мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтін адамдар









Жалпы





      Атауы: ________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушының тегі және телефоны _________________________________

      Басшы _________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр орны

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинау нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "20_ жылғы __________ (бір айға) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттік жарналар түріндегі бюджет қаражатының қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)"

      (индекс – 1-Қ, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "20_ жылғы __________ (бір айға) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттік жарналар түріндегі бюджет қаражатының қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда 226-мекеме көрсетіледі;

      2. 2-бағанда 002 бағдарламасы көрсетіледі;

      3. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;

      4. 4-бағанда 361 ерекшелігі көрсетіледі;

      5. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;

      6. Кестенің 6-бағанында жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);

      7. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;

      8. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақысы, теңге көрсетіледі.

      9. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 478 бұйрығына
2-қосымша

Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Бұйрық қағидалармен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.03.2025 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек алуға құқығын беретін ақша;

      3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) белгіленген тәртіппен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – қор);

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) жарналар – МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін ақша;

      7) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);

      8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

      9) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекминінің ААЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйе;

      10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – қор активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      11) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – МӘМС туралы Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға;

      12) электрондық өтініш – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанында МӘМС аударымдарын, жарналарын және (немесе) жарналарын уақтылы және(немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және(немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын қайтаруға арналған өтініш;

      13) "Электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітілген "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      14) "Электрондық үкімет" веб-портал – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      16) "Saqtandyrý" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Saqtandyrý" АЖ) –медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін автоматтандырылған режимде айқындайтын ақпараттық жүйе.

      3. Осы Қағидаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті мемлекеттік орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы", "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы мен ведомствосын өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

2-тарау. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібі

      4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару (бұдан әрі – қызмет) мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) төлеуші немесе банк екі немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударғанда;

      2) артық есептелгенде (ішінара қайтару);

      3) жарналарын мемлекет төлейтін "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 7-тармағына сәйкес аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате төленгенде;

      4) төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмегенде;

      5) алушының деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), төлем жүргізілген кезең дұрыс көрсетілмеген;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ қандастарды және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін қате аударылғанда.

      5. Үшінші тұлғалар өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.

      6. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру үшін талап қою мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 178-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      7. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы МӘМС аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын мынадай тәсілдердің бірімен қайтару туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді:

      1) "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияға қағаз жеткізгіш түрінде беріледі.

      8. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес.

      9. Өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      10. Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес пайдасына МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары жүргізілген тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтінішті қоса береді.

      11. Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкестігін тексереді, МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеу фактісін растайды, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қоса бере отырып, электрондық өтінімді қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      13. Көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы төлеушінің сұрау салынатын деректерін, МӘМС МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды артық (қате) төленген төлем деректемелерін, сондай-ақ МӘМС жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша ТАӘ, ЖСН, соманы және қайтару кезеңін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес енгізеді.

      Төлеуші өтініш берген кезде пайдасына МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары жүргізілген тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтінішке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес порталдың жеке кабинетінде қол қойылады.

      14. Портал арқылы қалыптастырылатын құжаттары бар электрондық өтініш мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде төлеушінің порталда көрсетілген деректемелерінің МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар төленген жиынтық төлем тапсырмасының деректемелеріне сәйкестігі бойынша тексеруден өтеді.

      Төлеуші портал арқылы өтініш берген кезде өтінімге басшының не төлемді өз пайдасына жүзеге асырған тұлғаның ЭЦҚ-ы қойылады.

      Порталдағы деректер сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтініші(-тері) "Saqtandyrý" АЖ-не түседі. "Saqtandyrý" АЖ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ҚР Еңбекминінің ААЖ және электрондық өтінішті тіркеу туралы хабарламаны қалыптастырады және жібереді.

      15. Салық төлеушілер туралы ақпаратты (тіркеу, тоқтата тұру, ұзарту, ұзарту) алу салық түсімдері мен бюджетке төленетін төлемдерді қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.

      16. Қызметті портал арқылы алған кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде МӘМС артық (қате) есепке жатқызылған ударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару (қайтарудан бас тарту) қаралады және жүзеге асырылады.

      17. Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде берілген құжаттарды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, оның ішінде Мемлекеттік корпорацияда 5 (бес) жұмыс күні, қорда қарау және қайтару туралы шешім қабылдау үшін 7 (жеті) жұмыс күні, 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның қаражатты аударуына беріледі.

      Портал арқылы берілген құжаттарды қарау мерзімі – 10 (он) жұмыс күнін, оның ішінде қарау және қайтару немесе бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Қорға 7 (жеті) жұмыс күнін, Мемлекеттік корпорацияның қаражат аударуына 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген.

      19. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аудару немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтарудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      20. Кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аудару туралы өтініштер бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсетуші жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады және ақша аударуды жүзеге асырады.

      21. Мемлекеттік корпорация төлем тапсырмасын қалыптастырады және үш операциялық күн ішінде артық (қате) есептелген аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын төлеушіге аударады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорация – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы – 10 (он) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қор оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуы немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын төлеушіге қайтарудан дәлелді бас тартуы.

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу графигі

1) Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республиканың Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа;
2) Портал – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
төлеуші қайтаруға өтініш берген кезде Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес пайдасына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға өтініш берген кезде келісім беру туралы өтініш.
2) портал арқылы сұрау салу кезінде:
өтініш;
төлеуші қайтаруға пайдасына жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) енгізілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде немесе электрондық нысанда көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры"
коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
Басқармасының төрағасына

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару туралы өтініш

      _________________________________________________________________

      (төлеушінің атауы)

      Төлем тапсырмасымен аударылған артық (қате) төленген аударымдар, жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтаруды сұраймын:

      20_____ж. "___" ______________ №_______________

      Төлеушінің БСН/ЖСН ______________________,

      төлемнің жалпы сомасы ___________________________________________,

      қайтарудың жалпы сомасы _________________________________________,

ЖСН

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кезең

Төленген сома

Қайтару сомасы

1






      Кейінгі төлемдерді түзету мынадай себеппен мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):

      1) төлеуші немесе банк бір немесе бірнеше төлем тапсырмаларының негізінде екі немесе одан да көп рет "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шотына қате аударғанда;

      2) артық есептелген (ішінара қайтару);

      3) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 7-тармағына сәйкес жарналарын мемлекет төлейтін аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате төленген;

      4) төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмеген;

      5) алушының деректемелері (ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), төлем жүргізілген кезең дұрыс көрсетілмеген;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қандастарды және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін қате аударылған.

      Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді (қажеттісін белгілеуді) сұраймыз:

      ☐ бұрын аударымдар жүргізілген банктік деректемелерге;

      ☐ банктік деректемені ауыстырған кезде мынадай деректемелерді (ағымдағы шоттың болуы туралы анықтама) толтыру қажет:

      Төлеушінің атауы:_______________________________________________

      БСН (ЖСН): ____________________________________________________

      Төлеушінің БСК:_________________________________________________

      Банктің атауы:___________________________________________________

      Төлеушінің ЖСК (IBAN):_________________________________________

      (банктік шоттың 20 таңбалы нөмірі)

      Қосымша: аударымдарды және (немесе) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғадан (заңды тұлғалар, салық агенттері және үшінші тұлғаның пайдасына төлеген төлеушілер үшін) сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Төлеуші: ___________________________________ _________

      (Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)

      Бас бухгалтер (бар болса) ___________________ ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Мекенжайы: _____________________________________________________

      Электронды пошта: ______________________________________________

      Байланыс телефоны +7 ____________________

      Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылады және мөрмен расталады (бар болса) (факсимильді қол қоюға жол берілмейді).

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе)
толық төлемегені үшін
өсімпұлдың артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары және (немесе) жарналары төленген тұлғадан (тұлғалардан) сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш

      Мен (біз), ________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)

      ЖСН _________________________

      __________ (жыл, ай) кезеңі (дері) бойынша __________ соманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленген артық (қате) есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың менің пайдама қайтаруға келісім беремін (береміз).

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      ______________ _____________

      (қолы) (күні)

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

Электрондық өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталында қарау мәртебесі туралы хабарлама

      Сіздің "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге № __________________ өтінішіңіз (электрондық өтініштің нөмірі) "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберілді". Өтініштің мәртебесі қарауда.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады