Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15564 болып тіркелді.

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (А.Х. Базылбеков):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков ) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 505 бұйрығымен
бекітілген

Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесi тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi тергеу изоляторларының ішкі тәртіптемені айқындайды.

      2. Осы Қағидалар:

      1) күдiктiлер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру;

      2) күдiктiлер мен айыпталушыларды жеке тінту, дактилоскопиялау, суретке түсіру, сондай-ақ заттарын тексеруді жүргізу;

      3) күдiктiлер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектерді және тамақ өнімдерін алып қою;

      4) күдiктiлер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;

      5) күдiктiлер мен айыпталушыларды тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттар мен басқа да өнеркәсіптік тауарларды сатып алуы;

      6) күдіктілер мен айыпталушыларға сәлем-сауқаттарды қабылдау және тапсыру;

      7) күдiктiлер мен айыпталушылардың хаттарды, ақшалай аударымдарды алуы және жіберуі;

      8) күдiктiлермен айыпталушылардың ұсыныстарды, өтініштері мен шағымдарынжіберу;

      9) күдiктiлермен айыпталушылардың діни жораларды орындауы;

      10) айыпталушыларды еңбекке тарту;

      11) күдiктiлер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;

      12) айыпталушыларды газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;

      13) күдiктiлер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;

      14) күдiктiлер мен айыпталушыларға күнделікті серуендеуін жүргізу;

      15) күдiктiлер мен айыпталушыларға қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуін жүргізу;

      16) күдіктілерді, айыпталушылар тергеу әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету;

      17) күдiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу мен жазалау шараларын қолдану;

      18) күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстау орнының әкімшілік басшыларымен және оған уәкілетті адамдармен жеке қабылдау;

      19) тергеу изоляторларында қайтыс болған күдіктілер мен айыпталушылардың мәйітін беру;

      20) күдiктiлер мен айыпталушыларды қамаудан босату тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әрбір тергеу изоляторында тергеу изоляторы бастығының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітілген күдіктілердің, айыпталушылардың, сол не өзге де құрамымен жұмыс істеу ерекшелігін, жыл мезгілін, жергілікті және басқа да мән-жайларды ескере отырып, қатаң регламенттелген, орындалуға және сақталуға міндетті күн тәртібі ұйымдастырылады. Күн тәртібінде сегiз сағаттық үзiліссiз ұйқы, ұйқыдан тұру, дәрет алу, тамақтану, серуендеу, жұмыс, тәрбиелiк iс-шаралар, ұйқыға жату көзделедi.

      4. Күдікті немесе айыпталушы тергеу изоляторында жұмыс уақытында ғана жауап алынады, бұл ретте 21 сағаттан кешіктірмей камерасына қайтарады.

      5. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушы адамдардың тәртібін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақтайды.

      Күдіктілер мен айыпталушылардың мінез-құлық қағидаларын бұзуының, сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін бұзуының алдын алу және жолын кесу, азаптауларға және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу мақсатында бейнекамералар дәретханаларды, қол жуатын және себезгі бөлмелерін, моншаларды және ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерінің жатын үй-жайларын қоспағанда, комиссия айқындайтын орындарда орнатылады. Бұл ретте күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды сыртқы дене тексеруі жүзеге асырылатын үй-жайлар шымылдықтармен жабдықталады.

      Әйелдерді ұстауға арналған үй-жайларда бейнебақылау операторлары әйел жынысты қызметкерлерден тағайындалады.

      Бейне мұрағатты сақтау мерзімі кемінде 60 тәулікті құрайды.

      Бейнежазбалардың көшірмелерін беру қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының, қылмыстық қудалау органдарының, соттың, прокуратураның, сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодексте көзделген тәртіпте адвокаттардың және жәбірленушілерінің өкілдерінің ресми сұрауы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.12.2021 № 791 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тергеу изоляторында тексеруші адамдардың ескерту және ұсыныс кiтабы жүргiзiледi, оған тексеруші адам ескертулерiн, ұсыныстарын және кемшiлiктердi жою жөніндегі iс-шараларды орындау мерзiмдерiн енгiзеді.

2-тарау. Күдiктiлер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру тәртібі

      7. Күдікті мен айыпталушыны тергеу изоляторына қабылдау үшін ҚР ҚІЖК-нің 147-бабына сәйкес тұтқында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына алу туралы соттың қаулысы негіз болып табылады.

      8. Тергеу изоляторына түскен күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі (бұдан әрі - кезекші көмекші) немесе оның орынбасарымен тәулік бойы жүргізіледі, ол:

      1) мыналарды:

      тергеу изоляторына жеткізілген адамды қабылдауға негізі бар іс жүргізу құжаттарының барын тексереді;

      қамауға алынған адамдардың жеке ісінде тігілетін жеке басын куәаландыратын құжатының барын тексереді, олар қажет болған жағдайда арнайы есепке алу бөлімі қылмыстық процесті жүргізуші органға, кейіннен қайтарумен беріледі;

      туу туралы куәлiк немесе баланың медициналық ұйымда туғанын растайтын құжаттары, баланы асырап алу құжаты, ал мұндай құжаттар болмаған жағдайда қылмыстық iс өндірісіне берілген анықтау жүргiзетiн адамның, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жазбаша нұсқауы болуын тексереді (үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдi тергеу изоляторына қабылдау үшiн).

      2) аталған адаммен сұрау жүргізеді және оның жауаптарын оның жеке ісіндегі деректермен салыстырады;

      3) кезекші дәрігермен бірлесіп медициналық қарау жүргізеді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тергеу изоляторына судьяның не соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулысынан көшірме ұсынылған жағдайларда онда осы бұлтартпау шарасы қолданылған адамның толық айқындамалық деректері көрсетіледі. Көшірме лауазымды адамның қолымен куәландырылып, елтаңбалы мөр қойылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қаулының көшірмесін ауыстыруға жатады.

      10. Транзитпен айдауылданған күдіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторына қабылданады және 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14918 нормативтік құқықтық актілері) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға есеп жүргізу қағидасына сәйкес жолшыбай тізіміне және жеке ісі бойынша анықтама негізінде белгіленген жерге жіберіледі.

      11. Қылмыстық iстерi бойынша тергеу кезiндегi ұстау мерзiмi аяқталған және заңнамада ұзартылмаған күдіктілер және айыпталушылар тергеу изоляторына қабылданбайды. Күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталған адамдар тергеу изоляторына қабылданғаннан кейiн тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жоспарлы айдауылдан босатылады.

      12. Тергеу изоляторына қабылданған адамдар келiп түскен күні, бірақ бiр тәулiктен кешіктірмей алғашқы медициналық куәландырудан және санитариялық тексеруден өтедi. Медициналық куәландырудың нәтижелері медициналық амбулаториялық картаға енгiзiледi.

      13. Санитариялық тексерiстен өткеннен және медициналық куәландыру нәтижелерін алғаннан кейiн күдіктілер, айыпталушылар төсек жабдықтарын, сондай-ақмаусым бойынша киiм-кешектi (өз киім-кешегі болмаған жағдайда) алады.

      Уақытша оқшалау жайына, тәртіп изоляторына орналастырылған кәмелеттік жасқа толмаған адамдар киімдерін ауыстырады. Оларға тиесілі киімдері алынады және сақтауға беріледі.

      14. Тергеу изоляторына қабылданған күдіктілер және айыпталушылар құқықтары мен мiндеттерi, күзетте ұстау режимi, тәртiптiк талаптар, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпаратпен қол қою арқылы танысады. Көрсетiлген ақпарат жазбаша түрде ұсынылады.

      15. Қарауылдан (айдауылдан) қабылданған жеке істерді ресімдеу кезінде күдіктілер мен айыпталушылар оқшаулау тәртібін сақтай отырып, жинақтау бөлiмшесінiң камераларына бiр тәулiктен аспайтын мерзiмге не орындықтармен және жасанды жарықпен жабдықталған бiр орындық бокс бөлмесiне екi сағаттан аспайтын мерзiмге орналастырылады.

      16. Күдіктілер мен айыпталушыларды камералар бойынша орналастыру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камераларда орналастыру жоспары негізінде "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тергеу изоляторының әкімшілігі олардың арасындағы байланысты болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

      Жаңа келген күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторында ұстау тәртібімен және жағдайымен таныстыру, сондай-ақ денсаулығының жағдайын тексеру және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу, олармен психологиялық тексерістерді жүргізу мақсатында көрсетілген адамдар 15 тәулікке дейін карантин бөлімшесіне орналастырылады.

      Күдіктілерді және айыпталушыларды камераларға жедел қызмет қызметкерінің келісімі бойынша, ал кәмелетке толмағандарды тәрбие жұмысы жөніндегі нұсқаушының келісімі бойынша кезекші көмекші немесе оның орынбасары орналастырады. Науқас адамдар медицина қызметкерінің нұсқауымен орналастырылады. Жұқпалы аурумен науқас адамдар жеке камераларға орналастырылады. Карантинде ұстау мерзімі медициналық көрсеткіштер бойынша белгіленеді.

      Заңның 32-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл ретте бейнебақылау жүйесі арқылы және қосымша (уақытша) бекет қою арқылы күшейтілген қадағалау қамтамасыз етіле отырып, суицид жасау қаупі бар адамдарды жалғыз ұстауға жол берілмейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтiмге және байқауға мұқтаж науқастар басқа күдіктілерден және айыпталушылардан бөлек орналастырылады.

      18. Тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдарда күдіктілер және айыпталушылар ауру түрлерiне қарай орналастырылады. Ерлер мен әйелдер, ересектер мен кәмелетке толмағандар бiр-бiрiнен бөлек орналастырылады. Аса ауыр және ауыр қылмыстар жасады деген күдіктілер мен айыпталушылар оқшау ұсталады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Кәмелетке толмағандар жасын, денесiнiң жетiлуiн және мінез-құлқын ескере отырып, жеке корпустарда, секцияларда немесе режимдiк корпустардың қабаттарында орналасқан аз орындық камераларда кем дегенде 4-6 адамнан орналастырылады.

      20. Камераларда құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Заңның 32-бабына сәйкес кәмелетке толмағандармен бірге алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған оң мiнезделетін ересек адамдар орналастырылады.

      Аз орындық камераларда кәмелетке толмағандармен бірге ересектердiң бiр-екеуiн, жалпы камераларда үшеуін ұстауға жол беріледі.

      21. Күдіктілер мен айыпталушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жабдықталған құлыппен жабылатын жалпы камераларда ұсталады. Заңның 31-бабына сәйкес тергеу изоляторы бастығының қаулысының дәлелі бойынша жалғыз басты камераларға күдіктілер мен айыпталушыларды орналастыруға рұқсат етіледі.

      22. Осы Қағидаларға 16-тармағында көрсетiлген оқшаулау тәртiбi күдіктілердің және айыпталушылардың барлық орын ауыстыруы (серендеу, санитариялық тазалау жүргізу кезiнде дәлiзде және тергеу изоляторының аумағында қозғалуы) кезiнде қамтамасыз етiледі.

      23. Жүктi әйелдерді, үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдерді орналастыру үшін жеке режимдiк корпустарданемесе режимдік корпустардың оқшауланған бөліктерінде орналасқан неғұрлым жарық және құрғақ камералар пайдаланылады. Камералар бiр қабатты жатын орындарымен жабдықталады.

3-тарау. Күдiктiлерді және айыпталушыларды жеке тінту, дактилоскопиялау, суретке түсіру және заттарын тексеріп қарау тәртібі

      24. Тергеу изоляторына түскен күдіктiлер, айыпталушылар толық жеке тiнтуден, дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өтеді, ал олардың жеке заттары тексеріп қаралады.

      25. Күдіктiлерді және айыпталушыларды жеке тiнту және олардың заттарын тексеріп қарау сақтауға және пайдалануға тыйым салынған не осы адамға тиесiлi емес заттарды, құралдарды және азық-түлiктi табу және алып қою мақсатында жүргiзiледi.

      26. Күдіктiлерге және айыпталушыларға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарғаөмiр мен денсаулыққа қауiп төндiретiн немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылатын не күзетпен ұстауға кедергі келтіре алатын заттар,заттектер және тамақ өнімдері, сондай-ақ осы Ереженің 6 қосымшасына сәйкес күдіктiлермен айыпталушылардың өздерінде болуға, сақтауға, сауқаттар, сәлемдемелер алуға және қолма-қол төлемсіз сатып алуға рұқсат етілгентамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар, аяқ киiм, киім-кешек және басқа да өндiрiстiк тауарлар тізбесіне енгізілмеген немесе белгiленген мөлшерден асып кеткен тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар, аяқ киiмдер, киім-кешек және басқа да өнеркәсіптік тауарларжатады.

      27. Жеке тiнту толық және жартылай болады. Күдіктілер мен айыпталушылар толық тінтілуге тартылады.

      1) тергеу изоляторына келген кезде;

      2) изолятордан тыс жерлерге кеткенде;

      3) жалғыз адамдық камераға, тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшалау кезінде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Заңның 33 бабына сәйкес тергеу изоляторы бастығының немесе орынбасарының нұсқауымен толық тiнтуден өтедi.

      Толық тiнту кезiнде тiнтiлушiнiң денесi, оның киiмдерi, аяқ киiмдерi, сондай-ақ протезi мұқият тексерiледi. Күдіктілермен айыпталушыларға толық шешiнiп, денесiнiң тиiстi жерiн көрсету ұсынылады. Пластырлы жапсырма, гипс және басқа да байлауыштар медицина қызметкерiмен бiрлесіп тексерiледi. Киiмге тiгiлген заттар табылған жағдайда матасы сөгiледi. Аяқ киiмнен супинаторы, темiр тағалары суырылып алынады.

      Күдіктілер мен айыпталушыларға тек Тізбеде белгіленген өздерінде болуға және камерада сақтауға рұқсат етілген заттар, құралдар және тамақ өнiмдерi қалдырылады. Күдіктілермен айыпталушыларда қалған олардың жеке заттары мен құралдары камера карточкаларына жазылады. Басқа қалған заттары, заттектері және тамақ өнімдері сақтауға қабылданады не тергеу изоляторы бастығының шешімімен жойылады.

      28. Жартылай тiнту күдіктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторының шегінде алып шыққан кезде (дактилоскопиялауға, дәрiгерге, тергеушiге алып шыққанда, туыстарымен және өзге де адамдармен кездескенге дейін және кейін, басқа камераға, оның ішінде жалғыз адамдық камераға ауыстыру кезінде) жүргiзiледi. Жартылай тiнту тiнтiлушiнi шешiндiрмей-ақ киiмiн және аяқ киiмiн қарап, саусақпен басып көру арқылы жүргiзiледi.

      29. Күдіктiлер мен айыпталушыларды жеке тiнтудi тергеу изоляторының онымен жынысы бiр қызметкерi жүргiзедi.

      30. Тергеу изоляторына келген күдіктiлер мен айыпталушыларды олардың жеке iстерiнде тану суреті және дактилоскопиялық картасы болмаған кезде фотодактилоскопия тобының қызметкерi суретке түсіредi және дактилоскопиялайды. Олардың әрқайсысына бiр дактилоскопиялық карта және көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр алты фотокарта (үшеуi алдынан және үшеуi қырынан)дайындалады.

      31. Күдіктiлер мен айыпталушылардың заттарын тексеру тергеу изоляторына түскен кезде, оның шегінен тыс жерге жөнелтiлер алдында, басқа камераға, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның стационарына ауыстыру немесе тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамау кезінде олардың қатысуымен жүргiзiледi.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Күдіктілер мен айыпталушыларды толық тiнту немесе заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi (еркін нысанда), оған еркін нысанда жасалған тыйым салынған заттарды, құралдарды және тамақ өнімдерін алып қою туралы акті қоса беріледі. Толық тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген кезде бiр хаттама жасалады. Хаттамаға күдiктi немесе айыпталушы және тергеу изоляторыныңтолық тiнту жүргiзген немесе заттарын тексерген қызметкерi қолдарын қояды. Күдіктiнің немесе айыпталушының хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi наразылықтары хаттамада жазылады. Хаттама мен акті жеке iске тiгiледi. Толық жеке тiнту немесе заттарды тексеру туралы күдiктiнiң және айыпталушының камералық карточкасында тiнту жүргізген немесе заттарын тексерген адамның тегiнжәне күнiн көрсете отырып белгi қойылады.

      33. Жартылай тiнту кезінде тыйым салынған заттарды, құралдарды және тамақ өнімдерін алу туралы баянат (еркін нысанда) жасалады.

      34. Күдіктiлер мен айыпталушыларды тiнту немесе заттарын тексеру кезінде тыйым салынған заттарды, заттектерді мен тамақ өнімдерін табуға арналған техникалық құралдарды пайдалануға болады.

4-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектерді мен тамақ өнімдерін алып қою тәртібі

      35. Күдіктiден немесе айыпталушыдан сақтауға қабылданған тиесілі ақшасы оныңжеке шотына салынады. Құнды заттар(қымбат металдар және одан жасалған бұйымдар, қымбат тастар, iнжу және одан жасалған бұйымдар, барлық түрдегi және маркадағы сағаттар, бағалы қағаздар, валюта және ұялы байланыс құралдары) тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне тергеу изоляторында болған уақытта оларды пайдалану және иемдену құқығынсызсақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар (жеке басын куәландыратын және басқа құжаттар) тергеу изоляторының арнайы есепке алу бөліміне сақтауға беріледі. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттар, құралдар мен тамақ өнімдері мекеменiң қоймасына сақтауға тапсырылады немесе соттың шешімімен жойылады.

      36. Күдіктiлер мен айыпталушылардан құндылықтарды алып қоюне сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада акті толтырылады. Бiрiншi данасы күдiктiге немесе айыпталушыға берiледi, екiншi данасы қаржы бөлiмiне берiледi, ал үшiншi данасы жеке iсте сақталады. Ақша жеке шотқа түскеннен кейiн күдіктіге немесе айыпталушыға қаржы бөлiмi шоттағы сақталатын сома көрсетiлген түбiртек бередi.

      37. Күдіктілер мен айыпталушылардан сақтауға қабылданған не алып қойылған ақшаның сомасы немесе құнды заттары туралы тергеу изоляторының әкiмшiлiгi олардың сұрау салуы бойынша өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамға немесе органға хабарлайды.

      38. Күдіктіден немесе айыпталушыдан заттарды және тамақ өнімдерін сақтауға қабылдау комиссиялық түрде жүргізіледі. Комиссиялардың құрамын тергеу изоляторының бастығы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкері қатарынан акт бойынша тағайындайды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Соттың шешімі бойынша құндылығы жоқ нәрселер, заттар, сондай-ақ тамақ өнімдері, оның ішінде: спирттік ішімдіктер немесе спирттік негіздегі бұйымдар, оларды дайындауға арналған өнімдер, есірткі (оларды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған жағдайларды қоспағанда) және оларды пайдалануға арналған құрылғылар, отқа қауіпті заттар мен құралдар, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйым медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылған дәрілік заттар, ойын карталары, эротикалық, порнографиялық немесе зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын қолжазба, графикалық, баспа, фото және бейне өнімдер (қылмыстық іс материалдарын қоспағанда), тұтынылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін не тергеу изоляторларында қамтамасыз етілмейтін ерекше сақтау жағдайларын талап ететін тамақ өнімдері, мақсаты немесе қасиеттерін анықтау мүмкін емес не өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін жоғалтқан және Тізбеге енбеген өзге де заттар, құралдар мен тамақ өнімдері жойылуға жатады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Тұтқында ұсталу кезінде күдікті мен айыпталушыдан алынған немесе айқындалған ақша немесе құнды заттардың әр бір фактсі бойынша, сондай-ақ өзге де қажетті жағдайларда олардың қайдан келіп түскенін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тергеу жүргiзiледi.

      41. Күдіктілер мен айыпталушылардан, сондай-ақ камералар мен мекеме аумағына тиесілі ақша, бағалы қағаздар мен басқада құнды заттар, иелерін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес әкімшілікпен алынады және сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударуға жатады.

      Дүние-мүліктер, бұйымдар, заттар, құжаттар мен азық-түліктерді күдіктілер мен айыпталушылардан алу, азық-түліктер, бірінші қажетті заттарды, аяқ киімдер және басқа да өнеркәсіп тауарлары Тізімге кірмейтін, күдіктілер мен айыпталушылар өздерінде сақтауға, сәлем-сауқаттар алуға және қолма қолсыз есептеу бойынша, мекеме әкімшілігінің комиссия шешімі бойынша туыстарына беріледі немесе мекеме бастығының қаулысымен сақтауға немесе жояды, осы туралы (еркін нысанда) акт құрастырылады.

      42. Күдіктінің және айыпталушының өтiнiшi бойынша және өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның не органның келiсiмiмен тергеу изоляторында сақталудағызаттар, құралдар жәнетамақ өнімдері күдiктi мен айыпталушыныңтуыстарына немесе өзге адамдарға (еркін нысандағы) қолхатпен берiледі.

      43. Күдікті мен айыпталушы қайтыс болған жағдайда сақтаудағы оған тиесілі ақша, құнды заттар, басқа да заттар, құралдармен тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 235 бабында көрсетілген тәртiпте оның мұрагерлеріне беріледі.

5-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      44. Күдіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету Заңның 22-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұтқында ұстау кезінде уақытша пайдалануға тегін мүлік беріледі.

      Жатын үй-жайлар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы тиiс (үй-жай ауданы, көзге қауiпсiз жарықтандыру, табиғи жарықтандыруда әдебиеттердi оқу мүмкiндігі, үй-жайды желдету).

      Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген. 

      Күн тәртібімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.

      45. Жалпы пайдалану үшін камераларға "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығына (бұдан әрі - заттай нормалар) сәйкес жеке гигиена құралдары беріледі.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.11.2023 № 790 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Тергеу изоляторларының камералары:

      1) үстелмен және орындықтармен және камерадағы орындар саны бойынша отырғызу орындарымен;

      2) жатын орынмен;

      3) санитариялық тораппен;

      4) су құбыры кранымен;

      5) электр құралдарын қосуға арналған розеткалармен;

      6) азық-түлiк шкафымен;

      7) сыртқы киiмге арналған iлгiштермен;

      8) жуыну жабдықтарына арналған сөремен;

      9) қабырғаға бекiтiлетін айнамен;

      10) ауыз суға арналған ыдыспен;

      11) жалпымемлекеттiк бағдарлама таратуға арналған радиодинамикамен;

      12) әкiмшiлiк өкiлiн шұғыл шақыртатын түймемен;

      13) қоқысқа арналған ыдыспен;

      14) күндiзгi және түнгi жарық беретін шамдармен;

      15) тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген қосымша ақылы қызмет көрсетiлген жағдайда желдеткiш жабдығымен, сондай-ақ тұрмыстық құралдармен;

      16) баласы бар әйелдер ұсталатын камераларда балалар кереуеттерiмен жабдықталады.

      47. Камераларда су ысытатын құралдар болмағанда ішуге арналған қайнаған су күнделікті тергеу изоляторының әкімшілігі белгiленген уақытта қажеттілікті ескере отырып берiледi.

      48. Күдіктiлер мен айыпталушыларға аптасына кемінде бiр рет 15 минуттан кем емес ұзақтықта душта жуыну мүмкiндiгі берiледi. Апта сайын душта шомылғаннан кейiн төсек жабдықтары ауыстырылады.

      Біржолғы қауіпсіз ұстаралар бекітілген кестеге сәйкес пайдалану уақытына тергеу изоляторы әкімшілігінің бақылауымен беріледі. Басқа уақытта бекетте жабдықталған арнайы металл жәшікте сақталады.

      49. Үстел ойындары он адамға бiр жиынтықтан немесе iшiнде он адамнан кем болатын бiр камераға бiр жиынтықтан берiледi.

      50. Күдіктiлер мен айыпталушылардың өтiнiшi бойынша ұсыныс, өтiнiш, шағым жазу үшін жазу құралдары (қағаз, шариктi қаламсап)берiледi.

      51. Тергеу изоляторының кiтапханасынан газеттер олардың келiп түсуіне қарай он адамға бiр газет есебінен немесе егер онда он адамнан кем болса бiр камераға бiр газеттен берiледi.

      52. Тергеу изоляторының кiтапханасынан кiтап және журнал айырбастау аптасына бiр рет жүргiзiледi. Кiтапхана абонементiн пайдалану қағидасын тергеу изоляторының бастығы бекiтедi.

6-тарау. Күдіктiлер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттарды және басқа да өнеркәсіптiк тауарларды сатып алу тәртібі

      53. Сезіктілер мен айыпталушылар тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды және сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған басқа да өнеркәсіп тауарларын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тергеу изоляторының дүкенінен (дүңгіршегінен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алады.

      Электрондық сауда алаңында тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу тапсырыс беру арқылы, арнайы стационарлық (терминал) не мобильді (планшет) құрылғы арқылы, Интернет желісіне электрондық сауда алаңының интернет-ресурсына бару үшін ғана қол жеткізе отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2020 № 652 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Тергеу изоляторының дүкенінде (дүңгіршегінде) немесе электрондық сауда алаңында сатуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіп тауарларының ассортименті рұқсат етілген заттардың тізбесімен айқындалады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2020 № 652 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Бiр адамға тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды сатудың нормасы, ассортименті, саны бойынша белгiленбейдi. Күдікті мен айыпталушы өзінде болатын тамақ өнімдерінің жалпы салмағы 35 килограммнан аспауы керек. Сатып алынған тауарды сату айына екi реттен кем жүргізмейді.

      56. Күдіктілер мен айыпталушылар дүкенге (дүңгіршекке) шығарылмайды. Дүкендегi (дүңгіршектегi) бар тауарлардың ассортиментi және олардың құны күзетпен ұсталатын адамдардың назарына жеткiзiледі.

      57. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды және өнеркәсіптік тауарларды сатып алғысы келетiн адамдар тергеу изоляторы бастығының атына осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш жазады, ол жеке шотында ақшасы бар екендiгi туралы ақша түбiртегiмен бiрге әкiмшiлiк өкiлiне тапсырылады.

      Дүкеннiң (дүңгіршектiң) жұмыскері тауар сатып алғысы келген күдікті мен айыпталушының жеке шотында ақшасының бар-жоғын қаржы бөлiмiнен тексередi. Сатып алынған тауарлар камераларға таратылып, қолхат арқылы берiледi.

      58. Егер тауар сатып алған күдікті мен айыпталушының жеке шотында ақша қалса, оған тиiстi белгi қойылған түбiртек қайтарылады, ал егер қаражат болмаса түбiртек өтiнiшке тiркеледi. Жұмыс күнi аяқталған соң дүкен (дүңгіршек) жұмыскері аванстық есеп жасайды және оны өтiнiштермен бiрге жеке шоттағы ақшаны есептен шығару үшiн қаржы бөлiмiне тапсырады.

      59. Тергеу изоляторында дүкен (дүңгіршек) болмаған жағдайда күдіктiлер мен айыпталушыларға қажеттi тауарларды тергеу изоляторынан тыс жерде орналасқан сауда нүктесiнен сатып алынады.

      Күдіктілер мен айыпталушылардың жеке шоттарынан талап еткен ақша сомасын есепке алу үшін күдіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторының қаржы бөлімінің қызметкеріне тергеу изоляторының бастығы куәландырылған сенімхатты береді. Берiлген ақша есеп беретін адамнан осы туралы өтініш берген адамдарға сатып алынған тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды бергенін растайтын аванстық есеп және құжаттар негiзiнде есептен шығарылады. Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды алуға өтiнiштiң және қолхаттың негiзiнде олардың құны күдіктiлер мен айыпталушылардың жеке шоттарынан есептен шығарылады.

      Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күдіктiлер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсаған ақша сомасы (күнi көрсетiле отырып) туралы оның жеке iсiнде белгi жасайды.

      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Күдіктiлер мен айыпталушылардың туыстарына не өзге адамдарға тергеу изоляторының қаржы бөлiмi арқылы тергеу изоляторының дүкендерiнде (дүңгіршектерде) немесе электрондық сауда алаңында сатуда бар тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың құнын кейiн оны күдіктiлерге және айыпталушыларға беру үшiн төлеу мүмкiндiгі берiледi.

      Бұл жағдайда туысы немесе өзге адам тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне екi данада өтiнiш бередi, онда өзi құнын төлегiсi келетiн тамақ өнімдерінің және басқа да тауарлардың саны мен салмағы көрсетiледi және қажеттi соманы төлейдi. Сатып алынған тауарды күзетпен ұстауға алынған адам алғаннан кейiн оның қолы қойылған өтiнiштiң бiрiншi данасы тауардың құнын төлеген адамға қайтарылады, ал екiншi данасы жеке iсiне тiгiледi. Тиiстi белгi анықтама картотекасына қойылады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2020 № 652 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Сәлем-сауқаттарды күдіктілер мен айыпталушыларға қабылдау және беру тәртібі

      61. Күдіктілерге және айыпталушыларға арналған сауқаттарды, сәлемдемелерді қабылдау тергеу изоляторының осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінің жиһазы мен мүккәмалы тізбесіне сәйкес жабдықталған үй-жайында жүзеге асырылады. Күдіктілерге және айыпталушыларға салмағы 20 килограммнан аспайтын сауқаттар мен сәлемдемелердің санын шектеусіз алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер келушілердің кезектілік тәртібінде қабылданады. Тізбе мемлекеттік және ресми қолданылатын орыс тілдерінде сәлемдемелер қабылдауға арналған үй-жайда ілінеді.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.11.2019 № 972 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Сәлемдеменi жеткiзген адам осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада өтiнiш толтырады және оған қол қояды. Өтiнiштiң екi данасы, сәлемдеме, сәлемдемені жеткiзген адамның жеке басын куәландыратын құжат тергеу изоляторының қызметкерiне берiледi.

