РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.05.2022 № 19/ке (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2002 жылғы 17 қыркүйектегі № 171/ҚБП бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2026 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Әбіқаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қылмыстық құқықбұзушылық жасауға күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты бұлтарпау шарасы ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларында (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) қамауға алу таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың ішкі тәртіптемесін регламенттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.05.2022 № 19/ке (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Ішкі тәртіптеме күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтарын сақтау, олардың өз міндеттерін атқаруы, оларды оқшаулау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚПК) қарастырылған міндеттерді шешу мақсатында белгіленеді.
Режимді қамтамасыз ету, ішкі тәртіпті ұстау тергеу изоляторының әкімшілігіне жүктеледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.05.2022 № 19/ке (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тергеу изоляторлары күн тәртібін тергеу изоляторының бастығы анықтайды және бекітеді. Онда күдіктілер мен айыпталушылардың түнгі уақыттағы сегіз сағаттық үздіксіз ұйқысы, тұруы, дәрет алуы, тамақтануы, жұмысқа тартылуы, процестік әрекеттерге қатысуы, қорғаушылармен, жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесу уақыты қарастырылады. Күн тәртібі әр камерада мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
4. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдікті және айыпталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады және құқықтары мен бостандықтарды пайдаланады.
2-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Тергеу изоляторына келіп түскен күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдауды, тергеу изоляторына жеткізілген адамды қабылдауға негіз болатын құжаттардың барын тексеріп, сол адамнан сұрақ-жауап алу және оның жауаптарын күдіктінің немесе айыпталушының жеке ісінде (бұдан әрі – жеке іс) көрсетілген мәліметтермен салыстыру арқылы тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі (бұдан әрі – кезекші), сондай-ақ медициналық тексеруден өткізетін медицина қызметкері тәулік бойы жүргізеді.
6. Жаңадан түскендерге, тергеу изоляторына келіп түскен бір тәулік ішінде, медицина қызметкері айналасына қауіп төндіретін жұқпалы ауруларды және жедел медициналық көмекке мұқтаж ауруларды анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексеру жүргізеді. Қабылдау кезекшінің немесе бақылаушының қатысуымен жүргізіледі.
Медицина қызметкері болмаған жағдайда кезекші шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды анықтау үшін жаңадан келіп түскендердің денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізеді.
Жаңадан келіп түскендердің өзін нашар сезінуіне шағымы немесе ауру (жарақат) белгілері болған жағдайда кезекші жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.
Науқастың өміріне қауіп төнген, жедел медициналық жәрдем бригадасы ұзақ уақыт болмаған немесе келу мүмкіндігі болмаған кезде кезекші науқасты дереу жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізу бойынша шаралар қабылдайды.
Егер медицина қызметкерінің немесе жедел медициналық жәрдем бригадасының қорытындысы бойынша науқас стационарлық емделуге мұқтаж болса, онда ол денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
7. Күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларына орналастыру және одан әрі ұстау үшін негіздеме күдіктіні, айыпталушыны күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат берілгендігі жөніндегі сот қаулысы; сот қарауы кезінде шығарылған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы сот қаулысы; экстрадициялық қамауға алу жөніндегі сот қаулысы; прокурормен бекітілген, ауыстыру (этаптау) жөніндегі прокурордың не болмаса сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның қаулысы болып табылады.
8. Тергеу изоляторына қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттар лауазымды адамдардың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
9. Тергеу изоляторына күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы судьяның не болмаса сот қаулысының көшірмесі ұсынылған жағдайларда онда бұлтартпау шарасы қолданылған адамды анықтайтын деректері (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туылған күні және жері, азаматтығы, ұлты, соттылығы, тұрғылықты жері) көрсетіледі. Көшірме лауазымды тұлғаның қолымен қуәландырылып, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және шешім қабылданған уақыттан бастап үш жұмыс күнінен кем емес мерзімде қаулының көшірмесімен ауыстырылуы тиіс.
10. Транзитпен айдауылданатын адамдар тергеу изоляторына жеке істері бойынша анықтамалары мен ілеспе тізімдерінің негізінде қабылданады және белгіленген орындарға жөнелтіледі.
11. Тергеу изоляторына қабылданған күдіктілер мен айыпталушыларға қабылдау кезінде құқықтары мен міндеттері, күзетте ұстау режимі, тәртіп талаптары, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат беріледі. Аталған ақпаратты жазбаша түрде де, ауызша түрде де жеткізуге болады.
12. Күдіктілер мен айыпталушыларға, олардың өтініші бойынша, танысу үшін Заң және осы Қағиданың көшірмесі беріледі. Әр камерада қабырғаға күзетте ұсталатын адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
13. Күдіктілер мен айыпталушылар жалпы және бір кісілік камераларда ұсталады. Күдіктілер мен айыпталушыларды камералар бойынша орналастыру Заңның олардың жеке тұлғалық және психологиялық үйлесімділігін ескере отырып жеке орналастыру талаптарына сәйкес тергеу изоляторының бастығы бекіткен, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы камералар бойынша орналастыру жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
14. Жүкті әйелдерді және өзімен бірге үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді орналастыру үшін "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) белгіленген жетілдірілген материалдық тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және тамақтану мен заттай қамтамасыз етудің жоғарғы нормалары белгіленеді. Жүкті әйелдер мен өзімен бірге балалары бар әйелдерге күніне үш сағатқа созылатын серуендеулер ұсынылады. Карцерге жабу түріндегі жазалау шаралары оларға қолданылмайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.10.2023 № 84/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Күдіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераларға бір тәуліктен ұзақ мерзімге орналастыру осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы, прокурордың рұқсаты берілген, күдіктіні немесе айыпталушыны бір кісілік камераға ауыстыру туралы тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Күдіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераларға орналастыруға мына жағдайларда прокурордың рұқсаты қажет емес:
1) Заңның 32-бабында қарастырылған, жеке орналастыру талаптарын ұстауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндіктері болмағанда;
2) күдіктінің немесе айыпталушының не болмаса басқа күдіктілер мен айыпталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі үшін;
3) күдіктінің немесе айыпталушының жеке ұсталуы туралы жазбаша өтініші болғанда;
4) күдіктілер мен айыпталушыларды күндіз жалпы камераларда ұстап, бір кісілік камераларға түнгі мезгілге орналастыру барысында.
16. Оқшаулау тәртібі күдіктілер мен айыпталушылардың барлық орын ауыстыруы жағдайларында (тергеу изоляторларының дәліздері мен аумағында қозғалуы, серуенге шығарған кезде, санитарлық өңдеуде, еңбек объектілерінде) қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, суретке түсіру, заттарына тексеру жүргізу, сондай-ақ сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен тамақ өнімдерін алу
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Тергеу изоляторына келіп түскен күдіктілер мен айыпталушылар толық жеке тінтуден өткізіледі, уәкілетті тұлға саусақтарының таңбасын алады және суретке түсіреді. Олар орналасатын орын-жайларда тінту, ал олардың заттары мен жіберілген сәлемдемелеріне тексеру жүргізіледі. Олардың әрқайсысына бір саусақ таңбасын алу картасы және көлемі төрт жарым сантиметрге алты сантиметр фотосурет (үшеуі алдынан және үшеуі қырынан түсірілген) әзірленеді.
18. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту және олардың заттарын тексеру сақтау мен пайдалануға тыйым салынған немесе ол адамға тиесілі емес құралдарды, заттар мен тамақ өнімдерін анықтау және алу мақсатында жүргізіледі.
19. Жеке тінту толық және жартылай болады. Күдіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторына түскен кезде, одан ақырғы шығарған кезде, карцерге немесе бір кісілік камераға орналастыру кезінде, осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілгеннен басқа жағдайларда толық тінтуден өтеді.
Толық тінту кезінде тінтілушінің денесі, оның киімдері, аяқ киімдері, сондай-ақ протезі мұқият тексеріледі. Күдіктілерге немесе айыпталушыларға толық шешініп, денесінің тиісті жерлерін көрсету ұсынылады. Пластырь жапсырмасы, гипс және басқа да байлауыштар болса медицина қызметкерінің рұқсатымен тексеріледі. Бұдан кейін денесін тексеру барысында аяқ-қолы саусақтарының арасы, табаны, қолы екі жағынан, тері жамылғысы, құлақ қалқаны, ауыз және мұрын қуысы, қолтықтары, аяқтарының арасы, сондай-ақ хирургиялық тыртықтары болса, мұқият тексеріледі, шашы таралады.
20. Денесін тексергеннен кейін киімі, аяқ киімі және іш киімі мұқият тексеріледі. Киім мұқият қаралады және саусақпен басып көру арқылы, әсіресе тігісі, кыртысы, матаның қабатталған жері және астары тексеріледі. Күдік тудыратын жерлерін бізбен теседі және тігісі сөгілуі мүмкін. Киімнің қалталары, жеңі, шалбар, іш киім, шұлықтар теріс айналдырылады. Темір түймелер, ілмектер мен айылбастар алынып, темір емес түймемен, ілмекпен алмастырылады. Аяқ киімнің ішкі және сыртқы жағы мұқият тексеріледі, сонымен қатар астары, ұлтарақтың желімденген жері және ашылуы, кесілуі мүмкін өкшелеріне назар аударылады. Аяқ киімнің темір жақтаулары мен тағалары алынып, бауы сыпырылады.
21. Тінту және тексеру кезінде табылған ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес сақтауға, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуға рұқсат етілетін тамақ өнімдері, бірінші қажеттілік заттары, аяқ киімдер, киімдер және басқа да өнеркәсіптік тауарларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілмеген заттар мен тамақ өнімдері алынады. Матасы сөгілген киімдер, аяқ киімдер мен басқа да заттар тергеу изоляторының есебінен қалпына келтіріледі.
22. Жартылай тінту күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторының аумағы шегіне алып шыққан кезде (саусағының таңбасын алуға, медицина қызметкеріне, тергеушіге, туыстарымен және басқа адамдармен кездестіру алдында және кейін, басқа камераға ауыстыру кезінде) жүргізіледі. Жартылай тінту кезінде тінтілушінің киімі мен аяқ киімі шешіндірілмей тексеріледі.
23. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінтуді онымен жынысы бір тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері жүргізеді. Толық тінту кезінде медицина қызметкерін қоспағанда, онымен жынысы бір адамдар қатысады.
24. Күдіктілер мен айыпталушылардың заттарын тексеру олар тергеу изоляторына келіп түскен кезде, одан тыс жерге жөнелтілерде, басқа камераға, медициналық стационарға ауыстырылғанда немесе карцерге қамау кезінде оның өзінің катысуымен жүргізіледі.
25. Күдіктілер мен айыпталушыларды толық жеке тінту және олардың заттарын тексеру хаттамамен ресімделеді, оған осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы ақшаны, бағалы бұйымдарды, заттарды және тамақ өнімдерін алу туралы акт қоса тіркеледі. Толық тінту мен заттарды тексеру қатар жүргізілген жағдайда бір хаттама ресімделеді. Хаттамаға күдікті мен айыпталушының және жеке тінту немесе заттарын тексеруді жүргізген тергеу изоляторының қызметкерінің қолдары қойылады. Күдіктінің немесе айыпталушының хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тінту немесе тексеру кезіндегі барлық талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акт жеке іске тіркеледі. Толық жеке тінту немесе заттарды тексеру туралы осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы күдікті мен айыпталушының камералық карточкасында тінтуді немесе заттарды тексеруді жүргізген адамның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері, тексерілген күні көрсетіліп белгіленеді.
26. Жартылай жеке тінту жүргізілгенде ақшалардың, бағалы бұйымдар және тыйым салынған заттар мен тамақ өнімдерінің алынғандығы туралы баянат жазылады.
27. Күдіктіні және айыпталушыны жеке тінту, заттарын тексеру жүргізгенде ақшалар, бағалы бұйымдар және тыйым салынған заттар мен тамақ өнімдерін табу үшін техникалық құралдарды пайдалануға болады. Рентген құрылғыларын тек күдіктінің және айыпталушының заттарын тінту немесе тексеру үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
28. Сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттардың тамақтары мен заттарын тексеру тәртібі төмендегідей жүзеге асырылады:
нан тағамдары екі-үш бөлікке бөлінеді;
сұйық тағамдар ыдысқа құйылады;
консервілер ашылып, басқа ыдысқа салынады;
балық екі, үш бөлікке бөлінеді;
шұжық тағамдары бірнеше бөлікке бөлінеді;
төгілетін заттар қайта төгіледі;
кәмпиттер орама қағазсыз қабылданады.
Хат жазысулар мен тыйым салынатын заттарды жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін барлық басқа тамақтар да осы тәртіпте тексеріледі. Тексеру тамақтың сапасын жоғалтпайтындай жағдайда жүргізіледі.
Заттар мен құралдар да тап солай мұқият тексеріледі.
29. Егер алынуға жататын құралдарды немесе құжаттарды адамның жоюы немесе тығып қоюы әрекеттері жасалған болса, ол қолданылған шаралар нақты көрсетіле отырып, жеке тінту хаттамасында жазылуы тиіс. Жеке тінту жүргізу хаттамасының көшірмесі тінту жүргізілген адамға қолын қою арқылы беріледі.
30. Тергеу изоляторына келіп түскендерден жеке тінту жүргізу кезінде табылған ақша, бағалы бұйымдар, камерада сақтауға рұқсат етілмейтін заттар, заттектер мен тамақ өнімдері алынады. Ақшалар олардың жеке шоттарына салынады, ал бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері тергеу изоляторының қоймасында сақтауға тапсырылады немесе жойылады.
31. Күдіктіден немесе айыпталушыдан алынған, сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектер мен тамақ өнімдерін жою соттың шешімімен жүзеге асырылады, бұл жөнінде осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысанда заттарды және тамақ өнімдерін жою туралы акт жасалады. Тізбеге енгізілмеген құралдар, заттар мен тамақ өнімдері де осы тәртіппен жойылады.
32. Күзетте ұстау кезінде күдіктіден және айыпталушыдан ақша, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері алынған немесе анықталған әр факті бойынша олардың түсу көздерін және нақты иесін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі.
33. Күдіктілерден немесе айыпталушылардан анықталған және алынған оларға тиесілі емес ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері иелеріне беріледі. Егер алынған ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдерінің иесі анықталмаса, ақшалар, бағалы бұйымдар алынып, бұл жөнінде хаттама жасалады және сұранысқа ие болмайынша тергеу изоляторының қоймасына қойылады.
34. Күдіктінің және айыпталушының өтініші бойынша және қылмыстық іс өндірісінде болған адамның немесе органның келісімімен тергеу изоляторында сақтауда жатқан ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері олардың күйеуіне (жұбайына), жақын туыстарына немесе өзге адамдарға беріледі.
35. Күдікті немесе айыпталушы қайтыс болған жағдайда сақтауда тұрған оған тиесілі ақшалар, бағалы бұйымдар, заттар, заттектер мен тамақ өнімдері оның күйеуіне (жұбайына), жақын туыстарына немесе өзге адамдарға беріледі.
4-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Күдіктілер мен айыпталушылар жеке пайдалану үшін:
1) жататын орынмен;
2) төсек жабдықтарымен: матрац, жастық және көрпемен;
3) екі жинақ төсек жабдығымен (жайма, жастық тысы, көрпе қабы);
4) екі орамалмен;
5) асхана құралдарымен: табақ, кружка, қасық;
6) жыл мезгіліне қарай киіммен (өзінікі болмаған жағдайда);
7) әйелдер – әйелдерге арналған гигиеналық құралдармен;
8) кітапхана кітаптарымен және журналдарымен қамтамасыз етіледі.
Аталған заттар күзетте ұстау кезінде уақытша пайдалануға тегін беріледі.
37. Бұйрыққа сәйкес камераларда жалпы пайдалану үшін және онда ұсталатын адамдардың санына қарай есептеліп мыналар беріледі:
1) шаруашылық және иіс сабыны;
2) үстел ойындары: дойбылар, шахматтар, домино, нардалар;
3) камераны жинауға арналған заттар;
4) тігін инелері, қайшы, тамақ өнімдерін турайтын пышақ (күдіктілер мен айыпталушыларға тергеу изоляторы әкімшілігінің бақылауымен қысқа мерзімге пайдалануға беріледі);
5) гигиеналық мақсаттарға арналған қағаз;
6) газеттер;
7) тіс пастасы және тіс щеткасы.
Балалы әйелдер қосымша бала күтіміне қажет құралдарды алады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.10.2023 № 84/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Тергеу изоляторының камералары мыналармен:
1) үстел және камерадағы отыру орындарының саны бойынша орындықтармен;
2) санитарлық желімен;
3) құбыр суы бар кранмен;
4) электр құралдарын қосатын розеткалармен;
5) азық-түлікке арналған шкафпен;
6) сыртқы киімге арналған ілгішпен;
7) қажетті заттарға арналған сөремен;
8) радиохабар тарату құралдарымен;
9) тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілін шақыратын кнопкамен;
10) қоқысқа арналған ыдыспен;
11) күндізгі және түнгі жарық беретін шамдармен;
12) балалы әйелдер ұсталатын камераларда балалардың керуеттерімен;
13) гигиеналық қажеттілікке және киім жууға арналған ыдыспен жабдықталады.
39. Камераларда су ысытатын құралдар немесе су құбырында ыстық су болмаған жағдайда гигиеналық қажеттілікке және кір жууға қажетті ыстық су және ішетін қайнаған су күнделікті қажетті мөлшерде беріледі.
40. Санитарлық жабдықтары жоқ камералар мен карцерлерде ұсталған күдіктілер мен айыпталушылар дәретханаға камералар бойынша шығарылады.
41. Күдіктілер мен айыпталушылардың санитарлық өңделуі ұзақтығы жиырма бес минуттан кем емес уақыт ішінте аптасына бір рет жүргізіледі. Апта сайын төсек жабдықтары ауыстырылады.
42. Өзінің ұстара құралдары болмаған жағдайда олар тергеу изоляторының әкімшілігі есебінен алынады.
43. Үстел ойындары он адамға немесе камерада он адамнан кем ұсталатын болса камераға бір топтама есебімен беріледі.
44. Күдіктілер мен айыпталушыларға ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын жазу үшін олардың сұраулары бойынша жазу құралдары (қағаз, қалам) беріледі.
45. Тергеу изоляторының кітапханасынан газеттер келіп түсуіне қарай он адамға немесе камерада он адамнан кем ұсталатын болса камераға бір газет есебімен беріледі.
46. Тергеу изоляторының кітапханасынан кітаптар мен журналдарды айырбастау аптасына бір рет жүзеге асырылады.
47. Күзетте ұсталу кезінде мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін күдіктілер мен айыпталушылар Заңға сәйкес материалды жауапты.
48. Тергеу изоляторы әкімшілігінің кінәсінен күдіктіге немесе айыпталушыға келтірілген шығын әкімшілік есебінен өтеледі.
5-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші қажеттілік заттарын және басқа да өнеркәсіп тауарларын алуы
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
49. Жеке шотында ақшасы болған жағдайда күдіктілер мен айыпталушылар тамақ өнімдерін, бірінші қажеттілік заттары мен басқа да Тізбеге енгізілген өнеркәсіп тауарларын тергеу изоляторынан тыс орналасқан дүкеннен тергеу изоляторының әкімшілігі арқылы сатып алады.
50. Сақтауға рұқсат етілген тамақ өнімдері, бірінші қажеттілік заттары мен басқа да өнеркәсіп тауарларының ассортименті Тізбемен белгіленеді.
51. Бір адамға тамақ өнімдері мен өзге де ассортимент, саны бойынша тауарларды беру нормалары белгіленбейді. Күдікті және айыпталушы өзінде сақтай алатын тамақ өнімдерінің және ассортимент бойынша басқа заттардың жалпы салмағы отыз бес килограммнан аспауы тиіс. Сатып алынған тауарларды беру Заңға сәйкес айына кемінде екі реттен жүргізіледі.
52. Күдіктілер мен айыпталушылар дүкенге шығарылмайды. Күзетте ұсталатын адамдарға дүкендегі тауарлар ассортименті мен олардың бағаларын тергеу изоляторы әкімшілігі мәлімдейді.
53. Тамақ өнімдерін, бірінші қажеттілік заттары мен өнеркәсіп тауарларын алғысы келген адамдар тергеу изоляторының бастығының атына осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш жазады, өтініш жеке шоттарында ақшаның бары жөніндегі ақша түбіртектерімен бірге әкімшілік өкіліне тапсырылады.
Тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері қаржы бөлімінде тауар алу мүддесін білдірген күдіктінің және айыпталушының жеке шоттарында ақшаның барын тексереді. Сатып алынған тауарлар камералар бойынша таратылып, қолхат алу арқылы тапсырылады.
54. Егер тауар сатып алған күдіктінің немесе айыпталушының жеке шотында ақшасы қалса, оған түбіртегі қалған сомасын көрсетумен қайтарылады, ал егер ақша қалмаса түбіртегі өтінішіне қоса тігіледі.
55. Күдіктілер мен айыпталушылар тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын сатып алу үшін олардың жеке шоттарынан қажетті ақша сомасын есепті түрде алуға қызметкерге тергеу изоляторының бастығы растаған сенімхатын береді. Берілген ақша өтініш берген адамның сатып алынған тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын алғанын растайтын қолхат негізінде есепті адамның жауаптылығынан алынады. Кейін жасалған шығын күдіктінің немесе айыпталушының жеке шоттарынан шығарылады.
Тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілі күдіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын сатып алуына шығындалған ақша сомасы жөнінде (күнін көрсетумен) олардың жеке ісіне енгізеді.
6-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелерді, сәлем-сауқаттарды қабылдау және беру
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
56. Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттарды қабылдау осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес қабылдау-тапсыру бөлмесінің жиһазы мен мүлкінің тізбесі бойынша жабдықталған арнаулы орын-жайда жүргізіледі. Күдіктілер мен айыпталушыларға салмағы он төрт килограммнан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттарды алуына рұқсат етіледі. Сәлем-сауқаттар келушілердің кезектілігі тәртібімен қабылданады. Тізбе мемлекеттік және орыс тілдерінде сәлемдемелерді қабылдауға арналған орын-жайда ілінеді.
57. Сәлем-сауқатты жеткізген адам осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы азық-түлікті және заттарды беру туралы өтінішті екі данада толтырып, қолын қояды. Азық-түлікті және заттарды беру туралы өтініштің екі данасы, сәлем-сауқаттар, сәлем-сауқаттарды жеткізген адамның жеке тұлғасын куәландыратын құжаты тергеу изоляторының әкімшілігі қызметкеріне беріледі.
58. Сәлем-сауқаттың түгелдігін, салмағын өлшеп қарау және тексеру оны жеткізген адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Салынған заттар тізбесі мен сәлем-сауқаттардың салмағы тексеріліп, тамақ өнімдері мен заттарды беру туралы азық-түлік пен заттарды беру туралы өтініште белгіленеді. Жеке тұлғасын куәландыратын құжат пен сәлем-сауқаттарды салыстырып, тексергеннен кейін тергеу изоляторының әкімшілігі қызметкерінің сәлемдемені қабылдағаны жөніндегі белгісі қойылған өтініштің бірінші данасы келушіге қайтарылады, ал екінші данасы сәлемдемені алғаны жөнінде қолы қойылғаннан кейін күдіктінің немесе айыпталушының жеке ісіне тігіледі.
59. Сәлем-сауқаттар мынадай жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады:
1) адресаты қамаудан босатылса немесе ол үш тәуліктен артық мерзімге шығарылған жағдайда;
2) күдікті немесе айыпталушы қайтыс болса;
3) сәлемдемені жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпесе;
4) күдікті немесе айыпталушы өзіне арналған сәлемдемелерді қабылдаудан жазбаша түрде бас тартса.
60. Тергеу изоляторында немесе ауруханада емделу курсынан өтетін адамдарға арналған сәлемдемелерді қабылдау кезінде медицина қызметкерінің ұсынымдары ескеріледі.
61. Сәлемдемелерді ашып, салыстыра тексергеннен кейін екі данада тізімдеме жасалады, онда мыналар көрсетіледі: тамақтар мен киімдердің атаулары мен тізбесі, олардың сыртқы пішіні, сапасы, одан нақты алынғаны немесе сақтауға тапсырылғаны. Сақтауға рұқсат етілетін құралдар, заттар мен тамақ өнімдері күдіктіге немесе айыпталушыға тізімге қол қою арқылы беріледі, оның бірінші данасы жеке ісіне тігіледі, ал екіншісі қолына беріледі.
62. Сәлемдемелерден табылған күдіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған құралдар, заттар және тамақ өнімдері сәлем-сауқатты жеткізген адамға қайтару себебі көрсетіліп, кайтарылады. Ақшасы күдіктінің және айыпталушының жеке шотына салынады.
63. Сәлем-сауқаттар пошта арқылы "Кері қайтарылуы тиіс" деген таңбамен үстеме төлеммен жіберіледі.
64. Сәлемдеме немесе сәлем-сауқат қабылданған күннен бастап күдіктіге және айыпталушыға бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі. Карцерге орналастырылған адамдарға келіп түскен сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар сақтау үшін қоймаға тапсырылады және күдіктілер мен айыпталушыларға карцерде отыру мерзімі аяқталғаннан кейін тапсырылады.
65. Тергеу изоляторының әкімшілігі сәлемдеме мен сәлем-сауқат ішіне салынған заттардың сақталуын қамтамасыз етеді, алайда ол заттардың ұзақ уақыт сақталуы салдарынан табиғи бұзылуына, сондай-ақ тексеру нәтижесінде тауарлық бейнесін жоғалтуына жауапкершілік алмайды.
7-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын алуы және жіберуі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
66. Күзетте ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар туыстары мен өзге де адамдарға айына екіден көп емес хат немесе жеделхат жөнелтеді, сондай-ақ олардан айына екіден көп емес хат немесе жеделхат алады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.10.2023 № 84/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Күдіктілер мен айыпталушылардың хат-хабар алмасулары олардың қаражаты есебінен тек тергеу изоляторының әкімшілігі арқылы, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсат беруімен жүзеге асырылады және прокурор мен сотқа жіберілген хаттардан басқасына цензура жасалады.
68. Күдіктілер мен айыпталушылар пошта жабдықтарын (конверттер, маркалар, жеделхаттар бланкілерін) тергеу изоляторының әкімшілігі арқылы жеке шотындағы қаражаты есебінен сатып алады.
69. Күдіктілер мен айыпталушылардың хаттары мен толтырылған жеделхаттарының бланкілерін тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілі күнделікті қабылдайды. Хаттар тек жапсырылмаған конверттерде жіберушінің тегін, аты-жөнін, тергеу изоляторының және адресаттың пошталық мекенжайын көрсете отырып, қабылданады. Толтырылған жеделхат бланкісіне тергеу изоляторы әкімшілігі басшысының атына күзетте ұсталатын адамның жеке шотынан жеделхат төлемі үшін ақша алуды сұраумен жазылған өтініш қосымша беріледі. Өтініш тергеу изоляторы әкімшілігінің өкіліне ақша түбіртегімен бірге тапсырылады.
70. Қаржы бөлімінің қызметкері күзетте ұсталатын, жеделхат жолдауға тілек білдірген адамның жеке шотында ақшаның барын тексереді және пошта жөнелтімінің құнын ескерумен одан қажетті соманы алады.
71. Жеделхат жөнелтілгеннен кейін күдікті мен айыпталушыға пошта түбіртегі, ал жеке шотында ақшасы болса, сәйкес белгі қойылған ақша түбіртегі тапсырылады. Егер ақша қалмаса, ақша түбіртегі өтінішіне қосып тігіледі. Жеделхат жөнелткен адамның өтініші пошта түбіртегін алғаны туралы қолхатымен бірге жеке ісіне қосып тігіледі.
Күдіктілер мен айыпталушылардың тапсырыс және бағалы хаттарын, сондай-ақ ақша аударымдарын жөнелту барысында да осындай тәртіп жұмыс істейді.
72. Күдіктілер мен айыпталушылардан жеделхаттарды немесе хаттарды қабылдаған сәттен бастап және оларды жібергенге дейін, сондай-ақ тергеу изоляторына жеделхаттар немесе хаттар келіп түскен сәттен бастап және оларды адресатқа тапсырғанға дейін тергеу изоляторы әкімшілігі жеделхаттардың немесе хаттардың сақталуына жауап береді және хат-хабар алмасудың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
73. Тергеу изоляторы әкімшілігі күдікті мен айыпталушының атына келіп түскен хаттар мен жеделхаттарды тапсыруды, сондай-ақ олардың хаттарын жолданған жерлеріне жөнелтуді хат келіп түскен күннен бастап, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
74. Күйеуінің (жұбайының) немесе жақын туысының қайтыс болғандығы немесе ауыр науқастануы туралы мәліметтер күдіктіге және айыпталушыға ол мәліметтер алынғаннан кейін дереу хабарланады.
Күдіктінің немесе айыпталушының атына ол тергеу изоляторынан кеткеннен кейін келіп түскен хаттар алынғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде оның кеткен жері бойынша жөнелтіледі.
Қылмыстық істі тергеудің толықтығына, жан-жақтылығы мен объективтілігіне кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік құпия немесе заңмен қорғалатын басқа құпияны қамтыған хаттар мен жеделхаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілер мен айыпталушыларға берілмейді және қылмыстық істі өндіруші адамға немесе органға жолданады.
75. Күдіктілер мен айыпталушыларға пошта аударымымен келіп түскен ақша қаражаттары олардың жеке шоттарына салынады. Күдіктінің және айыпталушының жеке шотындағы ақша сомасын поштамен аудару үшін тергеу изоляторы бастығының атына өтініш жазады. Поштамен ақша аудару күдіктінің және айыпталушының жеке шотындағы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын жолдауы
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
76. Тергеу изоляторы әкімшілігінің өкілдері күн сайын камераларды аралап, күдіктілер мен айыпталушылардан жазбаша және ауызша түрде ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын қабылдайды. Ұсыныстарға, арыздарға және шағымдарға қанағаттандырылғаннан кейін жауаптар күдіктілер мен айыпталушыларға қолхат алу арқылы жарияланады және жеке істеріне қосып тігіледі.
77. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар тергеу изоляторы бастығына немесе оның орынбасарына баяндалады.
78. Жазбаша берілген және тергеу изоляторы әкімшілігіне жолданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар, осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың шағымдары мен өтініштерін тіркеу журналына тіркеліп, тергеу изоляторы бастығына баяндалады, ол оларды шешу бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда күдікті мен айыпталушыға жиырма төрт сағат ішінде тиісінше түсіндіріледі.
79. Прокурорға және сотқа жіберілген ұсыныстар, арыздар және шағымдар цензураға жатпайды және желімденген күйінде адресатқа жолданады.
80. Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстарды, өтініштер мен арыздарды тергеу изоляторының әкімшілігі қарап, берілген уақытынан бастап бір тәуліктен кешіктірілмей жөнелтеді.
81. Егер арызда немесе шағымда қылмыстық іспен байланысы жоқ мәселелер бойынша тергеу изоляторының әкімшілігімен шешілетін заңды өтініштер немесе ұсыныстар қамтылса, онда әкімшілік арызда, өтініште қойылған мәселелерді шешу шараларын қолданады және оның қорытындысы туралы күдіктіге және айыпталушыға хабардар етеді.
82. Егер шағымда, арызда қойылған мәселелер тергеу изоляторы әкімшілігінің құзыретіне кірмесе немесе автор оларды адресатқа жіберуді талап етсе, олар үш жұмыс күні ішінде белгіленген жеріне жолданады. Бұндай жағдайда ілеспе хатта қойылған мәселелер және оларды шешу үшін жасалған шаралар жөнінде түсінік беріледі.
Қылмыстық істі тергеудің толықтығына, жан-жақтылығы мен объективтілігіне кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқықбұзушылықты жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді қамтитын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік құпия немесе заңмен қорғалатын басқа да құпияларды қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Қағидалардың 74-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.
83. Ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды жөнелту шығындарын өтеу, апелляциялық және кассациялық шағымдарды қоспағанда, жіберушінің есебінен жүргізіледі. Күдікті мен айыпталушының жеке шотында ақша болмаған жағдайда шығындар тергеу изоляторы әкімшілігінің есебінен жүргізіледі (жеделхаттарды қоспағанда).
84. Олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты ұсыныс, арыз немесе шағым жазу арқылы жүгінгендері үшін күдіктілер мен айыпталушыларды қудалаудың кез келген түріне жол берілмейді.
9-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың діни салттарды жүзеге асыруы
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
85. Күдіктілер мен айыпталушылар діни салттарды бос уақыттарында камераларда жасайды.
86. Күдіктілер мен айыпталушыларға осы Қағидалар талаптары мен басқа күдіктілердің және айыпталушылардың құқықтарын сақтауы шартымен діни әдебиеттерді, діни табыну заттарын, сәлемдемелермен ала алатын, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушыларға келген кезде діни бірлестіктердің өкілдері немесе қорғаушылар жіберген киімдерді қоса, өзінде ұстауға және пайдалануға рұқсат етіледі.
87. Күдіктілер мен айыпталушыларға әдет-ғұрып қажеттілігі жағдайында олардың немесе туыстарының өтініштері бойынша және қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен тергеу изоляторына "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте тіркелген діни бірлестіктердің өкілдерін шақыруға болады.
Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.05.2022 № 19/ке (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.88. Діни бірлестіктердің өкілдерін шақырумен байланысты шығындар күдіктілердің және айыпталушылардың немесе олардың туыстарының есебінен өндіріледі. Діни бірлестіктердің өкілдерімен күдіктілер мен айыпталушылардың рұқсат етілген кездесулері бұған жатпайды.
10-тарау. Айыпталушыларды еңбекке тарту
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
89. Тиісті жағдайлар болса айыпталушылар өздерінің тілектері бойынша, еңбекке тартылады. Айыпталушылардың еңбек етуі тек тергеу изоляторларының аумағында ұйымдастырылады. Жұмыстар оқшаулау және жеке орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтау талаптарының орындалуымен атқарылады.
90. Айыпталушылар арнайы есепке алу бөлімдеріндегі, фотозертханаларындағы, радиотрансляциялық желілеріндегі жұмыстарға, сондай-ақ күзет, сигнал беру және байланыс инженерлік-техникалық құраларын жөндеу және пайдаланумен байланысты, барлық көлік құралдары мен көшіру аппаратураларымен жұмыс істеуге жіберілмейді.
91. Жұмыс істеуге ниет білдірген айыпталушылар тергеу изоляторы бастығының атына өтініш жазады, ол оны үш жұмыс күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдайды. Айыпталушыны тергеу изоляторына жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда оған тиісті түсініктеме беріледі. Айыпталушылардың жалақысы орындау парақтары бойынша (болған жағдайда) ұсталғаннан кейін олардың жеке шоттарына тергеу изоляторы әкімшілігімен аударылады.
92. Айыпталушыларды еңбекке тарту сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі келтірмеуі тиіс.
11-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың неке-отбасылық (жұбайлық-отбасылық) қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
93. Күзетте ұсталатын адаммен неке қиюды мемлекеттік тіркеуді (жұбайлық) (бұдан әрі – неке) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқару органының өкілі (бұдан әрі – тіркеуші орган) тергеу изоляторының орын-жайында "Неке (жұбайлық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған неке қию шарттарын қадағалай отырып, жүргізеді. Көрсетілген адамдар тарапынан куәгерлердің жалпы саны – екі адам.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.05.2022 № 19/ке (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.94. Күдіктімен және айыпталушымен некеге тұрғысы келетін адам тергеу изоляторына тіркеуші орган куәландырған өтінішін, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатын тапсырады. Некесін тіркеу туралы өтініш келіп түскеннен кейін тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері оны күдіктіге немесе айыпталушыға өзіне қатысты бөлігін толтыру үшін береді.
Өтінішке жетіспейтін мәліметтерді енгізгеннен кейін тергеу изоляторының әкімшілігі өтініште көрсетілген мәліметтерді күдіктінің және айыпталушының жеке ісіндегі құжаттармен салыстырады. Күдіктінің және айыпталушының қолының түпнұсқалылығы және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы тергеу изоляторы бастығының қол қоюы арқылы расталады және мекеменің мөрі басылады, содан кейін тергеу изоляторы некені тіркеу туралы бірлескен өтінішті күдіктімен немесе айыпталушымен неке қиюға мүдделі адамға, не болмаса тіркеуші органға жолдайды.
95. Күдіктінің және айыпталушының жеке ісінде оның отбасы жайлы мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттары болмаған жағдайда оларды туыстары тапсырады, ал олар болмаған жағдайда оның бұрынғы мекен-жайы бойынша тіркеуші органға сауал жіберіледі.
96. Күдікті немесе айыпталушы некеге тұруға ниет білдіретіні жөнінде өтініш берген жағдайда тергеу изоляторының әкімшілігі бұл өтінішті күдікті немесе айыпталушы некеге тұрғысы келген адамға жолдайды.
97. Бұндай өтініш алған адам некеге тұруға келісетін болса, онда өзіне қатысты бөлігін толтырады және өтініште қойылған қолдар мен көрсетілген мәліметтерді куәландыру үшін өзі тұратын жердегі тіркеуші органға жібереді, содан кейін өтінішті тіркеуші органға жолдайды.
98. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдармен неке қиюды, тергеу изоляторында істі өндіруші тұлғаға немесе органға хабарлағаннан кейін тіркеуші органмен жүзеге асырылады.
99. Неке қию және көлік шығындарының төлемі некеге тұратын адамдардың есебінен өндіріледі.
100. Тәртіптік жазасын карцерде өтеп жатқан күдіктімен немесе айыпталушымен неке қию тек сол жазалау шарасы аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
101. Тергеу изоляторының әкімшілігі қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты болған жағдайда, осы Қағиданың 125-тармағында қарастырылған тәртіпте некеге отырғаннан кейін күдіктіге немесе айыпталушыға жұбайымен (ерімен) кездесу береді.
102. Некені бұзу үшін күдікті және айыпталушы сотқа немесе, ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ жұбайлардың өзара келісімі болса, тіркеуші органға өтініш жібереді.
103. Күдіктінің және айыпталушының азаматтық-құқықтық мәмілені жүзеге асыруы тікелей немесе олардың өкілдері арқылы, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
12-тарау. Күдіктілердің және айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу
Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
104. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасының пошталық байланыс ұйымдары арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылады.
105. Жазылымды ресімдеу үшін күдікті және айыпталушы тергеу изоляторы бастығының атына өтініш жазады. Жазылымды ресімдеуге ниет білдірген адамға жақын жерде орналасқан пошталық байланыс ұйымынан алынған абонементтер бланкілері толтыру үшін беріледі.
106. Жазылымды пошталық байланыс ұйымында тергеу изоляторы әкімшілігінің қызметкері күдіктінің және айыпталушының жеке шотындағы қаражаты есебінен жүргізеді.
107. Жазылымды басқа мекен-жайға ауыстыру жазылушының есебінен оның жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
108. Күдіктінің немесе айыпталушының атына олардың туыстары немесе басқа адамдардың басылымдарға жазылуды ресімдеуіне болады.
109. Жазылуға болатын басылымдардың саны шектелмейді.
13-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету
Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
110. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде № 28669 болып тіркелді) регламенттеледі.
Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.10.2023 № 84/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.111. Күдіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторының медицина қызметкерінен өтініш берумен, ал қатты ауырған жағдайда кез келген тергеу изоляторының қызметкерінен медициналық көмек сұрайды. Күдікті немесе айыпталушы тарапынан өтініш жасалған тергеу изоляторының қызметкері оған медициналық көмек көрсету үшін шаралар қабылдайды.
112. Амбулаторлық көмек күдіктілер мен айыпталушыларға камераларда, сондай-ақ тергеу изоляторларының мамандандырылған медицина бөлмелерінде көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру медицина қызметкерінің белгілеуімен жеке қолхат алу арқылы жүзеге асырылады.
113. Адамдардың туыстарынан алынған медициналық дәрмектерді қабылдауы медициналық көрсеткіштері бойынша және медицина қызметкерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Туыстарынан алынған медициналық дәрмектер медицина бөлімінде сақталады.
114. Күдіктілер мен айыпталушыларға тергеу изоляторында көрсету мүмкіндігі жоқ жедел немесе мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды стационарлық емдеу үшін жақын маңдағы мемлекеттік денсаулықсақтау басқармасының жергілікті органының медицина ұйымына (бұдан әрі –медицина ұйымы) орналастырылады.
115. Медицина қызметкері күдіктілер мен айыпталушылардың денсаулығын, олардың денсаулығына арыздары бар болу-болмауын бақылау үшін камералардың күнделікті таңертеңгі аралауын жүргізеді. Дене жарақаттары анықталған кезде медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді, медициналық куәландырудан өткізіліп, қорытындылары күзетте ұсталатын адамның амбулаторлық картасында көрсетіледі. Күзетте ұсталатын адамнан дене жарақатын табудың әр фактісі жөнінде тергеу изоляторы әкімшілігі прокуратураға жазбаша түрде хабарлайды.
116. Медициналық денсаулық сақтау мекемесінің қызметкері медициналық куәландыру жүргізуі үшін жәбірленген күдікті немесе айыпталушы, не болмаса оның қорғаушысы немесе туысы тергеу изоляторы бастығының немесе оның орынбасарының атына өтініш береді. Өтініш берілген сәттен бастап кешіктірілмей қаралуы тиіс.
117. Күдікті мен айыпталушының дене жарақаттарын медициналық куәландыруын медицина ұйымының қызметкерлері мына жағдайларда жүргізеді:
1) тергеу изоляторы бастығының шешімі бойынша;
2) прокурордың нұсқауы бойынша;
3) қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның шешімі бойынша;
4) дене жарақаттарын алған күдіктінің және айыпталушының қолдауы бойынша;
5) дене жарақаттарын алған күдіктінің немесе айыпталушының қорғаушысының, туыстарының қолдауы бойынша.
Күдіктінің және айыпталушының, оның қорғаушысы мен туыстарының қолдау хаты бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілген медициналық куәдандыру күдіктінің немесе айыпталушының жеке шотындағы қаражаты есебінен немесе олардың туыстарымен төленеді.
118. Күдікті немесе айыпталушы өлімге әкелуі мүмкін ауыр сырқаттанған жағдайда, медициналық қорытындысы болса, тергеу изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде прокурордың және қылмыстық істі жүргізуші органның алдында бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселе көтереді.
14-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың күнделікті серуендеуі
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
119. Күдіктілер мен айыпталушылар ұзақтығы бір сағаттан кем емес, ал кәмелеттік жасқа толмағандар екі сағаттан кем емес күнделікті серуендеуді пайдаланады. Жүкті әйелдердің және қолында үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің серуендеу уақытының ұзақтығы үш сағатқа дейін.
120. Күдіктілер мен айыпталушыларға серуендеу уақыты тәуліктің жарық кезінде, камералар бойынша, оқшаулау және жеке орналастыру талаптарын сақтауды ескерумен беріледі.
121. Серуендеу серуен алаңдарының аумағында жүргізіледі. Серуен алаңдары отыруға арналған орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын жабынмен жабдықталады. Серуендеу кезінде кәмелеттік жасқа толмағандарға дене шынықтыру жаттығулары мен спорттық ойындарға мүмкіндік беріледі. Балалы әйелдерге арналған серуен алаңдарында шөп отырғызылып, құм салғыштармен жабдықталады.
122. Серуендеу кезінде күдіктілер мен айыпталушыларға жүруге, орындықта отыруға, шылым тартуға, өзара сөйлесуге, басқа серуендеушілерге кедергі келтірмейтін денешынықтыру жаттығуларын жасауға, ыстық уақытта белге дейін шешінуге (ер адамдарға ғана) рұқсат етіледі.
123. Серуендеуді уақытынан бұрын тоқтату үшін күдіктілер мен айыпталушылар серуендеуге жауапты адамға тиісті өтініш білдіре алады, ол оны кезекшіге жеткізеді. Көрсетілген лауазымды адам өтініш бойынша шешім қабылдап, ол жөнінде тергеу изоляторы бастығына хабарлайды.
15-тарау. Күдіктілердін, айыпталушылар мен сотталушылардың қорғаушыларымен, туыстарымен және басқа да адамдармен кездесулерін өткізу
Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
124. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесу қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе орган осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа адамдармен кездесуге рұқсат негізінде береді. Рұқсат бір ғана кездесуге жарамды.
Кездесуге берілген жазбаша рұқсатта оның кімге және қандай адамдармен кездесуге рұқсат етілетіні көрсетіледі. Күдіктімен, айыпталушымен және сотталушымен кездесуге бір уақытта екіден артық емес ересек адамдар жіберіледі.
Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.125. Қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты, сондай-ақ жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары негізінде тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары кездесуге рұқсат беру туралы жазбаша нұқсау беріп, жалпы кезектілікті ескерумен оның ұзақтығын, алайда ол үш сағаттан аспайтын уақытты белгілейді, содан кейін кезекші оны өткізуге нұсқау береді.
Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.126. Кездесуге жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарынсыз немесе мас күйінде келген азаматтар, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетілмеген адамдар кездесуге жіберілмейді. Транзитпен айдауылданатын адамдарға кездесуге рұқсат берілмейді. Кездесуге рұқсат беруден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.
127. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесуі тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерінің бақылауымен сол мақсатқа арнайы жабдықталған орын-жайларда белгілі бір заттарды беруге жол бермейтін, алайда сөйлесуге және көзбе көз қарым-қатынас жасауға кедергі келтірмейтін ажырату қалқалары арқылы жүргізіледі.
Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың кездесуге келген адамдармен сөйлесулері тікелей немесе сөйлесу құрылғылары арқылы тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерлерінің тыңдауы мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.128. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғаушымен кездесуі жұмыс уақытында, бөлек, бөлу қалқаларынсыз және олардың саны мен ұзақтығына шектеусіз жүргізіледі. Кездесу тергеу изоляторының қызметкерiне күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны және қорғаушыны көруге мүмкіндік беретін, бiрақ сөздерi естiлмейтiндей жағдайларда жүргiзiледi.
Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.07.2024 № 99/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.129. Күдіктімен, айыпталушымен және сотталушымен қорғаушының кездесуіне жеке тұлғасын куәландыратын құжаты, адвокатураға қатыстылығын растайтын құжаты, оның сол іске қатысатынын растайтын, қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе орган берген құжаты және ордерінің екінші данасы болған жағдайда рұқсат беріледі.
Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.130. Кездесуді уақытынан бұрын тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
1) кездесуге келген адамдардың кездесуді өткізуге жауапты қызметкердің заңды талаптарын орындамауы;
2) ақшаны, бағалы заттарды, белгілі бір құралдарды, заттарды, тамақ өнімдерін күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға рұқсатсыз беру не болмаса одан алу әрекеттері.
3) қылмыстық іс бойынша ақиқатты ашуға кедергі болатын, қылмыстық құқықбұзушылықтарға септігін тигізетін мәліметтер беру;
4) кездесуге келген адамдардың өзара байланыс үшін шартты белгілерді, шифрлерді қолдануы және басқа да айла-тәсілдермен ақпарат беруі.
Ескерту. 130-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.131. Кездесуді уақытынан бұрын тоқтатқан жағдайда оны өткізуге жауапты тергеу изоляторының қызметкері бұл жөнінде тергеу изоляторының бастығына кездесуді тоқтату себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде баяндайды.
132. Күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен қысқа мерзімге кездесулерді тоқтатқан жағдайда (карантинге, ерекше жағдайлар режимін енгізуге байланысты және басқа да себептермен) тергеу изоляторының бастығы бұл жөнінде күзетте ұстау орындарында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сот және тергеу органдарына хабарлайды, қабылдау бөлімінде келушілер үшін хабарландыру іледі.
Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16-тарау. Күдіктілердің және айыпталушылардың тергеу іс-қимылдары мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
Ескерту. 16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
133. Тергеу изоляторының әкімшілігі күндізгі уақытта күдіктілер және айыпталушылармен іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізуші органға тергеу изоляторына кедергісіз келуді қамтамасыз етеді.
134. Кезекші ауысымдардың кезекшілікті тапсыру-қабылдау кезінде (бір сағаттан көп емес), күн тәртібіне сай тамақ ішу кезінде (таңғы, түскі, кешкі ас), сондай-ақ түнгі уақытта сағат жиырма екіден таңғы сағат алтыға дейін, күдіктілер мен айыпталушыларды шақыртуларға камераларынан шығару жүргізілмейді. Көрсетілген уақытта шақыртулар бойынша шығарылған күдіктілер мен айыпталушылар камераларға қайтарылады.
135. Тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың нұсқауы бойынша тергеу іс-қимылдарын, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамаларды өткізу үшін тергеу изоляторының аумағында оның әкімшілігі:
1) жабдықталған орын-жай береді;
2) күдіктіні немесе айыпталушыны жеткізеді және оның күзетін қамтамасыз етеді;
3) тергеу изоляторына тергеу іс-қимылдарына қатысуға тартылған адамдардың кіруін қамтамасыз етеді;
4) тергеу изоляторының қоймасында сақталған немесе өзінің қолданысындағы күдіктінің және айыпталушының мүлкіне тінту жүргізеді, алады, арест қояды.
136. Апелляциялық және кассациялық инстанциямен істі қарау туралы хабарлама; күзетте ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі хабарлама; бір органнан басқа органға ауыстыру туралы хабарлама күдіктілер мен айыпталушыларға қол қойғызу арқылы жарияланады және олардың жеке істеріне енгізіледі.
137. Күдіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторынан тыс тергеу іс-қимылдарына немесе сот отырыстарына қатысу үшін жөнелтілер алдында ыстық тамақ алады, мезгіліне қарай киінеді, сырт келбеті жинақыланады. Құрғақ тамақпен қамтамасыз етіледі.
17-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану
Ескерту. 17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
138. Көтермелеу және жаза шаралары тергеу изоляторларында ұсталатын барлық күдіктілер мен айыпталушыларға қолданылады. Міндеттерін үлгілі орындағаны, әрі күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін ұстанғаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға көтермелеу шаралары ретінде мыналар қолданылады:
1) бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу;
2) кәмелеттік жасқа толмаған күдіктілер мен айыпталушыларға қосымша спорт сабақтарына арналған орын-жайларға баруға және басқа да сауық түрлерін өткізуге рұқсат беру. Тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары көтермелейді.
139. Бекітілген міндеттерін орындамағаны және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға жаза шаралары қолданылуы мүмкін:
1) сөгіс;
2) карцерге немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге бір кісілік камераға жабу, ал кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушыларға – жеті тәулікке дейінгі мерзімге.
140. Барлық көтермелеулер мен жазалауларды, ауызша жарияланғанынан басқа, кезекші осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы камералық карточкаларға енгізеді және арнайы есепке алу бөлімінің қызметкері жүргізетін, осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілерді және айыпталушыларды жазалау және көтермелеуді тіркеу кітабына енгізеді.
141. Күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жаза тергеу изоляторының бастығымен немесе оның орынбасарымен қолданылады. Бір бұзушылық үшін кінәліге біреуден артық жаза жарияланбайды.
Жаза бұзушылықтың жасалу жағдайын әрі күдіктінің және айыпталушының тәртібін ескере отырып беріледі. Жаза бұзушылық анықталған күннен бастап, ал егер бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілген болса – оның біткен күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей беріледі, алайда бұзушылық жасалған күннен бір ай кешіктірілмеуі қажет.
Жаза берілмей тұрып күдікті мен айыпталушыдан жазбаша түсініктеме алынады, егер түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда, бұл туралы соған сәйкес акт жасалады.
Сөгіс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша түрде, қалған жазалар – жазбаша түрде беріледі.
Күдіктілер мен айыпталушылар жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, прокурорға немесе сотқа жазаны бұзу туралы шағым беруге құқылы. Шағым беру жазаның орындалуын тоқтатпайды.
142. Күдіктілер мен айыпталушылар бір кісілік камераға немесе карцерге мыналар үшін жабылуы мүмкін:
1) басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны;
2) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;
3) оқшаулау ережелерін бірнеше рет бұзғаны;
4) алкогольді ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені;
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;
6) құмар ойындарға қатысқаны.
Бір кісілік камераға немесе карцерге отырғызу түріндегі жаза осы Қағиданың 139-тармағында қарастырылған тәртіптік жазалар екі және одан да көп қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады.
143. Бір кісілік камераға немесе карцерге орналастыру түріндегі жаза, осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес нысандағы, тергеу изоляторы бастығының күдіктіні немесе айыпталушыны бір кісілік камераға немесе карцерге қамау туралы қаулысымен беріледі. Жаза қолдану туралы қаулы жазаланушыға қол қойғызу арқылы жарияланады. Қаулы тексеру материалдарымен бірге сол адамның жеке ісіне тігіледі. Сөгіс тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен жарияланады.
144. Бір кісілік камераға немесе карцерге жабу күдіктіні және айыпталушыны бір кісілік камерада немесе карцерде ұстау мүмкіндігі туралы медицина қызметкерінің қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
Карцерде ұстау тәртібі Заңның 39-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Карцерге жабылған адамды санитарлық өңдеу жазасын өтегеннен кейін, медицина қызметкерінің нұсқауы бойынша оның карцерде ұсталуы кезінде де жүргізіледі. Медицина қызметкерінің ауырып қалған адамды карцерден мерзімінен бұрын босату қажеттілігі жөніндегі нұсқауы дереу орындалуы тиіс.
145. Карцерге жабылған адамды тергеушіге немесе сотқа шақыру, сондай-ақ тергеу изоляторынан уақытша шығару оны қолданылған жазаны одан әрі өтеуден босатпайды.
18-тарау. Тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы
Ескерту. 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
146. Тергеу изоляторы бастығының және оған уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы, демалыс және мереке күндерінен басқа, күнделікті жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
147. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдау тергеу изоляторының бастығы бекіткен, күдіктілер мен айыпталушыларға жеткізілген кесте бойынша жүргізіледі.
148. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауға жазу тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерлерімен күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырылады. Қабылдау туралы өтініш тергеу изоляторының бастығының атына жазбаша түрде беріледі немесе ауызша айтылады және күдікті мен айыпталушы барғысы келген лауазымды адамды көрсетумен, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті тұлғаның жеке қабылдауы журналында кезектілік тәртібі бойынша тіркеледі.
149. Қабылдау өтініш беру кезектілігі тәртібінде жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті тұлғалардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдау журналында және жеке қабылдау жөніндегі өтініште оның қорытындылары көрсетіледі. Өтініш күдіктінің немесе айыпталушының жеке ісіне тігіледі.
19-тарау. Тергеу изоляторларында қайтыс болған күдіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру
Ескерту. 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
150. Күдіктінің және айыпталушының қайтыс болғаны жөнінде тергеу изоляторы әкімшілігі бір сағат ішінде оның жұбайына (күйеуіне) немесе жеке ісінде көрсетілген туыстарына (ата-анасына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алынған ұл-қыздарына, толық туыс және толық туыс емес аға-апаларына, ата-әжесіне, немерелеріне), прокурорға, қылмыстық істі жүрігузші адамға немесе органға хабарлайды.
Егер қайтыс болған адамның туыстары басқа елді-мекенде тұрып жатқан болса, олар Қазақстан Республикасының пошта қызметімен хабарландырылады.
151. Тергеу изоляторында ұсталатын шетел азаматының өлімі туралы тергеу изоляторының әкімшілігі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлайды. Бұдан басқа күзетте ұстау орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша түрде хабарланады.
152. Уәкілетті органның қайтыс болу фактісін тексеруі аяқталғанға дейін қайтыс болған күдіктінің немесе айыпталушының мәйіті патологоанатомиялық зерттелуге жіберіледі. Қайтыс болған адамның денесін алуға оның жұбайының (күйеуінің) немесе жақын туыстарының айрықша құқығы бар. Олар болмаса немесе мәйітті алудан бас тартса ол беруді талап еткен адамға беріледі.
153. Мәйітті беру талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша Заңның 23-бабына сәйкес қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
154. Қайтыс болған адамның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына оның мәйітінің қайда екені хабарланады. Жерлеу жабдықтарымен мәйітті беруді талап еткен адам қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.
155. Мәйіті сұратылмаған қайтыс болған адамның жерленуі мемлекет есебінен жүргізіледі.
20-тарау. Күдіктілерді және айыпталушыларды күзеттен босату
Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
156. Күдіктілерді және айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатуды тергеу изоляторының бастығы тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе соттың негізделген қаулысын, не болмаса негізделген сот қаулысын алғаннан кейін жүзеге асырады.
157. Тергеу изоляторының бастығы күдіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау шарасының мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағат ішінде бұл жөнінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға жазбаша түрде хабарлайды.
158. Егер күзетте ұстау бұлтартпау шарасы мерзімінің аяқталуы бойынша күдіктіні немесе айыпталушыны босату туралы немесе күзетте ұстау бұлтартпау шарасына белгіленген күзетте ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім, не болмаса бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе тергеу изоляторының бастығы оны өзінің қаулысымен босатады, оның көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жолдайды.
159. Күдікті мен айыпталушыны нақты босатуға дейін күзетте ұстау мерзімін ұзарту туралы хабарлама келіп түскен жағдайда тергеу изоляторының бастығы өзінің қаулысын тоқтатып, бұл туралы прокурорды хабарландырады.
160. Қамаудан босатылған күдіктіге және айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, оның жеке шотында сақтаулы ақшалары, сондай-ақ оны күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кіммен санкцияланған; бұлтартпау шарасын таңдау және ұстау негіздемесі, орны және уақыты; босатылуының негіздемесі және уақыты көрсетілген анықтама беріледі.
Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.10.2023 № 84/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21-тарау. Тергеу изоляторларында күдіктілер мен айыпталушылардың жүріп-тұруы
Ескерту. 21-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
161. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар:
1) белгіленген күн тәртіптемені сақтауы;
2) өзара және тергеу изоляторларының қызметкерлерімен сөйлескенде сыпайы болуы;
3) тергеу изоляторларының қызметкерлері камераларға кіргенде олардың командасы бойынша тұруы және көрсетілген жерге сапқа тұруы;
4) сырт келбетін ұқыпты ұстауы;
5) айдауылмен немесе тергеу изоляторларының қызметкерлерімен ілесіп жүргенде қолдарын артында ұстауы;
6) тергеу изоляторлары қызметкерлерінің талабы бойынша өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) айтуы, қылмыстық жауаптылыққа тартылған қылмыстық кодекстің бабын айтуы;
7) тыныштық сақтауы;
8) камерада кезектілік тәртібінде кезекшілік атқаруы тиіс.
162. Күдіктілер мен айыпталушыларға:
1) тергеу изоляторының басқа камераларында немесе басқа орын-жайларында ұсталатын адамдармен сөйлесуге, белгілі бір заттарды жіберуге, олармен хабарласып немесе хат жазысуға;
2) қылмыстық ісі өндірістегі адамның немесе органның рұқсатынсыз бостандықта жүрген немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдармен хат жазысуға және белгілі бір заттарды жіберуге;
3) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз камерадан және басқа да режимдік корпустың орын-жайларынан шығуға;
4) тергеу изоляторлары объектілерінің күзет желісін бұзуға;
5) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын және жүйкеге әсер ететін заттектерді дайындауға және ішуге;
6) материалдық және басқа табыс табу мақсатымен үстел ойындарын ойнауға;
7) өзіне немесе басқа адамдарға таңба жасауға;
8) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз жататын орнын ауыстыруға және перделеуге;
9) жасанды электр құралдарын қолдануға;
10) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануға;
11) камерада от жағуға;
12) жануарлар ұстауға;
13) тергеу изоляторы әкімшілігінің рұқсатынсыз сантехника, жарық беру және басқа құралдарды жөндеуге немесе камера жарығын өзгертуге;
14) камерадағы сантехникалық тораптарды ластауға;
15) камерада ілінген күдіктілер мен айыпталушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты алып тастауға;
16) қабырғаларға (есіктерге), камера мүліктеріне қағаз, суреттер, фотосуреттер, газет және журнал қиындыларын желімдеуге, оларға жазулар жазуға немесе суреттер салуға;
17) қасақана тыныштықты бұзуға;
18) тергеу изоляторларының аумағында қозғалған кезде саптан шығуға, темекі шегуге, сөйлесуге, камера есігінің қарау саңылауынан қарауға, қандай да бір құралдарды көтеруге, дабыл беру тетігін басуға;
19) терезеден қоқыс тастауға, жылу беру радиаторына және терезе алдына шығып тұруға, желдеткішке ұмтылуға, қарау саңылауына жабыса тақалуға, оны жабуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Бекітемін
Тергеу изоляторының бастығы
_______________________________________
атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
20 __ жылғы "___" __________
Камералар бойынша орналастыру
ЖОСПАРЫ
Күдіктілер мен айыпталушыларды орналастыру | Камера № | Камерадағы орын саны | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
Бөлек ұсталады: | |||
1. Күдікті және айыпталушы ерлер | |||
қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылған адамдар | |||
бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар | |||
үкімдері заңды күшіне енген сотталғандар | |||
бір қылмыстық іске немесе өзара бір-бірімен байланысты бірнеше іске күдіктілер мен айыпталушылар | |||
2.Күдікті және айыпталушы әйелдер | |||
қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылған адамдар | |||
бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар | |||
үкімдері заңды күшіне енген сотталғандар | |||
бір қылмыстық іске немесе өзара бір-бірімен байланысты бірнеше іске күдіктілер мен айыпталушылар | |||
Жеке ұсталады | |||
3. Күдікті және айыпталушы ерлер | |||
аса ауыр және ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына күдіктілер мен айыпталушылар | |||
қауіпті қылмыстық құқық-бұзушылықты қайталап сотталған | |||
өлім жазасына сотталғандар | |||
азаматтығы жоқ шетелдіктер | |||
сот, адвокат, әділет министрлігінің қызметкерлері, ішкі істер органдарының, прокуратура, салық полициясы, кеден органдары қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері, ішкі әскер әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының әскери қызметшілері болып табылатын немесе бұрын болған адамдар | |||
күзетте ұстау орындары әкімшілігінің шешімі бойынша немесе қылмыстық ісі өндірісте жатқан органның жазбаша рұқсатымен басқа күдіктілер мен айыпталушылар тарапынан өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрған күдіктілер мен айыпталушылар | |||
инфекциялық аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер | |||
4. Күдікті және айыпталушы әйелдер | |||
аса ауыр және ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына күдіктілер мен айыпталушылар | |||
қауіпті қылмыстық құқықбұзушылықты қайталап сотталған | |||
өлім жазасына сотталғандар | |||
азаматтығы жоқ шетелдіктер | |||
сот, адвокат, әділет министрлігінің қызметкерлері, ішкі істер органдарының, прокуратура, салық полициясы, кеден органдары қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері, ішкі әскер әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының әскери қызметшілері болып табылатын немесе бұрын болған адамдар | |||
күзетте ұстау орындары әкімшілігінің шешімі бойынша немесе қылмыстық ісі өндірісте жатқан органның жазбаша рұқсатымен басқа күдіктілер мен айыпталушылар тарапынан өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрған күдіктілер мен айыпталушылар | |||
балалы және жүкті (жүктілік мерзімі бес айдан жоғары) әйелдер | |||
инфекциялық аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер | |||
5. Кәмелетке толмаған ер жынысты күдіктілер мен айыпталушылар | |||
6. Кәмелетке толмаған әйел жынысты күдіктілер мен айыпталушылар | |||
7. Транзитпен айдауылданатын адамдар, күдіктілер мен айыпталушылар: | |||
а) ерлер | |||
ә) әйелдер | |||
б) кәмелетке толмағандар | |||
8. Тергеу изоляторында шаруашылық қызмет көрсету үшін қалдырылған сотталғандар: | |||
а) ерлер | |||
ә) әйелдер | |||
9. Карцерлерде ұсталатындар |
Ескерту:
Камералар бойынша орналастыру жоспары кезекші бөлімде және тергеу изоляторының бастығында болады.
Уәкілетті тұлға
_________________________________________________________
_________________________________________________________
атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Рұқсат етемін
Прокурор __________________________
___________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
20___ ж."____" _____________
Күдіктіні немесе айыпталушыны бір кісілік камераға ауыстыру туралы тергеу изоляторы бастығының
ҚАУЛЫСЫ
Күдікті немесе айыпталушы ___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
бір кісілік камерада ұстауға негіз болатын жағдайлар көрсетіледі
_____________________________________________________________________
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН
күдікті немесе айыпталушы ___________________________________________
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
одан әрі күзетте ұстау үшін бір кісілік камераға ауыстырылсын.
Тергеу изоляторының бастығы
________________________________________________________
________________________________________________________
атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20___ ж."___"____________
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 3-қосымша |
Сақтауға, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуға рұқсат етілетін тамақ өнімдері, бірінші қажеттілік заттары, аяқ киімдер, киімдер және басқа да өнеркәсіптік тауарларының
ТIЗБЕСI
Күдіктілер мен айыпталушылар мыналарды өзінде ұстауына, сақтауына, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына және қолма-қол ақшасыз сатып алуына болады:
1) жылумен өңдеуді қажет ететін, сақтау мерзімі өткен, тез бұзылатын, сондай-ақ ашытқылар, алкогольдік ішімдіктер мен сырадан басқа тамақ өнімдері. Күдікті және айыпталушы өзінде сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бірінші қажеттілік заттарының, аяқ киім, киім және басқа өнеркәсіп тауарларының жалпы салмағы 35 килограмнан аспауы тиіс;
2) темекі бұйымдары, сіріңкелер;
3) бір дана, мезгілге байланысты: белдіксіз, аспа баусыз және галстуксіз киім, сондай-ақ бас киім, аяқ киім (темір табансыз, темір жапсырмасыз және баусыз);
4) бір жинақта спорт костюмі немесе халаты (әйелдер үшін);
5) іш киім – екі жұп;
6) шұлықтар – төрт жұп;
7) шұлықтар (әйелдер үшін);
8) қолғаптар немесе биялайлар – бір жұп;
9) бет орамалдар – екі дана;
10) үйге киетін аяқ киім – бір жұп;
11) жуыну құралдары (иіс, шаруашылық сабыны, сұйық сабын немесе сусабын, дәретхана қағазы, тіс пастасы, тіс щеткасы, сабынға және тіс щеткасына арналған пластмасса футляр, кремдер, тарақ);
12) қалталы айна (камерада айна болмаған жағдайда), электрлік ұстара немесе бір рет пайдаланатын қауіпсіз ұстаралар;
13) зат салатын қап немесе сөмке;
14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қораптар;
15) орамалдар, белдіктер, іш киімдер, дәке, шаш қыстырғыштар, мақта, гигиеналық және косметикалық бұйымдар, пластмасса бигудилер (әйелдер үшін);
16) балдақтар, ағаш таяқтар, протездер (медицина қызметкерінің рұқсаты бойынша);
17) өндірістік тұрмыстық электрлі қайнатқыш;
18) жөке немесе жұмсақ ысқыш;
19) қалам, олардың стержендері, қарындаштар;
20) хат жазатын қағаз, дәптерлер, пошта конверттері, ашық хаттар, пошта маркалары;
21) осы Қағидаларды және басқа күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтарын сақтаған жағдайда діни ғибадат заттары;
22) екі жинақта төсек жабдығы (екі жайма және жастық тысы), сүлгі;
23) тергеу изоляторының кітапханасынан немесе тергеу изоляторы әкімшілігі арқылы, болмаса күйеуі (жұбайы) немесе жақын туыстары сауда желісінен сатып алған көркем және басқа да әдебиеттер, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдары;
24) фотокарточкалар;
25) үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино, нарды);
26) балалардың күтіміне арналған заттар (медицина қызметкерінің рұқсаты бойынша үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге);
27) медицина қызметкерінің белгілеуі бойынша дәрі-дәрмектері.
Күдіктілерге және айыпталушыларға жоғарыда аталғандардан басқа, қылмыстық іске қатысты не Заңмен белгіленген өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошталық тасымалдау бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшалардың, құнды заттар мен құжаттардың түбіртектерін өзінде ұстауға және сақтауға рұқсат етіледі.
Осы Тізбеде көрсетілмеген құралдар мен заттарды пайдалануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 4-қосымша |
нысан
Ақшаны, бағалы бұйымдарды, заттарды және тамақ өнімдерін алу туралы
АКТ
Біз, төменде қол қойған мынадай құрамдағы комиссия
____________________________________________________________________,
лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Күдікті (сотталушы) ________________________________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
бағалы заттар_______________________________________________________,
ақша сомасы (_______)_______________________________________________
жазбаша
заттар немесе тамақ өнімдері________________________________________
алуды жүзеге асырдық (сақтауға қабылдадық).
Барлығы тапсырылғаны: ______________________________________________
бағалы заттардың атауы
______________________________________________________________ ақша,
саны, сомасы
____________________________________________________________________
тамақ өнімдерінің, заттардың атауы
Тапсырған:__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Қабылдаған:_________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Қатысқандар:________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20__ж. "___" _____________
Жеке шотында барлығы _______________________________________________
күдікті мен айыпталушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
Камера № ______ түбіртек №._______теңге ______________________
Жауапты ______________________________________________________
20__ж. "___" _____________
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Күдікті мен айыпталушының
КАМЕРАЛЫҚ КАРТОЧКАСЫ
Жеке іс №_________________________ | Ауыстыру | ||
Тегі ______________________________ | Камера № | Күні | Кезекшінің қолы |
Аты __________Әкесінің аты (ол болған жағдайда)_______ | |||
Туған жылы_______Ұлты_____________ | |||
Туған жері | |||
ҚК бабы бойынша тартылды | |||
Тергеу изоляторына келіп түскен уақыты | |||
Тергеу изоляторына қабылдау кезінде жеке тінтуді_____________ жүргізді | |||
№_____ камераға орналастырылды | |||
Тергеу изоляторы бойынша кезекші____ | |||
Изолятордан қашан және қайда шығарылды | |||
_____________________________БҮКТЕУ СЫЗЫҒЫ _____________________
Көтермелеулер | Жазалар |
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- |
Екінші жағы
Күдіктіге, айыпталушыға пайдалануға берілген изолятор заттарының
ТІЗБЕСІ
№ р/р | Атауы | Саны | Алған күні | Күдіктінің, айыпталушының қолы | Изолятор қызметкерінің заттарды қайтарғандағы қолы және күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Матрац | ||||
2 | Көрпе | ||||
3 | Жастық | ||||
4 | Ақжайма | ||||
5 | Жастықтыс | ||||
6 | Сүлгі | ||||
7 | Шыныаяқ | ||||
8 | Саптыаяқ | ||||
9 | Қасық | ||||
10 | Ішкиім | ||||
11 | Дамбал | ||||
12 | Тымақ | ||||
13 | Шалбар | ||||
14 | Кеудеше | ||||
15 | Қысқа пальто |
Күдіктінің, айыпталушының камераға берілген жеке киімдерінің
ТІЗБЕСІ
№ | Атауы | Саны | Алған күні | Күдіктінің, айыпталушының қолы | Изолятор қызметкерінің затты қайтарғандағы қолы және күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 6-қосымша |
нысан
Заттарды және тамақ өнімдерін жою туралы
АКТ
Біз, төменде қол қойған мынадай құрамдағы комиссия
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________,
лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Күдікті (сотталушы)_________________________________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
заттар немесе тамақ өнімдері ________________________________________
_____________________________________________________________________
жоюды жүзеге асырдық.
Барлығы жойылғаны: __________________________________________________
(атауы)
______________________________________________________________ (саны)
_____________________________________________________________________
тамақ өнімдерінің, заттардың атауы
Қатысқандар:_________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20__ж. "___" _____________
Камера № ______ __________________________ __________
Жауапты _____________________________________________
20__ж. "___" _____________
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 7-қосымша |
нысан
ӨТІНІШ
Төмендегі тамақ өнімдері мен бірінші қажеттілік заттарын сатып алуды сұраймын:
№ р/р | Тамақ немесе заттың атауы | Сатып алу мөлшері | Сатып алынған саны (салмағы, данасы) | Құны (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Барлығы: ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ескерту: күдікті немесе айыпталушы 2 және 3-бағандарды толтырады.
Күдіктінің немесе айыпталушының қолы ________________________________
_______________________________________________________ алдым.
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бұл соманы менің жеке шотымнан өндіруді сұраймын ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күдіктінің немесе айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда), қолы
20__ ж. "___" __________
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 8-қосымша |
Қабылдау-тапсыру бөлмесінің жиһазы мен мүлкінің
ТІЗБЕСІ
1. Сәлемдемелерді тексеруге арналған үстел.
2. Сәлемдемелерді қоюға арналған сөрелер.
3. Ыдыс: сәлемдемелерді камераларға жеткізуге арналған себет, сөмкелер.
4. Тоңазытқыш.
5. Пышақтар, қасықтар, ыдыстардың қажетті саны.
6. Жуынғыш, айна, сабын, сүлгі.
7. Таразы.
8. Бақылаушыларға арналған ақ халаттар мен бас киімдер.
9. кесу тақтайшалары.
10. Залалсыздандыру құралдары.
11. Қолдық металды детектор.
12. Біз.
13. Ұлғайтқыш шыны.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 9-қосымша |
нысан
Азық-түлікті және заттарды беру туралы
ӨТІНІШ
Азамат (ша) ____________________________________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
мекен-жайы _____________________________________________________
тұратын мекен-жайы
жеке куәлігі № ________________ ______________________ берілген.
№ р/р | Азық-түлік атаулары | Салмағы | Ескерту | |
кг | грамм | |||
Азық-түліктің жалпы салмағы |
№ р/р | Киім, аяқ киім, басқа да заттардың атаулары | Саны | Ескерту |
_______________________________________үшін сәлемдеме қабылдауды
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
сұраймын.
Қолы 20__ ж."__"____________
Сәлемдемені қабылдаған ______________________________________________
күдіктінің немесе айыпталушының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20__ ж."__"____________
Сәлемдемені алдым ___________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20__ ж. "__"____________
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 10-қосымша |
нысан
Түгендеу № ____________
Сақтау мерзімі ________
_______________________
Күдіктілер мен айыпталушылардың шағымдары мен өтініштерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ № __ ___________________________ ___________________________
(органның атауы)
Том № ________
Басталуы: 20__ ж."___"_____________
Аяқталуы: 20__ ж. "___"____________
______ бетте
журнал ____ томда
Бет жағы
Ішкі жағы
№ р/р | Өтініш, шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Түскен күні | Кімге | Өтініш, шағым қысқаша мазмұны (прокурорға жабық күйінде берілгеннен басқасы) | Кімге жолданды (шығыс нөмірі мен күні) | Қарау қорытындысы/жарияланған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа адамдармен кездесуге РҰҚСАТ
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.11.2020 № 76/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азамат(ша) ____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________________
(қылмыстық процесті жүргізуші органның атауы)
өндірісіндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің______________
бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін
тартылған_______________________________________________________________,
күзетте ұсталушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
"___" ______ ____ жылы туылған, кездесуге рұқсат берілгенін хабарлаймыз.
________________________________________________________________________
қылмыстық процесті жүргізуші адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Қолы _________________
"__" _________________
"КЕЛІСЕМІН" _______________________________
қылмыстық процесті жүргізуші адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолы _________________
"__" _________________ | |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 12-қосымша |
нысан
Күдіктілерді және айыпталушыларды жазалау және
көтермелеуді тіркеу
КІТАБЫ ТОМ № ________
Басталуы: 20__ ж."___"_____________
Аяқталуы: 20__ ж. "___"____________
______ бетте
журнал ____ томда
Бет жағы
Ішкі жағы
I бөлім
Жазаға тартылған адамдарды есепке алу
№ р/р | Жазаға тартылған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Жазаға тартылған себебі | Жазалау түрі | Кім және қашан жариялады | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
II бөлім
Тергеу изоляторы әкімшілігі
көтермелеген адамдарды есепке алу
№ р/р | Көтермеленген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Көтермелеу себебі | Көтермелеу түрі | Кім және қашан жариялады | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 13-қосымша |
нысан
Күдіктіні немесе айыпталушыны
бір кісілік камераға немесе карцерге қамау туралы
ҚАУЛЫ
Күдікті немесе айыпталушы ___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы
_____________________________________________________________________
бұзушылықтың жасалған уақыты, жағдайы мен сипаты)
режимді бұзуға жол берді.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН
күдікті немесе айыпталушы ___________________________________________
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
режимді қасақана бұзғаны үшін карцерге ________ тәулікке қамалсын.
Тергеу изоляторының бастығы _________________________________________
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20___ж."___"__________
Қаулының жарияланған күні 20___ ж. "___"_______
__________________________________________
күдіктінің немесе айыпталушының қолы
Қаулыны жария еткен _________________________________________________
_____________________________________________________________________
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Тінту жүргізген _____________________________________________________
тінту жүргізген адамның қолы
Тағайындалған жазаның орындалуы туралы белгі.
20 __ ж. "___"________ "___" сағ. "___" минутта карцерге қамалды.
Кезекші көмекші _____________________________________________________
атағы, қолы
20 __ ж. "___"_______"___" сағ. "___" минутта карцерден шығарылды.
Кезекші көмекші _____________________________________________________
атағы, қолы
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларына 14-қосымша |
нысан
Күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті тұлғаның жеке қабылдауы
ЖУРНАЛЫ ТОМ № ________
Басталуы: 20__ ж."___"_____________
Аяқталуы: 20__ ж. "___"____________
______ бетте
журнал ____ томда
Бет жағы
Ішкі жағы
№ р/р | Уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы | Өтініш берген күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), өтініштің тіркеу нөмірі | Өтініштің мазмұны | Қабылданған шаралар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |