О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 5 октября 2023 года № 84/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2023 года № 33527

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9887) следующие изменения:

      в Правилах внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Для размещения беременных женщин и женщин, имеющих при себе детей в возрасте до трех лет, создаются улучшенные материально-бытовые условия, организуется специализированное медицинское обслуживание и устанавливаются повышенные нормы питания и вещевого обеспечения, установленные приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 июня 2023 года № 448 "Об утверждении натуральных норм питания и материально-бытового обеспечения подозреваемых, обвиняемых и осужденных, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы" (далее - Приказ). Беременным женщинам и женщинам, имеющим при себе детей, предоставляются ежедневные прогулки продолжительностью до трех часов. Мера взыскания в виде водворения в карцер к ним не применяется.";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. Для общего пользования в камеры в соответствии с Приказом и в расчете на количество содержащихся в них лиц выдаются:

      1) хозяйственное и туалетное мыло;

      2) настольные игры: шашки, шахматы, домино, нарды;

      3) предметы для уборки камеры;

      4) швейные иглы, ножницы, ножи для резки продуктов питания (выдаются подозреваемым и обвиняемым в кратковременное пользование под контролем администрации следственного изолятора);

      5) бумага для гигиенических целей;

      6) газеты;

      7) зубная паста и зубная щетка.

      Женщины с детьми дополнительно получают предметы ухода за ними.";

      пункт 66 изложить в следующей редакции:

      "66. Подозреваемые и обвиняемые, находящиеся под стражей, отправляют родственникам и иным лицам не более двух писем или телеграмм в месяц, а также получают от них не более двух писем и телеграмм в месяц.";

      пункт 110 изложить в следующей редакции:

      "110. Медико-санитарное обеспечение подозреваемых и обвиняемых регламентируется приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-61 "Об утверждении Правил оказания медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2022 года № 28669) с учетом особенностей, предусмотренных настоящей главой.";

      пункт 160 изложить в следующей редакции:

      "160. Подозреваемому и обвиняемому, освобожденному из-под стражи, выдаются личные документы, вещи, деньги, хранящиеся на его лицевом счете, а также справка, в которой указываются кем санкционирована мера пресечения в виде содержания под стражей, основания, место и время задержания и избрания меры пресечения, основания и время освобождения.".

      2. Следственному изолятору Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. С настоящим приказом ознакомить сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
Е. Сагимбаев

"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 қазандағы № 84/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қазанда № 33527 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жүкті әйелдерді және өзімен бірге үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді орналастыру үшін "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) белгіленген жетілдірілген материалдық тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және тамақтану мен заттай қамтамасыз етудің жоғарғы нормалары белгіленеді. Жүкті әйелдер мен өзімен бірге балалары бар әйелдерге күніне үш сағатқа созылатын серуендеулер ұсынылады. Карцерге жабу түріндегі жазалау шаралары оларға қолданылмайды.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Бұйрыққа сәйкес камераларда жалпы пайдалану үшін және онда ұсталатын адамдардың санына қарай есептеліп мыналар беріледі:

      1) шаруашылық және иіс сабыны;

      2) үстел ойындары: дойбылар, шахматтар, домино, нардалар;

      3) камераны жинауға арналған заттар;

      4) тігін инелері, қайшы, тамақ өнімдерін турайтын пышақ (күдіктілер мен айыпталушыларға тергеу изоляторы әкімшілігінің бақылауымен қысқа мерзімге пайдалануға беріледі);

      5) гигиеналық мақсаттарға арналған қағаз;

      6) газеттер;

      7) тіс пастасы және тіс щеткасы.

      Балалы әйелдер қосымша бала күтіміне қажет құралдарды алады.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Күзетте ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар туыстары мен өзге де адамдарға айына екіден көп емес хат немесе жеделхат жөнелтеді, сондай-ақ олардан айына екіден көп емес хат немесе жеделхат алады.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде № 28669 болып тіркелді) регламенттеледі.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Қамаудан босатылған күдіктіге және айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, оның жеке шотында сақтаулы ақшалары, сондай-ақ оны күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кіммен санкцияланған; бұлтартпау шарасын таңдау және ұстау негіздемесі, орны және уақыты; босатылуының негіздемесі және уақыты көрсетілген анықтама беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері оларға қатысты бөлігінде таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев