О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-58 "Об утверждении правил проведения медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с заболеванием, и перечня заболеваний, являющихся основанием освобождения от отбывания наказания"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 122. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2023 года № 33010

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-58 "Об утверждении правил проведения медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с заболеванием, и перечня заболеваний, являющихся основанием освобождения от отбывания наказания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28667) следующие изменения:

      в Правилах проведения медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с болезнью, утвержденных приложением 1 к указанному приказу:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила проведения медицинского освидетельствования осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с болезнью (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 59-2) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок проведения медицинского освидетельствования (далее – освидетельствование) осужденных, представляемых к освобождению или отсрочке от отбывания наказания в связи с болезнью (далее – осужденный).";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Освидетельствование осужденного осуществляется при наличии у осужденного заболеваний, предусмотренных в Перечне заболеваний, являющихся основанием освобождения или отсрочки от отбывания наказания, согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – Перечень).".

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

"Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ--58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33010 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларында;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды (бұдан әрі– сотталған) медициналық куәландырудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 59-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға немесе жазасын өтеуді кейінге қалдыруға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан (бұдан әрі – Куәландыру) өткізу тәртібін айқындайды"

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сотталғанды куәландыру осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазасын өтеуден босатуға немесе жазасын өтеуді кейінге қалдыруға негіз болып табылатын аурулардың тізбесінде (бұдан әрі–Тізбе) көзделген сотталғанда аурулары болған кезде жүзеге асырылады".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі