О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 ноября 2023 года № 790. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 ноября 2023 года № 33598

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 504 "Об утверждении Правил организации деятельности и внутреннего распорядка специальных учреждений, осуществляющих исполнение наказания в виде ареста" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15551) следующие изменения:

      в Правилах организации деятельности и внутреннего распорядка специальных учреждений, осуществляющих исполнение наказания в виде ареста, утвержденных указанным приказом:

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Пища по питательным свойствам и калорийности должна соответствовать приказу Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 июня 2023 года № 448 "Об утверждении натуральных норм питания и материально-бытового обеспечения подозреваемых, обвиняемых и осужденных, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы" (далее – натуральные нормы), приготавливается и подается с учетом санитарно-эпидемиологических требований.";

      пункт 99 изложить в следующей редакции:

      "99. Осужденные обеспечиваются кроватью и постельными принадлежностями в соответствии с натуральными нормами.";

      пункт 124 изложить в следующей редакции:

      "124. Лечение осужденных, страдающих туберкулезом или не прошедших полный курс лечения от инфекций, передающихся половым путем, инфекционного или кожно-заразных заболеваний, а также осужденных, больных синдромом приобретенного иммунодефицита, по решению медицинской комиссии СП или СИ проводится в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-61 "Об утверждении Правил оказания медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28669) и приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-60 "Об утверждении Правил организации оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, содержащимся в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28668).".

      2. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 505 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15564) следующие изменения:

      в Правилах внутреннего распорядка следственных изоляторов уголовно-исполнительной системы, утвержденных указанным приказом:

      пункт 45 изложить в следующей редакции:

      "45. Для общего пользования в камеры выдаются средства личной гигиены в соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 июня 2023 года № 448 "Об утверждении натуральных норм питания и материально-бытового обеспечения подозреваемых, обвиняемых и осужденных, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы" (далее – натуральные нормы).";

      пункт 116 изложить в следующей редакции:

      "116. Для оказания специализированной медицинской помощи лица, содержащиеся в следственных изоляторах в стационарных условиях (плановая и экстренная госпитализация), направляются в субъекты здравоохранения по профилям заболеваний в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-61 "Об утверждении Правил оказания медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28669).

      При этом указанные лица помещаются в изолированные палаты, оборудованные разборными средствами охраны.";

      пункт 140 изложить в следующей редакции:

      "140. Подозреваемые и обвиняемые при этапировании для проведения следственных действий и в суды обеспечиваются сухими пайками в соответствии с натуральными нормами.";

      пункт 159 изложить в следующей редакции:

      "159. Подозреваемые или обвиняемые, освобожденные из-под стражи, при отсутствии достаточной суммы денег на лицевом счете обеспечиваются проездом к месту жительства железнодорожным, автомобильным или водным транспортом, питанием на путь следования, а также одеждой и обувью по сезону.

      Обеспечение освобождаемого лица питанием, одеждой и обувью осуществляется в соответствии с натуральными нормами.

      Администрация учреждения приобретает проездной билет освобождаемому лицу до места жительства или работы в пределах территории Республики Казахстан за десять дней до освобождения.".

      3. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 790 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 қарашада № 33598 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларында:

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Тағамдық қасиеттері мен құнарлылығы бойынша тамақ "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығына (бұдан әрі - заттай нормалар) сәйкес келуге тиіс, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ескеріле отырып дайындалады және беріледі.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Сотталғандар заттай нормаларға сәйкес төсек және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.";

      124-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "124. АҚО немесе ТИ медициналық комиссиясының шешімі бойынша туберкулезбен ауыратын немесе жыныстық жолмен берілетін жұқпалы немесе тері-жұқпалы ауруларға қарсы толық емдеу курсынан өтпеген сотталғандарды, сондай-ақ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын сотталғандарды емдеу "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) және "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28668 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.".

      2. "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:

      45-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "45. Жалпы пайдалану үшін камераларға "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығына (бұдан әрі - заттай нормалар) сәйкес жеке гигиена құралдары беріледі.";

      116-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "116. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін стационарлық жағдайларда тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар (жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу) "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №169472 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес аурулар бейіні бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне жіберіледі.

      Бұл ретте, көрсетілген адамдар жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталарға жатқызылады.";

      140-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "140. Күдіктілер мен айыпталушылар тергеу амалдарын жүргізуге және соттарға жөнелтілер алдында заттай нормаларға сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.";

      159-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "159. Күзеттен босатылған күдіктілердің немесе айыпталушылардың жеке шотында жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль немесе су көлігімен бару жолында жол жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусым бойынша киім және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

      Босатылатын адамды тамақпен, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету заттай нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Мекеме әкiмшiлiгi босатылғанға дейін он күн iшiнде босатылатын адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына дейін жол жүру билетiн сатып алады.".

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов