О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2021 года № 1188 "Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по упрощенному возврату суммы превышения налога на добавленную стоимость участникам зернового рынка"

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 17 июля 2023 года № 771. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2023 года № 33111

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2021 года № 1188 "Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по упрощенному возврату суммы превышения налога на добавленную стоимость участникам зернового рынка" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25209) следующее изменение:

      в Правилах и сроках реализации пилотного проекта по упрощенному возврату суммы превышения налога на добавленную стоимость участникам зернового рынка, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 4) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "4) регистраторская информационная система на веб-портале Qoldau.kz (далее – ИС "Qoldau") – информационная система, предназначенная для учета производства, хранения, реализации, переработки, экспорта и импорта зерна;".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательстве Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
Е. Биржанов

"Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 771 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 шiлдеде № 33111 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Qoldau.kz веб-порталындағы тіркеу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Qoldau.kz" АЖ) – тіркеушінің астық өндірісін, сақтауды, өткізуді, қайта өңдеуді, экспортын және импортын есепке алуға арналған ақпараттық жүйесі;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов