О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 16 мая 2023 года № 26/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2023 года № 32521

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9574) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 147) пункта 15 Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) военнослужащие Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, задержанные органом, проводящим досудебное расследование, по подозрению в совершении уголовных правонарушений, на срок согласно статье 131 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс);";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Осмотр вновь прибывших подозреваемых или обвиняемых военнослужащих проводится в соответствии с требованиями Устава внутренней службы Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 июля 2007 года № 364 (далее - Устав), и Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системы здравоохранения".";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Подозреваемые и обвиняемые, содержащиеся на гауптвахте, размещаются в одиночных камерах на срок более одних суток по мотивированному постановлению начальника гауптвахты о переводе подозреваемого (обвиняемого) в одиночную камеру в порядке статьи 31 Закона Республики Казахстан "О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества" (далее – Закон), санкционированному прокурором, по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам.";

      пункт 79 изложить в следующей редакции:

      "79. Иные вопросы медико-санитарного обеспечения подозреваемых и обвиняемых регулируются Уставом и Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения".";

      приложение 5 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 1) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
Е. Сагимбаев

  Приложение к приказу
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 16 мая 2023 года № 26/қе
  Приложение 5 к Правилам
внутреннего распорядка
содержания подозреваемых
и обвиняемых военнослужащих
на гауптвахтах органов
военной полиции Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан,
утвержденных приказом
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 10 июня 2014 года №182

      Форма
Санкционирую ________________
Прокурор ____________________
(подпись, фамилия)
____" _____________ ____ года
Постановление о переводе подозреваемого (обвиняемого) в одиночную камеру
в порядке статьи 31 Закона Республики Казахстан "О порядке и условиях содержания
лиц в специальных учреждениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества"
Подозреваемый (обвиняемый) _________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
____________________________________________________________________
(излагаются обстоятельства, дающие основание для содержания в одиночной камере)
____________________________________________________________________
Постановил:
Подозреваемого (обвиняемого) _________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
перевести для дальнейшего содержания в одиночную камеру.
Начальник гауптвахты ________________________________________________
(воинское звание, подпись, фамилия)
"___" ________________ года

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 26/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32521 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 147)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:

      2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабына сәйкес мерзімге қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган ұстаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;";

      12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жаңадан келген күдікті немесе айыпталушы әскери қызметшілерді қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364-VI Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлі мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) талаптарына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізіледі.";

      17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар жалғыз адамдық камераларға бір тәуліктен астам мерзімге "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес гауптвахта бастығының күдіктіні (айыпталушыны) жалғыз адамдық камераға көшіру туралы прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша орналастырылады.";

      79-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудің өзге де мәселелері Жарғы және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледі.";

      5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 26/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2014 жылғы 10 маусымындағы
№182 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті әскери
полициясы органдарының
гауптвахталарында күдікті және
айыпталушы әскери
қызметшілерді ұстаудың ішкі
тәртібінің қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      Санкциялаймын________________

      Прокурор ____________________

      (қолы, тегі)

      ____ жылғы "____" _____________

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының тәртібінде күдіктіні (айыпталушыны) жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы қаулы

      Күдікті (айыпталушы)__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса))

      ______________________________________________________________
(жалғыз адамдық камерада ұстауға негіз болатын мән-жайдың мазмұны)

      _________________________________________________________________

      Қаулы етті: Күдікті (айыпталушы)______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      әрі қарай ұстау үшін жалғыз адамдық камераға ауыстырылсын.

      Гауптвахта бастығы ________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты жөні)

      ______ жылғы "___"______________________