"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрықпен бекітілген |
Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
2. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында астық нарығына қатысушыларға қатысты 2021 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 30 маусымға дейін іске асырылады.
Пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару 2021 жылдың үшінші тоқсанынан 2023 жылғы төртінші тоқсанға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған сомалар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) астық – тамақ, тұқым, жем-шөп және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, бұршақ және майлы дақылдардың жемістері;
2) Астық айналымы саласындағы меморандум (бұдан әрі – Меморандум) – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) интернет-ресурсында орналастырылған астық нарығына қатысушылар арасында заңсыз әрекеттерге қарсы іс-қимыл және астық айналымы саласындағы әділ бәсекелестікті дамыту жөніндегі бірлескен саясатты жүргізу туралы жасалынатын жазбаша келісім;
3) астық нарығына қатысушылар – астықты өндiруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
4) Qoldau.kz веб-порталындағы тіркеу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Qoldau.kz" АЖ) – тіркеушінің астық өндірісін, сақтауды, өткізуді, қайта өңдеуді, экспортын және импортын есепке алуға арналған ақпараттық жүйесі;
5) "AstyqQoyma" Виртуалды астық қоймасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "AstyqQoyma" АЖ) – ол арқылы астықты өңдеу (импорт, себу, өсу, жинау, тасымалдау, сақтау, сатып алу-сату, қайта өңдеу, экспорт) бойынша операциялардың есебі жүргізілетін "Qoldau.kz" АЖ-де іске асырылған модуль;
6) "Виртуалды қойма" модулі – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің модулі;
7) мемлекеттік кірістер органдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, сондай-ақ аумағында Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын астық нарығының қатысушылары орналасқан жері бойынша тіркелген аумақтық мемлекеттік кірістер органдары;
8) уәкілетті банктер – валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдары;
9) экспорттаушы – Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағынан астықты әкетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
10) электрондық-шот фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – Электрондық-шот фактуралар АЖ-да тіркелген және салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжат;
11) электрондық-шот фактуралар ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – электронды нысанда жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі;
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 17.07.2023 № 771 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
4. Мыналар Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады:
1) Меморандум жасасқан астық нарығының қатысушылары (бұдан әрі – Меморандумға қатысушылар), оның ішінде экспорттаушылар, олар:
мемлекеттік кірістер органдарына салық құпиясын құрайтын Меморандумға қатысушы туралы мәліметтерді, оның ішінде Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде ашуға және таратуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруіне жазбаша рұқсат береді;
осы Қағидаларда көзделген жағдайларда ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімін таңдайды;
осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағындағы уәкілетті банктердегі экспорттаушының банк шотындағы валюталық түсімдердің түсуі туралы мәліметтер бөлігінде уәкілетті банктердің мемлекеттік кірістер органдарына банктік құпияны ашуына келісімін береді;
Меморандум жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "AstyqQoyma" АЖ-не астық қалдықтарының бар екені туралы мәліметтерді енгізеді, ол "Qoldau.kz" АЖ-ненн ЭСФ АЖ-нің "Виртуалды қойма" модуліне жүктеледі (API-сервисті пайдалана отырып);
"AstyqQoyma" АЖ-да астық өндірісі, импорт, сатып алу және экспорт және өткізуді қоса алғанда, астықпен жасалған операцияларды көрсетеді, бұл туралы мәліметтер "Qoldau.kz" АЖ-дан ЭШФ АЖ-ның "Виртуалды қойма" модуліне жүктеледі (API-сервисті пайдалана отырып);
Меморандумға қатысушылармен камералдық бақылау нәтижелері бойынша қайтаруға расталмаған ҚҚС-тың асып кету сомасын өтеу механизмдерін қарастыратын шарттар жасасады;
салық заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша шараларды дербес қабылдайды;
2) мемлекеттік кірістер органы:
қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау бойынша камералдық бақылау жүргізеді (бұдан әрі – камеральдық бақылау);
уәкілетті банктерден келісімшартты есептік нөмірін беру немесе экспорт бойынша келісімшарттарды есептік нөмірлері алынған немесе мәміле паспорты ресімделген, келісімшарттарға қатысты мәміле паспортын рәсімдеу орны бойынша, Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметті жүзеге асыратын бейрезидентке қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шоты ашылған жері бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтерді алады;
ҰКП салық заңнамасының бұзушылықтары анықталған Меморандумға қатысушылардың тізімдерін ұсынады.
Осы Қағидалар шеңберінде салық заңнамасының бұзушылықтары болып Меморандумға қатысушы ұсынған салық есептілігін және ақпараттық жүйелердің мәліметтерін, сондай-ақ Меморандумға қатысушының қызметі туралы басқа құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде мемлекеттік кірістер органы анықтаған бұзушылықтар және (немесе) алшақтықтар (бұдан әрі – салықтық бұзушылықтар);
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша қорытынды жасайды (бұдан әрі – қорытынды);
осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде ҚҚС асып кету сомасын қайтаруды жүзеге асырады;
бұрын экспорттаушының ҚҚС қайтару туралы талабы бойынша бюджеттен қайтарылған, бірақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС-тың асып кету сомасын бюджетке төлеуді талап етеді;
3) ҰКП:
Меморандум жасасқан астық нарығына қатысушылардың;
салықтық бұзушылықтар анықталған Меморандумға қатысушылардың;
салықтық бұзушылықтарды жоймаған Меморандумға қатысушылардың тізімдерін интернет-ресурста уақытылы орналастырады.
3-тарау. ҚҚС асып кету сомасын қайтару тәртібі мен мерзімі
5. Мемлекеттік кірістер органымен ҚҚС асып кету сомасын қайтару экспорттаушының таңдауы бойынша мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) қолданылу мерзімі ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік 115 (бір жүз он бес) күннен ерте аяқталмайтын, қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасынан төмен болмайтын сомаға банктік кепілдік берілген жағдайда, кейіннен камералдық бақылау жүргізе отырып, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) банктік кепілдік болмаған жағдайда, камералдық бақылау жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 100 (жүз) күн ішінде.
Бұл ретте ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген мерзімнен күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін басталады.
6. ҚҚС-ның асып кетуі осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қайтарылуға жатады, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалса:
1) нөлдік ставкамен салық салынатын тауарларды экспортқа тұрақты өткізудің болуы.
Осы тармақшаның мақсаттарында тауарларды тұрақты өткізуге ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің алдындағы 2 (екі) жүйелі салық кезеңі ішінде әрбір тоқсанда кемінде бір рет жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын (өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 (жетпіс) пайыз) тауарларды өткізу жатады ҚҚС асып кеткен соманы қайтару туралы талапты көрсете отырып;
2) экспорттаушының дербес шотында салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомаларын көрсетудің дұрыстығы;
3) ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету күніне салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесінің орындалуы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ҚҚС асып кету сомасын қайтарып алу үшін экспорттаушы мемлекеттік кірістер органына экспорттаушы және/немесе оның өнім берушісі/бірінші және одан кейінгі деңгейдегі өнім берушілер астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап (бұдан әрі – талап) қояды.
Талаппен бір мезгілде, экспорттаушы "AstyqQoyma" АЖ арқылы мемлекеттік кірістер органына:
орналасқан мекенжайы, абоненттік ұялы байланыс нөмірі, электрондық мекенжайы және Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банктердегі экспорттаушының банктік шоттарына валюталық түсімдердің түскені туралы мәліметтер бөлігінде банктік құпияны ашуға келісімі көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы өтініш;
осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасымен белгіленген ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімінде банктік кепілдік ұсынады.
Талап ҚҚС бойынша кезекті декларацияда (300.00-нысан) "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген ҚҚС бойынша декларацияларға "Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер" № 9 қосымшада (бұдан әрі – № 9 қосымша) осы Қағидаларда көзделген ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібі және (немесе) Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіп қолданылатын салық кезеңдерін бөле отырып көрсетіледі.
Бұл ретте № 9 қосымшада бөліп:
300.09.01 I жолында – есепті кезеңнің басында қалыптасқан, қайтарылуы Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын ҚҚС асып кетуі;
300.09.01 IV жолында – есепті салық кезеңінде пайда болған, қайтарылуы осы Қағидаларда белгіленген оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылатын ҚҚС-ның асып кетуі көрсетіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Мемлекеттік кірістер органы, егер:
1) экспорттаушы Меморандум қатысушысы болып табылмаса және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмесе, Пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқықтың жоқтығы туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін экспорттаушының қолдану құқығы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді;
2) экспорттаушының дербес шотында ҚҚС асып кету сомасының болмауы анықталған және (немесе) Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдері бұзылған жағдайда, ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде экспорттаушыға талапты қараудан бас тарту туралы хабарлайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорттаушы Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тарту немесе қолдануға келісімі туралы мемлекеттік кірістер органына жазбаша хабарлайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін экспорттаушы жауабының жоқтығы Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
10. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттік кірістер органы олар бойынша экспортер берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер жасау қажет болатын салық төлеушілердің тізімін мынадай мерзімдерде:
банк кепілдігі болған жағдайда, осы Қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
банктік кепілдік болмаған кезде – қорытындыға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Экспорттаушы мемлекеттік кірістер органына салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш):
банктік кепілдік болмаған кезде қорытындыға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
12. Есепке жатқызуға арналған салықтық өтініштің және экспорттаушының берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің негізінде мемлекеттік кірістер органы 2 (екі) данада қайтаруға өкім жасайды.
Бұл ретте экспорттаушының берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер өкім жасалған күні қалыптастырылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. ҚҚС асып кетуін қайтару экспорттаушының орналасқан жері бойынша есепке жатқызуға ұсынылған салықтық өтініш негізінде Салық кодексінің 102-бабына сәйкес есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) банктік шотқа аудару жолымен жүргізіледі.
Берешек болған кезде мемлекеттік кірістер органы есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбай, бар салық берешегін, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кетуін есепке жатқызуды жүргізеді.
14. Салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне банктік шотқа қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС асып кету сомасының қалдығы жатады.
15. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасынан және (немесе) мемлекеттік кірістер органы ҚҚС асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күні экспорттаушының дербес шотында бар ҚҚС асып кету сомасынан аспайды.
16. Расталуға жататын ҚҚС асып кету сомасы "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16669 болып тіркелген) Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарының 53-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңында айқындалған тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасының аумағындағы уәкілетті банктердегі салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсім түскен тауарлар экспорты;
ЕАЭО кедендік аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде тауарларды әкету фактісі.
Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына экспортталған кезде, осы Қағидаларға сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде Салық кодексінің 447-бабында көрсетілген құжаттардан мәліметтер ескеріледі;
"AstyqQoyma" АЖ-дегі астықтың шығарылуы мен қозғалысы;
ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде ("AstyqQoyma" АЖ арқылы ресімделген) тауарларға ілеспе жүкқұжатқа сәйкес астықты өндірушіден экспорттаушыға дейін өткізу.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Мемлекеттік кірістер органы камералдық бақылауды ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапты алғаннан кейін мынадай мерзімдерде:
1) Салық кодексінің 424-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін 27 (жиырма жеті) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
19. Бюджеттен ҚҚС қайтару мерзімдерін сақтау мақсатында мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасында көзделген камералдық бақылау басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәмілелер паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспортын ресімдеу орны бойынша уәкілетті банктерге Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша валюталық түсімдердің түсуі туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу (бұдан әрі – сұрау салу) жолдайды.
Бұл ретте сұрау салуға экспорттаушының банктік құпиясын ашуға жазбаша келісімі қоса беріледі.
20. Мемлекеттік кірістер органы камералдық бақылау жүргізу кезінде ақпараттық жүйелердегі деректерді, оның ішінде "Пирамида" талдамалық есебін (бұдан әрі – "Пирамида" есебі) зерделеу негізінде экспорттаушының қызметі туралы мәліметтерді салықтық бұзушылықтардың болуы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады.
Техникалық іркілістер себебі бойынша "Пирамида" есебін қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайда, камералдық бақылау жүргізу мерзімі техникалық ақауларды жою және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қалпына келтіру кезеңін құрайтын кезеңге тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімі камералдық бақылау жүргізу мерзімінің тоқтатыла тұру кезеңі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
21. Егер камералдық бақылау жүргізу сәтінде Меморандумға қатысушы таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан және осындай Меморандумға қатысушыға қатысты таратудың салықтық тексеруі жүргізілген жағдайда, онда осындай Меморандумға қатысушы жазып берген шот-фактурада көрсетілген ҚҚС сомасы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер, оның ішінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі және (немесе) жазып берілген ЭШФ бойынша есепке алынады.
22. Мемлекеттік кірістер органы егер өнім беруші:
1) салық мониторингінде тұрған;
2) өзі өндірген өнімді өткізген, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші - салық төлеуші (ұн өндірушілерді қоспағанда);
3) электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды беруді, байланыс қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын;
4) агроөнеркәсіптік нарыққа арналған астық және жем-шөп саудасының халықаралық қауымдастығында (GAFTА) және (немесе) майлы дақылдар, тұқымдар мен майлар сауда қауымдастықтары федерациясында (FOSFA) аккредиттеу негізінде өнімді техникалық сынау, талдау және сертификаттау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізуді жүзеге асыратын;
5) көлік қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;
6) "Qoldau" АЖ-де астық қозғалысын ресімдеуді жүргізетін лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында астық дақылдарын сақтау және қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізуді жүзеге асыратын Меморандумға қатысушы болып табылатыны анықталса, экспорттаушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілері бойынша "Пирамида" есебін одан әрі қалыптастыруды тоқтатады.
23. Меморандумға қатысушыларда осы Қағидаларда көзделген салықтық бұзушылықтарды анықтауға мынадай фактілердің болуы:
1) ЭШФ АЖ деректері бойынша 300.00 СЕН-де сату бойынша есептелген ҚҚС-ты төмендету;
2) ЭШФ АЖ деректері бойынша 300.00 СЕН-ге есепке жатқызылған ҚҚС сомасын арттыру;
3) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
4) ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап ұсынылған күнге ҚҚС бойынша бересінің болуы (105101);
5) қызметі бойынша басшыға (құрылтайшыға) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабында көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық іс не "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 280-бабында көзделген құқық бұзушылық бойынша әкімшілік іс бар тікелей өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
6) оларға қатысты ЭШФ АЖ-ға қол жеткізуге шектеулер қолданылған өнім берушілермен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
7) тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған өнім берушілермен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;
8) ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модуліндегі Меморандумға қатысушылардың деректерін "AstyqQoyma" АЖ деректермен салыстыру кезінде астық көлемінде алшақтықтардың болуы негіз болып табылады.
24. Салықтық бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҰКП-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық бұзушылықтар анықталған Меморандумға қатысушылардың тізімін жібереді.
Бір мезгілде экспорттаушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық айналымы кезінде өзара есеп айырысуға қатысқан Меморандумға қатысушылардың тізімі жіберіледі.
25. Салықтық бұзушылықтар анықталған Меморандумға қатысушылардың тізімін ҰКП оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҰКП интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырады.
26. Салықтық бұзушылықтарға жол берген Меморандумға қатысушылар Меморандумға қатысушылардың тізімі ҰКП интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде салықтық бұзушылықтарды жою бойынша дербес шаралар қабылдайды.
27. Мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін "Пирамида" талдамалық есебін қалыптастырады.
28. Камералдық бақылау аяқталған күнге сома шегінде:
1) осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген "Пирамида" есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған Меморандумға қатысушылардың салықтық бұзушылықтары жойылмаса;
2) осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген "Пирамида" есебін талдау нәтижелері бойынша Меморандумға қатысушыларда салықтық бұзушылықтар анықталса;
3) Меморандум жасаспаған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара есеп айырысулар жүзеге асырылса;
4) экспорттаушы Меморандумға қатысушы болып табылмаса ҚҚС асып кету сомасын қайтару жүргізілмейді.
ҚҚС асып кету сомасын қайтармау негіздері қорытындыда көрсетіледі.
29. Осы Қағидалардың 18-тармағы 2) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі данада қорытынды жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытынды оны жасағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей екінші данаға қорытындыны алғаны туралы белгі қоятын экспорттаушыға беріледі.
Экспорттаушы келмеген жағдайда қорытындының бір данасы экспорттаушыға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
30. Осы Қағидалармен көзделген қорытынды шағымдануға жатпайды.
31. Банктік кепілдік берілген жағдайда экспорттаушыға бюджеттен қайтарылған, бірақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС асып кету сомасын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке төлеу туралы мемлекеттік кірістер органының талабы (бұдан әрі – төлеу туралы талап) негізінде экспорттаушы бюджетке төлеуге тиіс.
Төлеу туралы талап қорытынды жасалғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және экспорттаушыға қорытындымен бірге жіберіледі.
Осы тармақта көзделген ҚҚС асып кету сомасын экспорттаушы Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен экспорттаушыға қайтарылған күннен бастап әрбір күн үшін өсімпұл есептей отырып төлеуге тиіс.
32. Экспорттаушы төлеу туралы талапты оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген тәртіпте орындамаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы талапты орындау мерзімі өткен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей банк кепілдігі бойынша төлеу туралы талапты "Qoldau" АЖ арқылы банкке жібереді, ол алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
33. Мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасында көзделген камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҰКП-ның атына салықтық бұзушылықтарды жоймаған Меморандумға қатысушылардың тізімін жібереді.
Салықтық бұзушылықарды жоймаған Меморандумға қатысушылардың тізімі оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ҰКП-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
34. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған Меморандум қатысушылары арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша ҚҚС асып кету сомасы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілердің салықтық бұзушылықтарды жоюына қарай, экспорттаушының Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кейінгі салық кезеңдерінде ҚҚС қайтару туралы талапқа енгізуі арқылы Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіппен қайтаруға жатады.
Меморандум жасаспаған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС асып кету сомасын қайтару Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Осы Қағидалар шеңберінде бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен осы Қағидаларда көзделген мерзімдер өткеннен кейін расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасы салықтық бақылау нәтижелері бойынша экспорттаушы Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде бюджетке төлеуге тиіс.
Осы тармақта көрсетілген ҚҚС сомасы Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әрбір күн үшін өсімпұл есептеле отырып, бюджетке төленуге жатады.
36. Егер осы Қағидаларда көзделген оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кеткен сомасын қайтаруды алған экспорттаушыға қатысты ҚҚС асып кеткен сомасының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілмеген жағдайда, кешенді тексеру жүргізу кезінде, оның ішінде таратуға байланысты, ҚҚС асып кеткен сомасының дұрыстығын растау мәселелері қосылады.
Бұл ретте, тексерілетін кезеңге пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару жүргізілген салық кезеңдері енгізіледі.
37. ҚҚС асып кету сомасын қайтару:
1) бюджетпен есеп айырысуды:
шағын бизнес субъектілері;
шаруа немесе фермер қожалықтары;
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнайы салық режимдерінде жүзеге асыратын салық төлеушіге;
2) салық кезеңдері үшін Салық кодексінің 411-бабының ережелерін қолданған салық төлеушіге жүргізілмейді.
Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша |
|
нысан |
Пилоттық жоба шеңберінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының дұрыстығын растау бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20 ____ жылғы "___"________ | №________ |
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына және "Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес:
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы (бұдан әрі – МКО)
_________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))
20 ____ жылғы "__" ___________дан 20 ____жылғы "___" ___________ дейінгі
салық кезеңі үшін Пилоттық жоба шеңберінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету
сомаларының дұрыстығын растау мәселелері бойынша камералдық бақылау жүргізді.
1. Экспорттаушы туралы мәліметтер:
1) мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін):
_________________________________________________________________
2) ұйымдастырушылық құқықтық нысан: __________________________
3) меншік түрі: ________________________________________________
4) есепке алынған: ________ МКО коды: ___________________________
5) салық төлеушінің куәлігі: _____________________________________
6) ҚҚС бойынша есепке алынған: _________________________________
7) ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлік: ________________________
8) есепке алу күні: ______________________________________________
9) дара кәсіпкердің тіркелуі туралы мәлімет ________________________
10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) ауысу туралы куәлік:
_____________________________________________________
11) салық салу объектілерін және (немесе) жанама әдіспен салық салуға байланысты
объектілерді айқындау: ___________________________________
12) жарғылық капитал (теңге): ___________________________________
13) салық төлеушінің мекенжайы (заңды): __________________________
14) экономикалық қызмет түрлері жалпы жіктеуішінің кодына (ЭҚЖЖ) сәйкес
қызметтің негізгі (іс жүзіндегі) түрі:_______________________________
15) банк шоттары туралы мәліметтер: _____________________________
16) құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер: ____________________
17) салықтық жүктеме коэффициенті (СЖК): ________________________
2. Осы камералдық бақылаумен мыналар анықталды:
1) ______________ (салық кезеңі) үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты туындаған есепке жатқызылатын ҚҚС-ның есептелген салық сомасынан асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылды.
2) Қайтаруға ұсынылған сома _________________________ теңгені құрайды.
3) Тексерудің басындағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотының деректеріне сәйкес ҚҚС бойынша асып кету ___________________ теңгені құрайды.
4) Талап _________________________________ кезең үшін ұсынылды.
5) ҚҚС есептеуге жатқызылған әдіс: ________________________________
6) Жалпы салық салынатын айналымдағы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымның үлесі құрайды ___________________________
7) ҚҚС асып кетуі ________________________ байланысты туындады
3. ҚҚС асып кету сомасын қайтаруға өтініште (талапта) көрсетілген ҚҚС сомасы
_________ теңге, оның ішінде: __________________________________
4. ҚҚС бойынша декларацияға сәйкес есепті салық кезеңі үшін ҚҚС асып кетуі
_____________________________________________________________
ҚҚС-дан асып кету астықты экспортқа өткізуге байланысты тауарларды
(жұмыстарды) және қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасты
_________________________________________________________________
5. Камералдық бақылаумен қамтылған кезеңдегі астық қозғалысының көрінісі:
__________________________________________________________
(басындағы сальдо, кіріс, шығыс, соңындағы сальдо)
6. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша экспорттың кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкету фактісін растау
__________________________________________________________________
7. Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды: ____________________
8. "Виртуалды қойма" модуліндегі ЭШФ (электрондық шот-фактура) және ТІЖ (тауарларға ілеспе жүкқұжат) сәйкес астықтың өндірушіден экспорттаушыға дейін шығарылуы және өткізілуі туралы мәліметтер _________
___________________________________________________________________
9. "Qoldau" ақпараттық жүйесінде астықтың шығарылуы және қозғалысы туралы мәліметтер __________________________________________________
10. Пирамида талдамалы есебін талдау бойынша мәліметтер ____________
11. Қайтаруға расталмаған ҚҚС асып кету сомасы ____________ теңге
12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша келесі анықталды:
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)
Мөр орны
Қорытынды салық төлеушіге табысталды ____________________________
_____________________________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы,
қолы, мөрі, (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда),
күні)
Қорытынды салық төлеушіге жіберілді ______________________________
____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескерту _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша |
|
нысан |
Пилоттық жоба шеңберінде қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқықтың жоқтығы туралы хабарлама
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20___ жылғы "___" ____ | № _______ |
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
_________________________________________________________________
(экспорттаушының атауы)
_________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСН/БСН)
"Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде көзделген қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) мыналарға: (тиісті ұяшықта Х түрінде көрсетіңіз)
экспорттаушы астық айналымы саласындағы Меморандумға қатысушысы болып табылмайтындығына; | |
Қағидалардың 7 тармағымен көзделген талаптардың орындалмауына байланысты қолдануға құқықтың жоқтығы туралы хабарлайды. |
Сонымен бірге Қағидалардың 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Сіз "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 431-бабында көзделген ҚҚС асып кету сомасын қайтару тәртібін қолдануға құқылы екеніңізді хабарлайды.
Қабылданған шешім туралы – Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС қайтару тәртібін қолданудан бас тарту не қолдануға келісу туралы Сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына хабарлауға тиіссіз. Жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)
Мөр орны
Хабарлама табыс етілді ______________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
немесе атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды
тұлғаларды қоспағанда), күні)
Хабарлама алынды __________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
немесе атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды
тұлғаларды қоспағанда), күні)
Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша нысан |
Салықтық бұзушылықтар анықталған Меморандумға қатысушылардың тізімі
20 __ жылғы "___"___________ | №________ |
_______________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"__________________" үшін ҚҚС бойынша ұсынылған декларацияларға қатысты
(салық кезеңі)
ақпараттық жүйелерде қамтылған деректерді талдау негізінде Меморандумның мынадайқатысушыларының ҚҚС асып кету сомасын қайтару үшін салықтық бұзушылықтар болуын
куәландыратын жағдайлар анықталғанын хабарлайды:
Р/с № | экспорттаушының атауы | экспорттаушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі | Меморандумға қатысушының атауы | Меморандумға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі | Меморандумға қатысушының деңгейі | салықтық бұзушылықты анықтау негізі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген Меморандумға қатысушылар "Атамекен"
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатысының интернет-ресурсында
Меморандумға қатысушылардың тізімі жарияланған күннен кейінгі күннен бастап 22
(жиырма екі) жұмыс күні ішінде салықтық бұзушылқты жою бойынша шараларды өз
бетінше қабылдайтынын хабарлаймыз.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)
Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне 4-қосымша нысан |
Астықты өткізу бойынша айналым кезінде өзара есеп айырысуға қатысқан Меморандумға қатысушылардың тізімі
20 __ жылғы "___"__________ | №________ |
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
салықтық бұзушылықтарды жою бойынша дербес шаралар қабылдау үшін астықты өткізубойынша айналым кезінде өзара есеп айырысуға қатысқан Меморандумға қатысушылардың
тізімін жібереді
Р/с № | Меморандумға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі | Меморандумға қатысушының атауы | Меморандумға қатысушының деңгейі | салықтық бұзушылықты анықтау негіздемесі (болған кезде) | салықтық бұзушылықтың сомасы (болған кезде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)
Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне 5-қосымша |
|
нысан |
Пилоттық жоба шеңберінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша қосылған құн салығының расталмаған асып кету сомасын бюджетке төлеу туралы талап
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20 __ жылғы "___"_________ | №________ |
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінің 32-тармағына сәйкес
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(экспорттаушының атауы)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі – бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) осы талапты
табыс еткен (алған) күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде _____________________
№ _______________________________ шотына __________________________ теңге
(Қазынашылық басқармасы, банктік сәйкестендіру коды (БСК)
мөлшерінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС-ның асып
кету сомасын бюджетке төлеу қажет екенін хабарлайды.
______________________________ ____________ _______________________
Мемлекеттік кірістер (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты органының басшысы
(орынбасары) (ол болған кезде)
Мөр орны
Талап табыс етілді _____________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы,
қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда),
күні)
Талап алынды __________________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы,
қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда),
күні)