      63. Сәлемдеменің ішіндегісінің болуын, салмағын салыстыру және тексеру оларды жеткiзген адамдардың қатысуымен осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес азық-түлік және заттай сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Салынғанның тiзбесi және сауқаттар мен сәлемдемелердің салмағы тексерiледi және өтiнiште белгiленедi. Жеке басын куәландыратын құжат сәлемдеменiң ішіндегісін салыстыру не тексеру жүргізгеннен кейiн қайтарылып берiледi.

      64. Тергеу изоляторының қызметкерi сәлемдеменi қабылдаған соң келушіге жеке құжаттарын және өтiнiштiң бiрiншi данасын қабылдағаны туралы қол қойып қайтарады, ал екiншi данасы сәлемдемені алғаны туралы оның қолы қойылғаннан кейiн күдіктінің және айыпталушының жеке iсiне тігіледі. Анықтама карточкасында бұл адамға сәлемдеменi қабылдағаны туралы белгi қойылады. Күдікті немесе айыпталушы өтiнiшке қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы өтiнiште тиiстi белгi қойылады.

      65. Сәлемдемелер мынадай жағдайларда:

      1) адресат күзетпен ұстаудан босатылған немесе ол тергеу изоляторынан үш тәулiктен артық мерзімгекеткен;

      2) күдіктi немесе айыпталушы қайтыс болған;

      3) күдіктiнiң немесе айыпталушының өзiне арналған сәлемдеменi өз қолымен алуына немесе iшiндегiні керегiне жаратуға мүмкiндiгi болмаған;

      4) сәлемдеменің салмағы осы Қағидаларға 61-тармағында көзделген нормаға сәйкес келмеген;

      5) сәлемдеменi жеткiзген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;

      6) күдiктi немесе айыпталушы өзiне арналған сәлемдеменi қабылдаудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайларда;

      7) транзитпен аудауылданатын адамдарға қабылданбайды және келушiге керi қайтарылады.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 15.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Тергеу изоляторында немесе ауруханада емделу курсынан өтiп жатқан адамдарға келген сәлемдемелердi қабылдау кезінде емдеушi дәрiгердiң ұсынымдары ескерiледi.

      67. Сауқаттарды ашып және ішіндегісін салыстырғаннан кейiн екi данада тiзiмдеме жасалады, онда: заттар мен азық-түліктің атауы және тiзбесi, олардың сыртқы белгілері, сапасы, ішіндегіден нақты не алынғаны және сақтауға тапсырылғаны көрсетiледi. Сақтауға рұқсат етiлген заттар, құралдар және тамақ өнімдері күдіктiге, айыпталушыға тізімдемеге қол қою арқылы берiледi, оның бiрiншi данасы жеке iске, ал екiншi данасы номенклатуралық iске тiгіледi.

      68. Сәлемдемелерде табылған күдіктiлер мене айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған тамақ өнімдері сәлемдеменi жеткiзген адамға қайтару себебiн көрсете отырып қайтарылады. Сауқаттар мен сәлемдемелерде табылған ақша және бағалы заттарды тергеу изоляторының әкімшілігі алып қояды және сот шешімі бойынша мемлекет кірісінің айналымына жатады.

      69. Осы Қағидаларда 65-тармағында көрсетiлген жағдайларда сауқаттар жөнелтушiлерге қайтарылады. Сауқаттар пошта арқылы үстеме төлеммен "керi қайтаруға жатады" деген белгімен қайтарылады.

      70. Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған адамдардың атына келiп түскен сауқаттар және сәлемдемелер қоймаға сақтауға тапсырылады және күдіктілер мен айыпталушыларға олардың тәртіптік изолятордан немесе уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн беріледi.

      71. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi сауқаттар мен сәлемдемелер iшiндегісінің сақталуын қамтамасыз етедi, бірақ ұзақ уақыт сақталуына байланысты табиғи бұзылуына, сондай-ақ тексеру нәтижесiнде тауарлық бейнесiнің жоғалуына жауап бермейді.

      72. Сауқатты немесе сәлемдемені қабылдағаннан кейін күдіктiге немесе айыпталушыға бiр тәулiктен кешiктiрiлмей, ал күдiктi немесе айыпталушы уақытша болмаған не жалғыз адамдық камераға, тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған жағдайда осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол қайтып оралғаннан кейiн не жазалау шарасын өтеу аяқталғаннан кейiн беріледі.

8-тарау. Күдіктiлер мен айыпталушылардың хаттарды және ақшалай аударымдарды алу және жіберу тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Күдіктiлер және айыпталушылар туыстарынан және өзге де адамдардан хаттар алады және жiбереді.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Күдіктiлер мен айыпталушылардың хат алмасуы тек тергеу изоляторының әкiмшiлiгi арқылы ғана олардың өз есебiнен, өндірісінде қылмыстық iс бар адамның немесе органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады және прокурор мен сотқа арналған хаттан басқалары цензураға жатады.

      75. Күдіктiлер мен айыпталушылар пошта қажеттіліктерiн (конверттер, маркалар) тергеу изоляторының дүкенiнен (дүңгіршегiнен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2020 № 652 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Күдіктiлер мен айыпталушылардың хаттарын күн сайын әкiмшiлiк өкiлi қабылдайды. Хаттарда жөнелтушiнiң тегi, аты-жөнi және тергеу изоляторының пошта мекенжайы көрсетiлген жағдайда ғана қабылданады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Күдiктiлер мен айыпталушылардан хатты қабылдаған сәттен бастап және оны жібергенге дейін, сондай-ақ тергеу изоляторына хат келiп түскен сәттен бастап және оны адресатқа тапсырғанға дейiн көрсетілген мекеменің әкімшілігі хаттың сақталуын, хат алмасудағы құпияны қамтамасыз етедi.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Күдiктi мен айыпталушының атына келiп түскен хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оның хаттарын адресаттарға жіберуді тергеу изоляторының әкiмшiлiгi хаттың келiп түскен немесе оны күдiктiге және айыпталушыға тапсырған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Хатты мемлекеттiк немесе ресми қолданылатын орыс тiлiне аудару қажет болған кезде хатты тапсыру мерзiмi аударма жасау үшін бір айға дейін ұзартылады.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Күдiктi мен айыпталушыға жақын туысының өлiмi немесе ауыр сырқаттануы туралы мәлімет оны алғаннан кейін дереу хабарланады.

      80. Жәбiрленушiлерге, куәлерге арналған, сондай-ақ iшiнде қылмыстық iс бойынша мәліметтер, қорлау, қорқыту, кек алуға, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасауға шақыру, тергеу изоляторының күзетi, оның қызметкерлерi туралы ақпарат, тыйым салынған заттарды беру тәсiлдерi және қылмыстық iс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі болатын немесе қылмыс жасауға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер бар, сондай-ақ құпия жазбамен, мемлекеттiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялар шифрленiп жазылған хаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілерге және айыпталушыларға берілмейді және өндірісінде қылмыстық iс бар адамға немесе органға беріледі.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      81. Сезіктілер мен айыпталушылардың ақшасы тергеу изоляторының мекен-жайына пошта арқылы аударылады және олардың жеке шоттарына, сондай-ақ электрондық сауда алаңының сервисіндегі жеке шотын (логинін) толықтыру арқылы аударылады. Күдіктінің немесе айыпталушының жеке шотындағы ақша сомасын пошта арқылы аудару үшін ол тергеу изоляторы бастығының атына дәлелді өтініш жазады. Ақша аудару күдіктінің немесе айыпталушының жеке шотындағы қаражат есебінен пошта арқылы жүзеге асырылады.

      Туыстары мен өзге де адамдарға электрондық сауда алаңы сервисінің көмегімен күдіктілер мен айыпталушылардың жеке шоттарын (логинін) толықтыруға жол беріледі, сондай-ақ электрондық сауда алаңында тапсырысты жүзеге асыра алады және күдіктілер мен айыпталушыларға сәлемдеме түрінде жібере алады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2020 № 652 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, өтiнiш және шағым жолдауы тәртібі

      82. Әкiмшiлiк өкiлдерi күн сайын камераларды аралайды және күдіктілерден, айыпталушылардан жазбаша және ауызша түрде ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар қабылдайды. Ұсыныстарға, өтiнiштерге және шағымдарға берiлген жауаптар күдіктiлер мен айыпталушыларға қолхат арқылы жарияланады және жеке iсiне тiркеледi.

      83. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар оларды шешуге жауапты адамға баяндалады.

      84. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгiне арналған жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар тiркеледi және оларды шешу бойыншашаралар қабылдайтын тергеу изоляторының бастығына баяндалады. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда күдіктіге немесе айыпталушыға тиiстi түсiнiктеме берiледi.

      85. Прокурорға немесе сотқа жолданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар желiмделген конвертте қабылданады және цензураға жатпайды. Келiп түсуiне қарайдереу адресатқа жолданады.

      86. Мемлекеттiк органдарға жолданған ұсыныстарды, өтiнiштерді және шағымдарды тергеу изоляторының әкiмшiлiгi қарап,оны берген сәттен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей тиесілігі бойыншажолдауы тиіс.

      87. Апелляциялық және кассациялық шағымдарды қоспағанда, ұсыныстарды, өтiнiштердi және шағымдарды жiберу бойынша шығыстарды төлеу жөнелтушiнiң есебiнен жүргізіледі. Күдіктiнiң немесе айыпталушының жеке шотында ақшасы болмаған кезде шығыс тергеу изоляторының есебiнен жүргізіледі.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың діни жораларды орындау тәртібі

      88. Күдіктiлер және айыпталушылар дiни жораларды камераларда, өзінің жатын орнының жанында осы Ережеде көрсетілген жағдайларды сақтай отырып орындайды.

      89. Күдіктілер мен айыпталушылардың діни жораларды орындауы мекеменің жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі, ішкі тәртіптемені бұзбауы, сондай-ақ Заңның 16-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес басқа күдіктілер мен айыпталушалардың құқықтарын шектемеуі тиіс.

      90. Күдіктілер мен айыпталушыларға өздерімен бірге және діни әдебиетпен қолдануға рұқсат етіледі.

11-тарау. Айыпталушыларды еңбекке тарту тәртібі

      91. Еңбек етуге ниет білдірген айыпталушылардың еңбегі тек тергеу изоляторларының аумағында камераларда, өндiрiстік алаңдарда, шеберханаларда және жөндеу-құрылыс жұмыстарында ұйымдастырылады. Жұмыс жүргізу кезiнде оқшаулаудың белгіленген талаптарын және Заңның 3132-баптарында белгіленген айыпталушыларды бөлек орналастыру қағидаларын, сондай-ақ азаматтық және еңбек заңнамасының нормаларын, қауiпсiздiк техникасы қағидаларын орындау қамтамасыз етiледi.

      92. Айыпталушылар тергеу изоляторының арнайы есепке алу бөлiмдерiндегi, фотозертханалардағы, радиотарату желілеріндегі жұмыстарға, сондай-ақ күзеттің инженерлiк-техникалық, сигнализация және байланыс құралдарын, көлік құралдарының барлық түрлерiн және көбейтетін аппаратураны жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмысқа жiберiлмейдi.

      93. Еңбек етуге ниет білдірген айыпталушылар тергеу изоляторы бастығының атына (еркін нысанда) өтiнiш жазады, ол оны үш жұмыс күні iшiнде қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды. Айыпталушыны мекемеде жұмысқа орналастыру мүмкiндігі болмаған кезде, оған тиiстi түсiндірме берiледi.

12-тарау. Күдiктiлер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысу тәртібі

      94. Күдіктiлердің және айыпталушылардың некесін тiркеуді "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы кодексінің 233-бабына сәйкес осы тергеу изоляторы орналасқан аумақтағы азаматтық хал актiлерiн тіркеу органы (бұдан әрi – АХАТ) тергеу изоляторында жүргiзедi.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      95. Күдіктiмен немесе айыпталушымен некеге тұрғысы келетiн адам тергеу изоляторына тұрғылықты жері немесе тергеу изоляторы орналасқан орны бойынша АХАТ органы куәландырған өтiнiшті (ерікті нысанда), сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның көрсетілген күдiктiмен немесе айыпталушымен кездесуiне берген рұқсатын (ерікті нысанда) ұсынады. Некеге тұруға ниет білдіру туралы өтiнiш келiп түскен кезде тергеу изоляторының әкiмшiлiгi оны күдіктiге немесе айыпталушыға өзiне қатысты бөлiгiн толтыру үшiн бередi.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      96. Өтiнiшке жетiспейтiн мәлiметтер енгізілгеннен кейiн тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтерді күдіктiнің немесе айыпталушының жеке iсiндегi құжаттармен салыстырады. Күдіктiнiң және айыпталушының қолының түпнұсқасы және көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығы тергеу изоляторы бастығының қолымен куәландырылады және мекеменiң мөрi басылады, содан кейiн әкiмшiлiк неке қию туралы бiрлескен өтiнiштi тергеу изоляторы орналасқан жер бойынша АХАТорганына жiбередi.

      97. Күдіктiнің немесе айыпталушының жеке iсiнде оның отбасылық жағдайы туралы мәлiметтердiң дұрыстығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда оларды туыстары берулерi керек, ал олар болмаған жағдайда бұрынғы тұрғылықты жері бойынша АХАТ органына сұрау салу жолданады.

      98. Күдікті немесе айыпталушы некеге тұруға ниет білдіру туралы (еркін нысанда) өтініш берген жағдайда, тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күдіктiнің немесе айыпталушының некеге тұрғысы келетін адамға осы өтiнiшті жолдайды. Бiр уақытта көрсетiлген адамға тергеу изоляторының орналасқан жерi бойынша АХАТ органының атауы және мекенжайы хабарланады.

      99. Мұндай өтiнiш алған адам некеге тұруға келiскен кезде оған қатысты бөлiгiн толтырады және өтiнiште көрсетiлген қолдарды және мәлiметтердi куәландыру үшiн өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАТ органына береді, бұдан кейiн оған тергеу изоляторының әкімшілігі хабарлаған АХАТ органына өтiнiштi жолдайды.

      100. Тәртiптiк жазасын тәртіптік изоляторда өтеп жатқан күдіктімен немесе айыпталушымен некені тiркеу оның осы жазалау шарасын өтегеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.

      101. Тіркеуші орган қамаудағы адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеуді өндірісінде iс бар адамға немесе органғахабарлағаннан кейін жүргізеді.

      Тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты болған кезде, некені тiркегеннен кейiн күдіктіге немесе айыпталушыға Заңның 17-бабына сәйкес жұбайымен (зайыбымен) кездесуге рұқсат етеді.

      Ескерту. 101-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      102. Некенi бұзу үшiн күдікті немесе айыпталушы сотқа немесе кәмелетке толмаған балалары болмаса жұбайларының өзара келiсiмi болған кезде АХАЖ органына өтiнiш жолдайды.

      103. Күдіктiлер мен айыпталушылар өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысады.

      104. Азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн күдіктілер және айыпталушылар сенiмхат жазады, оны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекснің 167 бабына сәйкес тергеу изоляторының бастығы куәландырады.

      Сенiмхат арналып жазылған адамға өндірісінде қылмыстық iс бар адам немесе орган арқылы берiледi.

      105. Күдіктiден немесе айыпталушыдан сенiмхат алуға ниет білдірген азаматтар тергеу изоляторы әкiмшiлiгi өкілінің жеке қабылдауына (еркін нысанды) өтiнiшпен жүгінеді не оны пошта арқылы жолдайды.

13-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың газеттерге және журналдарға жазылуын жүргiзу тәртібі

      106. Айыпталушыларға Қазақстан Республикасының байланыс бөлiмшелерi арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылуға құқық беріледі.

      107. Жазылуды ресімдеу үшiн айыпталушы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiшпенжүгінеді. Жазылуға ниет бiлдiрген адамға оның өз есебiнен абонемент және жеткізу карточкасының бланкілерi берiледi.

      108. Жазылуды ресімдеуді тергеу изоляторының қызметкерi айыпталушыныңжеке шотында бар қаражат есебiнен байланыс бөлiмшесiнде жүргiзедi.

      109. Жазылуды басқа мекенжайға ауыстыру жазылушының жазбаша өтiнiшi бойынша тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен оның өз есебiнен жүзеге асырылады.

      110. Айыпталушының атына жазылуды оның туыстары немесе өзге адамдар ресімдейді.

      111. Жазылу ресімделетін басылымдардың саны шектелмейдi.

14-тарау. Күдіктiлер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялықпен қамтамасыз ету

      112. Тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлері күдіктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторына келiп түскеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей мiндеттi медициналық қараудан, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде флюрографиялық және зертханалық тексеруден өтеді. Медициналық тексеруден өтпеген адамдар басқа күдіктiлер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады. Медициналық тексерудiң нәтижелерi күдіктiнің немесе айыпталушының медициналық амбулаториялық картасында белгiленедi.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113. Күдіктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкеріне күнделiктi камераларды аралаған кезде медициналық көмекке, ал ауру асқынған кезде тергеу изоляторының кез келген қызметкерiне жүгінеді. Күдікті немесе айыпталушы жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114. Күдіктiлер мен айыпталушыларға амбулаториялық жағдайда медициналық көмек камераларда, өзге де үй-жайларда, сондай-ақ тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдардың мамандандырылған кабинеттерiнде көрсетiледi. Дәрiлік заттарды беру дәрiгердiң тағайындауы бойынша белгіленген мөлшердежеке-жеке қолхат арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      115. Заңның 24-бабының 3-тармағына сәйкес қамауға алынған адамдардың туыстарынан алған дәрілік заттарды қабылдауы медициналық көрсеткiштер бойынша және тек тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлерінің бақылауымен қатаң түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте, дәрiлік заттар тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымда сақталады.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін стационарлық жағдайларда тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар (жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу) "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №169472 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес аурулар бейіні бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне жіберіледі.

      Бұл ретте, көрсетілген адамдар жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталарға жатқызылады.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.11.2023 № 790 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      117. Медицина қызметкерi күзетпен ұсталатын адамдардың, оның iшiнде тергеу әрекеттерiнен немесе сот отырыстарынан тергеу изоляторына келген адамдардың, оларда дене жарақаттары мен терi және жұқпалы аурулардың белгiлерiн анықтау мақсатында сыртқы қарауды өткiзедi. Жұқпалы аурулар анықталған кезде олар дереу оқшауланады, эпидемияға қарсы кешендi іс-шаралар өткiзiледi. Дене жарақаттарына қарау нәтижелерi бойынша актi жасалады.

      Дене жарақаттары табылған кезде медицина қызметкерi медициналық көмек көрсетедi, бiр тәулiк мерзiмде медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелерi қамауға алынған адамның амбулаториялық картасына жазылады. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күзетпен ұсталатын адамдарда дене жарақаттары табылуының әрбiр фактiсi туралы бiр тәулiк мерзiмде жазбаша түрде прокуратураға хабарлайды.

      118. Заңның 23-бабына сәйкес күдіктінің, айыпталушының дене жарақаттарын медициналық куәландыруды денсаулық сақтаудың мемлекеттік жергілікті басқару органының медициналық ұйымының қызметкерлерi мынадай жағдайларда:

      1) тергеу изоляторы бастығының шешiмi бойынша;

      2) күзетпен ұстау орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың нұсқауы бойынша;

      3) өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның шешiмi бойынша;

      4) дене жарақатын алған күдіктінің немесе айыпталушының өтініші бойынша;

      5) дене жарақатын алған күдіктінің және айыпталушының қорғаушысының өтініші бойынша жүргiзеді.

      119. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнің куәландыру жүргiзулерi үшiн дене жарақатын алған адам не оның қорғаушысы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш (еркін нысанда) бередi. Өтiнiш бiр тәулiк iшiнде қаралуы тиiс.

15-тарау. Күдіктiлер мен айыпталушыларды күнделiктi серуенге шығару тәртібі

      120. Күдіктiлер мен айыпталушылар күнделiктi ұзақтығы бiр сағаттан кем емес, ал кәмелетке толмағандар Заңның 16 бабына сәйкес екi сағаттан кем емес серуендеуді пайдаланады. Серуендеудіңұзақтығын тергеу изоляторының әкімшілігінің күн тәртiбі, ауа райы, мекеменiң толтырылуын және басқа да мән-жайларды ескере отырып белгілейді. Жүктi әйелдердiң және үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдердiң серуендеу ұзақтығы үш сағатқа дейiн ұзартылады.

      121. Күдіктiлер мен айыпталушыларға серуендеу көбіне тәулiктiң жарық уақытында берiледi. Әр камераларда ұсталатын адамдардысеруендеуге шығару уақыты жылжымалы кесте бойынша белгiленедi.

      Тергеу изоляторының ішкі тәртіптеме қағидалары бұзылған жағдайдасеруендеу мерзімінен бұрын аяқталады.

      122. Серуендеу серуендеу аулаларының аумағында жүргiзiледi, олардыңсипаттамасы осы Ереженң 14 қосымшасында көрсетілген.Серуендеу аулалары отыруға арналған орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын шатырмен жабдықталады. Серуендеууақытында кәмелетке толмағандарға дене шынықтыру жаттығуларына және спорттық ойындарға мүмкiндiк берiледi. Балаларыбар әйелдерге арналған серуендеу аулалар көгалдандырылады және құмсалғышпен жабдықталады.

      123. Күдіктiлер мен айыпталушылар серуендеуді мезгiлiнен бұрын аяқтау үшiн серуендеуге жауапты адамға тиісті өтiнiшпен жүгіне алады, ол тергеу изоляторы бастығының немесе оның орынбасарының назарына жеткізіледі. Көрсетілген лауазымды адам өтiнiштiң мән-жайы бойынша шешiм қабылдайды.

16-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың қорғаушылармен, туыстарыменжәне өзгеде адамдармен кездесулерiн өткiзу тәртібі

      124. Күдіктіге немесе айыпталушыға туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу Заңның 17 бабына сәйкес ұсынылады.

      125. Тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары жазбаша түрде кездесуге рұқсат етеді және 15 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы кезек есебімен оның ұзақтығын белгілейді.

      126. Кездесу жалпы кезек тәртiбiндеұсынылады. Кездесу басталар алдында оған келген адамдарға кездесу кезiнде өзін өзі ұстау тәртiбітуралы хабарланады және оны бұзған жағдайда кездесудiң тоқтатылатыны туралы ескертіледі.

      127. Кездесуге жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз не мас күйінде келген азаматтар, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетілмеген адамдар кездесуге жіберілмейді. Транзитпен айдауылданған күдіктілер мен айыпталушы адамдарға кездесуге рұқсат берілмейді. Кездесуге рұқсат беруден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.

      128. Күдіктiлердіңжәне айыпталушылардың туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуi қандай да бiр заттарды беруге жол бермейтін, бірақ сөйлесуге және көзбе көз қарым-қатынас жасауға кедергі келтірмейтін осы Ереженің қосымшасына сәйкес кездесу өткізу үшін жабдықталған бөлмелерде тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң бақылауымен жүргiзiледi.

      Күдіктілердің және айыпталушылардың кездесуге келген адамдармен сөйлесулері тікелей немесе сөйлесу құрылғылары арқылы жүзеге асырылады және тергеу изоляторының қызметкерлері тыңдай алады.

      129. Күдікті мен айыпталушының қорғаушымен кездесуі жұмыс уақытында, бөлек, бөлу қалқаларынсыз және олардың саны мен ұзақтығына шектеу қойылмай жүргізіледі. Кездесу тергеу изоляторының қызметкерiнекүдіктіні, айыпталушыны және қорғаушыны көруге мүмкіндік беретін, бiрақ сөздерi естiлмейтiндей жағдайларда жүргiзiледi.

      130. Күдіктімен немесе айыпталушымен кездесу іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатқа "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде беріледі.

      Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес іс бойынша қорғаушы болып танылған басқа адамға өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын және жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде.

      Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      131. Күдіктілермен және айыпталушылармен кездесуге рұқсат алған адамдарға тергеу изоляторлары бастығының немесе оны алмастыратын адамның рұқсатынсыз тергеу изоляторына техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино-, фото-, аудио-, бейне және көбейткiш аппаратураларды алып кiруге және оларды кездесу кезiнде пайдалануға рұқсат берілмейді.

      132. Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу Заңның 17-бабына сәйкес мерзімнен бұрын тоқтатылады.

      133. Кездесуді уақытынан бұрын тоқтатқан жағдайда тергеу изоляторының оны өткізуге жауапты қызметкері бұл туралы тергеу изоляторының бастығына кездесуді тоқтату себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде баяндайды.

      134. Күдіктілермен және айыпталушылармен қысқа мерзімге кездесулерді тоқтатқан жағдайда (карантинге, ерекше жағдайлар режимін енгізуге байланысты және басқа да себептермен) тергеу изоляторының бастығы бұл туралытергеу изоляторында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлайды, қабылдау бөлмесінде келушілер үшін хабарландыру іледі.

17-тарау. Күдіктілердің, айыпталушылардың тергеу амалдарына және сот отырыстарына қатысуларын қамтамасыз ету тәртібі

      135. Тергеу изоляторының әкімшілігі қылмыстық іс жүргізетін судьялардың, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтау жүргізетін адамдардың жұмыс уақытында күдіктілермен және айыпталушылармен тергеу амалдарын жүргізу үшін тергеу изоляторына кедергісіз келуін қамтамасыз етеді.

      136. Кезекші ауысымдардың кезекшілікті тапсыру-қабылдау кезінде (бір сағаттан көп емес), күн тәртібіне сәйкес тамақ ішу кезінде (таңғы, түскі, кешкі ас), сондай-ақ түнгі уақытта (кешкі сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін) ҚР ҚІЖК-мен көзделген жағдайларды қоспағанда, күдіктілердіжәне айыпталушыларды камералардан кездесуге шығару жүргізілмейді. Көрсетілген уақытта шақыртулар бойынша шығарылған күдіктілер мен айыпталушылар камераларға қайтарылады.

      137. Тергеушінің, анықтауды жүргізетін адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша тергеу амалдарын, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамаларды өткізу үшін тергеуизоляторыныңаумағында оның әкімшілігі:

      1) жабдықталған үй-жай береді;

      2) күдіктіні немесе айыпталушыны жеткізеді және оның күзетінқамтамасыз етеді;

      3) тергеу изоляторына тергеу амалдарына қатысуға тартылған өзге де адамдардың кіруін қамтамасыз етеді;

      4) күдіктінің, айыпталушының мекеменің қоймасында сақталған немесе өзінің жеке пайдалануындағы мүлкіне тінту жүргізеді, алады, тыйым салады.

      138. Күдіктiлер және айыпталушылар тергеу изоляторының әкiмшiлiгiнен қолда сақтау үшiн мына құжаттарды қолхат арқылы алады:

      айыптау актісінің көшiрмесi;

      тергеушiнi, анықтаушыны, қорғаушыны, судьяны ауыстыру туралы хабарлама;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҚК) басқа бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы қаулының көшірмесі;

      үкiмнiң немесе сот ұйғарымының көшiрмесi.

      139. Апелляциялық және кассациялық инстанцияның істі қарауы туралы хабарлама; күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы хабарлама; бір органнан басқа органға ауыстыру туралы хабарлама күдіктілерге және айыпталушыларға қолхат арқылы жарияланады және олардың жеке істеріне тігіледі.

      140. Күдіктілер мен айыпталушылар тергеу амалдарын жүргізуге және соттарға жөнелтілер алдында заттай нормаларға сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.11.2023 № 790 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

18-тарау. Күдіктілерге және айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртiбi

      141. Көтермелеу және жазалау шаралары тергеу изоляторында ұсталатын барлық күдіктiлерге және айыпталушыларға Заңның 37-39-баптарына сәйкес қолданылады.

      142. Сөгіс тергеу изоляторы бастығының қаулысымен беріледі. Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамау түрiндегі жаза тергеу изоляторы бастығының дәлелдi қаулысымен осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан және медицина қызметкерiнiң күдіктiнiнің немесе айыпталушының онда болу мүмкiндiгi туралы қорытындысыбойынша беріледі. Жаза беру туралы қаулылар қолхат арқылы жарияланады. Қаулының көшiрмесi тексеру материалдарымен бiрге осы адамның жеке iсiне тігіледі.

      Тергеу изоляторының бастығы болмаған жағдайда күдіктілер немесе айыпталушылар кезекші көмекшінің баянаты бойынша тәртіптік изоляторға, тергеу изоляторының бастығы келгенге дейін, бірақ 24 сағаттан аспайтын мерзімгеқамалады.

      Ауызша жарияланғандардан басқа барлық көтермелеулер мен жазаларды корпус бойынша аға қызметкер камералық карточкаларға енгiзедi және осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы есепке алу бөлiмiнің қызметкері жүргiзетiн күдіктiлердің және айыпталушылардың жазаларын және көтермелеулерiн есепке алу кiтабында есепке алынады.

      Сипаттамасы осы Қағидаларға 19-қосымшада көрсетілген тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамауға жазаланған адамдарға мұқият тiнту жүргiзiледi және олар қажеттiлiгіне қарайтәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына бекiтiлген киiмдердi киедi.

      Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған адамды санитариялық тазалау, ол жазаларын өтегеннен кейiн, ал дәрiгердiң нұсқауы бойынша оны тәртіптік изоляторда немесе уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау кезеңiнде де жүргiзiледi. Дәрiгердiң науқастанғанды тәртіптік изолятордан немесе уақытша оқшаулау үй-жайынан мерзiмiнен бұрын босату қажеттiлiгi туралы нұсқауы дереу орындауға жатады.

      143. Тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамалған адамды тергеушiге немесе сотқа шығару, сондай-ақ тергеу изоляторынан уақытша кетуi оны салынған жазаны одан әрi өтеуден босатпайды.

19-тарау. Тергеу изоляторы бастығының немесе оған уәкілетті адамдардың күдіктілерді және айыпталушыларды жеке қабылдау тәртібі

      144. Тергеу изоляторы бастығының немесе оған уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнделікті жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      145. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдау күдіктілер мен айыпталушылардың назарына жеткізілетін кесте бойынша жүргізіледі. Қажет болған кезде, күдіктiлердіжәне айыпталушыларды жеке қабылдау кестеден тыс қосымша өткiзiледi.

      146. Күдіктілерді және айыпталушыларды жеке қабылдауға жазуды тергеу изоляторының қызметкерлері күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырады. Қабылдау туралы өтініш тергеу изоляторы бастығының атына жазбаша түрде беріледі немесе ауызша айтылады және күдікті мен айыпталушы қабылдауына барғысы келген лауазымды адамды көрсете отырып жеке қабылдау журналында кезектілік тәртібінде тіркеледі.

      147. Қабылдау өтiнiш беру кезектiлiгінің тәртiбiнде өткiзiледi. Қабылдау аяқталған соң журналда және жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижелерi жазылады. Өтiнiш күдiктiнiң, айыпталушының жеке iсiне тiгiледi.

20-тарау. Тергеу изоляторларында қайтыс болған күдіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру тәртібі

      148. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi күдiктiнiң және айыпталушының қайтыс болуы туралы оның жеке iсiнде көрсетiлген туыстарына, осы факті бойынша тексеру жүргiзетiн прокурорға, сондай-ақ өндірісінде қылмыстық iс бар адамға немесе органға дереу хабарлайды.

      Егер қайтыс болған адамның туыстары тергеу изоляторы орналасқан қалада тұрмаса, хабар пошта арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 148-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2018 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      149. Күдіктiнің және айыпталушының мәйіті алуды талап еткенге дейiн, бiрақ жетi тәулiктен асырылмай не уәкiлеттi органның қайтыс болу фактiсi бойынша тексеру аяқталғанға дейiн жақын жердегi денсаулық сақтаудың медициналық ұйымындағы мәйiтханаға сақтауға тапсырылады. Қайтыс болған адамның мәйітін алуға оның жақын туыстарының айрықша құқығы бар. Олар болмаған немесе мәйітті алудан бас тартқан кездемәйітті берудi талап еткен адамға беріледi.

      Ескерту. 149-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      150. Мәйітті беру өндірісінде қылмыстық iс бар адамның немесе органның рұқсатымен талап еткен адамның жазбаша өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Мәйітті алу үшiн жеке басын куәландыратын құжатты көрсету керек.

      151. Қайтыс болған адамның туыстарына немесе өзге де адамдарға қайтыс болғаны туралы куәлiк алу тәртібі түсiндiрiледi. Жерлеу жабдықтарымен мәйітті беруді талап еткен адам қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.

      152. Егер қайтыс болған адамның туыстары немесе өзге де адамдар мәйітті алуға уақтылы келе алмаса, олар бұл туралы хабарлауы және мәйітті белгiленген уақыттан артық сақтау құнын төлеуі тиiс.

      153. Қайтыс болған күдiктiнің және айыпталушының көрсетілген мерзiмде талап етiлмеген мәйіті мемлекет есебiнен жерлеуге берiледi.

21-тарау. Күдіктілерді және айыпталушыларды күзетпен ұстаудан босату тәртібі

      154. Күдіктілерді немесе айыпталушыларды күзеттен босатуды тергеу изоляторының бастығы тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін не соттың дәлелді қаулысы бойынша жүзеге асырады.

      155. Тергеу изоляторының бастығы күдіктіні немесе айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімі өткенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей бұл туралы өндірісінде қылмыстық іс бар органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға жазбаша хабарлайды.

      156. Бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу судьяның қаулысын факсимильдік байланыс бойынша қабылдауға болады, қаулының түпнұсқасы пошта бойынша қабылданады. Егер бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімі өткеннен кейін күдіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе тергеу изоляторының бастығы оны өзінің қаулысымен босатады, оның көшірмесін 24 сағат ішінде өндірісінде қылмыстық іс бар органға немесе адамға және прокурорға жібереді.

      157. Күдіктіні мен айыпталушыны нақты босатуға дейін күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу судьясының қаулысы келіп түскен жағдайда тергеу изоляторының бастығы өзінің қаулысының күшін жояды, ол туралы прокурорға хабарлайды.

      158. Күзеттен босатылған күдіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақталған ақшалары, сондай-ақ оның күзетпен ұстау мерзімі және босату негіздері көрсетілген анықтама беріледі.

      159. Күзеттен босатылған күдіктілердің немесе айыпталушылардың жеке шотында жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль немесе су көлігімен бару жолында жол жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусым бойынша киім және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

      Босатылатын адамды тамақпен, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету заттай нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Мекеме әкiмшiлiгi босатылғанға дейін он күн iшiнде босатылатын адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына дейін жол жүру билетiн сатып алады.

      Ескерту. 159-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.11.2023 № 790 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
1-қосымша

Күдіктiлердің және айыпталушылардың тергеу изоляторларындағы мiнез-құлық қағидалары

      1. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктiлер мен айыпталушылар:

      1) Заңмен және осы Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген қамауда ұстау тәртiбiн сақтайды;

      2) тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын сақтайды;

      3) гигиена және санитария талаптарын сақтайды;

      4) күнделiктi серуенге шығады (серуеннен босатуды медициналық қызметкердiң қорытындысы бойынша тергеу изоляторының бастығы жүзеге асырады);

      5) өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтайды;

      6) тергеу изоляторының мүлкiне ұқыпты қарайды;

      7) кезектiлiк тәртіпте камераларды және басқа да үй-жайларды тазалайды;

      8) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, күдіктілердің және айыпталушылардың, сондай-ақ өзге де адамдардың ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасамайды;

      9) тергеу изоляторының қызметкерлерiне, сондай-ақ күзетпен ұстау тәртiбiн қамтамасыз ететін өзге адамдарға қызметтiк мiндеттерiн атқаруда кедергi келтiрмейді;

      10) белгіленген күн тәртібін сақтайды;

      11) камераға тергеу изоляторының қызметкерлерi кiрген кезде олардың командасы бойынша орнынан тұрады және көрсетiлген орында қатарға тұрады;

      12) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 06.11.2019 № 972 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13) айдауылмен жүрген немесе тергеу изоляторының қызметкерлерi iлесiп жүрген кезде қолдарын артында ұстайды;

      14) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, өзге де лауазымды адамдардың талабы бойынша өзiнiң тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) айтады;

      15) тыныштық сақтайды;

      16) кезектiлiк тәртiпте камера бойынша кезекшiлiк атқарады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 06.11.2019 № 972 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Камера бойынша кезекшi:

      1) камераға тергеу изоляторының қызметкерлерi кiрген кезде камерада отырған күдіктiлердің және айыпталушылардың саны туралы баяндайды;

      2) камера мүкәммалының, жабдықтарының және басқа мүлкiнiң сақталуын бақылайды;

      3) камерада ұсталатын адамдар үшiн ыдыс алады және оны тапсырады;

      4) камерада тазалықты бақылайды;

      5) камерада еден сыпырады және жуады, камераның сантехникалық торабын, серуендеу аяқталғаннан кейінсеруендеу ауласын тазалайды;

      6) ауыз суға арналған ыдысты жуады.

      3. Күдіктiлердің және айыпталушылардыңтәртіп бұзуы болып табылады:

      1) тергеу изоляторының басқа камераларында немесе өзге де үй-жайларында ұсталатын адамдармен серуендеу аулаларында сөйлесуі, оларға қандай да бiр заттарды беруі, тықылмен белгi беруі немесе олармен хат алмасуы;

      2) сөйлесудiң белгiленген тәртiбiн бұзуы, бостандықта жүрген немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қандай да бiр заттар беруі және олармен хат алмасуы;

      3) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз камералардан және режимдiк корпустардың басқа да үй-жайларынан шығуы;

      4) тергеу изоляторлары объектiлерiнiң күзет желiсiн бұзуы;

      5) алкогольдiк iшiмдiктерді, есiрткi және психотроптық заттарды дайындауы және пайдалануы;

      6) материалдық немесе өзге де табыс табу мақсатында үстел ойындарын ойнауы;

      7) өзiне немесе басқа адамдарға татуировкалар жасауы;

      8) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жатын орындарына перде ілуі және ауыстыруы;

      9) қолдан жасалған электр құралдарын пайдалануы;

      10) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануы;

      11) камерада ашық от жағуы;

      12) жануарлар ұстауы;

      13) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз сантехника, жарық бергiш және басқа да құралдарды жөндеуі немесе камера жарығын реттеуі;

      14) камераларда сантехникалық тораптарды ластауы;

      15) камералардың қабырғаларынан тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілердің және айыпталушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпаратты алып тастауы;

      16) қабырғаларды, камера мүкаммалын қағазбен, фотосуреттермен, суреттермен, газет және журнал қиындыларымен желiмдеуі, оларға жазу жазуы немесе суреттер салуы;

      17) тыныштықты бұзуы;

      18) тергеу изоляторының аумағында қозғалу кезiнде саптан шығуы, темекi шегуі, сөйлесуі, камера тесiгiнен сығалауы, қандай да бiр заттарды жоғары көтеруі, дабыл сигнализациясының түймесін басуы;

      19) терезелерден бiрдене тастауы, терезе алдына шығып тұруы, желдеткiштен басын шығаруы, есiктiң "көзшесіне" жабыса тақалуы, "көзшені" жабуы;

      20) жеке пайдалану заттарын сатуы, сыйлауы немесе өзге де тәсiлмен иелiктен шығаруы;

      21) өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасауы;

      22) медициналық қызметкердің ұсынымы бойынша тергеу изоляторы бастығының рұқсатынан басқа, күн тәртібімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануы;

      23) камераларда арнайы бөлінбеген орында және уақытта темекі шегуі (темекі шегуге арналған орынды тергеу изоляторының әкімшілігі белгілейді);

      24) тамақ дайындауы;

      25) камераларда киім, аяқ киім және іш киім жууы.

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Тергеу изоляторын инспекциялайтын адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кiтабы

                        ____________________________________________

                              (тергеу изоляторының атауы)

                                                      "___" __________ басталды

                                                      "___" __________ аяқталды

р/с №
 

Күнi

Инспекциялайтын адамның лауазымы, ТАӘ (әкесінің аты болған жағдайда), атағы

Ескертулердiң мазмұны

Ұсыныстар

Орындау мерзiмi

Қабылданған шаралар

      Ескертпе:

      1. Кiтап нөмiрленеді, тiгiледі, тиiстi қолмен куәландырылады және сүргiштi мөр қойылады. Кiтап тергеу изоляторының бастығында сақталады.

      2. Кiтап қарау үшін және тергеу изоляторларын инспекциялауға құқығы бар адамдарға онда тиiстi жазбалар жазу үшiн ұсынылады.

      3. Инспекциялайтын адамкiтапқа өзқұзыретініңшегінде барлық мәселелер бойынша негiзгi ескертулерi мен ұсыныстарын енгiзедi. Бұл ретте анықталған кемшiлiктердi жою мерзiмдерi көрсетiледi.

      4. Тергеу изоляторының бастығы инспекциялайтын адам белгiлеген мерзiмде кемшiлiктердiң жойылғаны туралы жоғары тұрған бастыққа баяндайды.

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      Бекiтемiн
Тергеу изоляторының бастығы
___________________________
(лауазымы, қолы, тегi)
____ жылғы "___" __________

Камера бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камера №

Камерадағы орын саны

Ескертпе

1

2

3

4

      Жоспар камера бойынша кезекші бөлімнің, жедел қызмет, режимдік және арнайы есеп сейфінде орналасқан,

      Тергеу изолятор бастығының орынбасары

      (атақ, қол, тегі)

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
4-қосымша

Жалпы камераларды жабдықтау

      Күдіктілер менайыпталушылар ұсталатын камералардың құрылысы сыртқы қоршаған ортадан және жапсарлас үй-жайлардансенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етеді. Камералардың жоспарлану нысаны есiктiң "көзшесі" арқылы олардың неғұрлым жақсы көрiнуiн қамтамасыз етеді.

      Камералардағы есiк көлемi 90х200 сантиметр (бұдан әрi - см.) екi жақты болады. Еден деңгейiнен 95 см. биiктiкте 18x22 cм тамақ таратуға арналған терезе орналасады. Жалпы камераларды көлемi 1,88х0,65 метр жоспарында екіқабатты кереуеттермен, бiр адамға 0,4 метр үстел периметрiнiң есебiндегi үстелдермен және ағаш орындықтармен ұзына бойы 1метрге 5 орын есебiндегi киiм iлуге арналған шкафпен жабдықтау қажет. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітіледі.

      Әр камерада қолжуғыштан және унитаздан тұратын санитариялық торап жабдықталады. Санитариялық торап бөлгiшпен бөлiнiп тұрады.

      Терезенiң iшкi жағынан терезе тесiгiне қолжетімділіктішектейтін, қабырғадан 25x30 см. берi шығып тұратын тор қойылуы тиiс. Барлық камераларға боялған еден салу қажет.

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Санкциялаймын _______________

      Прокурор ____________________

      (қолы, тегi)

      _____ жылғы "____"___________

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы тәртібінде күдіктіні, айыпталушыны жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы қаулы

      Ескерту. 5-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Күдікті, айыпталушы _______________________________________________________

                                    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

                  (жалғыз адамдық камерада ұстау үшін негiз болған

      __________________________________________________________________________

      мән-жайларжазылады)

      __________________________________________________________________________

      Қаулы еттi:

      Күдікті, айыпталушы _______________________________________________________

                                    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      одан әрi жалғыз адамдық камерада ұстау үшін ауыстырылсын.

      Тергеу изоляторының бастығы _______________________________________________

      (атағы, тегi, қолы)

      _____ жылғы "____"___________

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
6-қосымша

Күдіктiлер мен айыпталушылардың өздерінде болуға, сақтауға, сауқаттар, сәлемдемелер арқылы және қолма-қол төлемсіз сатып алуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киiмнің, киім-кешектің және басқа да өнеркәсіптiк тауарлардың тізбесі

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2020 № 652 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

      Күдіктілер менайыпталушылар өздерінде болуға, сақтауға болатын, сауқаттар, сәлемдемелермен және қолма-қол төлемсіз ала алатын заттар:

      1) жылытуды талап ететiн, сақтау мерзімі өткен, сондай-ақ ашытқы, алкогольдік iшiмдiктерден және сырадан басқа тамақ өнімдері;

      2) темекi бұйымдары, сіріңке (темекі бұйымдары 2 кг, темекі немесе папирос 20 қораптан аспауы тиіс);

      3) белдiксiз, галстуксiз, тартпасыз киiмдердiң бiр жиынтығы (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi), сондай-ақ бас киiм, маусым бойынша аяқ киiм (супинаторсыз, темiр тағасыз);

      4) бiр жиынтық спорт костюмi немесе әйелдердiң үйге киетiн халаты (белгiленген үлгiдегi киiм алған күдіктілерденжәне айыпталушылардан басқа);

      5) iш киiмдер;

      6) шұлық;

      7) шұлықтар немесе колготкалар (әйелдерге арналған);

      8) қолғаптар немесе биялайлар;

      9) бет орамалы;

      10) бөлме аяқ киiмдері немесе спорттық аяқ киiмдер (бiр жұп);

      11) жуыну жабдықтары (иіс, шаруашылық сабыны, сұйық сабын немесе су сабын (тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйым дәрiгерiнiң тағайындауы бойынша) тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, крем, тарауыш тарақ);

      12) қалта айнасы (камерада айна болмаған жағдайда), электр немесе бiр ретпайдаланылатын қауiпсiз ұстара;

      13) заттарға арналған қап немесе сөмке;

      14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қорап;

      15) үшбұрышты орамал, рейтуз, белдік, бюстгальтерлер, дәке,шашқыстырғыш, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар (әйелдергеарналған);

      16) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектер арбалары, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, көзге салынатын линзалар және оларды күтіп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);

      17) зауытта жасалған тұрмыстық электр қайнатқыш;

      18) жөке немесе ысқыш;

      19) шариктi автоқаламсап, оның стерженьдері, қарындаштар;

      20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерлерi, пошта конверттерi, ашық хаттар, пошта маркалары;

      21) тергеу изоляторының дүкенiнен (дүңгіршегінен) немесе электрондық сауда алаңынан сатып алынған дәретхана қағазы;

      22) бірыңғай ақ түсті төсек жабдығының бір жиынтығы (екi жайма және жастық тысы), сүлгі;

      23) тергеу изоляторының кiтапханасынан не әкiмшiлiк арқылы сауда желілерінен сатып алынған көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзiмдi баспа басылымдары;

      24) фотокарточкалар екiден аспауы керек;

      25) үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино, нард);

      26) бала күтуге арналған заттар (дәрiгердiң рұқсаты бойынша үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдер);

      27) тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның дәрiгерi тағайындаған дәрiлік заттар.

      Тамақ өнімдерінің тізбесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органының нұсқамасы бойынша шектеледі. Күдiктiнің және айыпталушының өзiмен бiрге сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бiрiншi кезекте қажеттi заттардың, аяқкиiмнiң, киiм-кешектің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс. Осы Тiзбеде көзделмеген заттар және құралдар тыйым салынған заттар болып табылады.


  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
7-қосымша
  нысан

Акт

      Бiз, төменде қол қойған комиссия құрамында ___________________________________

                        (лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      күдіктіден, айыпталушыдан(сақтауға қабылдадық)

      _____________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      құндылықтарды, ақшаны (______) _________________________ сомасында,

      ______________________________________________ заттар мен тамақ өнімдеріналып қоюды

      жүргiздiк, "Қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртiбi мен

      шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес санамаланады.

      Барлығы берiлгенi: _______ құндылықтар атауы, ______ ақша,

      Тамақ өнімдерінің, заттардың атауы _________________________________________________

      (саны)

      бердiм: __________________ (тегi, аты, қолы)

      қабылдадым: ____________________ (тегi, аты, қолы)

      қатысқандар: ___________________ (тегi, аты, қолы)

      20___ жылғы "___" ________

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
8-қосымша
  нысан

Кереуетті жинау ҮЛГІСІ



      Кереуетті жинау үлгісінің сипаттамасы

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
9-қосымша

Қосымша ақылы қызмет көрсету тізбесі және тәртібі

      1. Заңның 25-бабына сәйкес тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды тиісті жағдайлар болған кезде мынадай қосымша ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және өзгеде қызмет түрлерімен қамтамасыз етеді:

      1) емдеудің жекелеген түрлері;

      2) денсаулық сақтау органдарының дәрігер-мамандарының консультациялары;

      3) киім және іш киімді жуу және жөндеу;

      4) аяқ киім жөндеу;

      5) уақытша пайдалануға электр ұстараларын, электржелдеткіштер, тоңазытқыштар беру;

      6) заң консультациялары;

      7) мекемеде ұсталатын адамдардың жеке ісінде бар құжаттардың көшірмелерін түсіру.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға қосымша ақылы қызметті тергеу изоляторларының қызметкерлері және осы мақсаттар үшін тартылған тиісті даярлығы мен лицензиясы бар мамандар көрсете алады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қосымша ақылы қызметті алу үшін күдікті, айыпталушы немесе сотталушы тергеу изоляторы бастығының атына оның жеке шотынан ақылы қызметті көрсетуге ақшаны алуға өтініш жазады. Тергеу изоляторының жауапты қызметкері күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке шотында тиісті ақшаның бар-жоғын тексереді және өтінішке белгі қояды, содан кейін тергеу изоляторының бастығы өтініштің мәні бойынша шешім қабылдайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 369 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қызмет көрсету төлемі сол жердегі қолданыстағы бағаларға сәйкес жүргізіледі.

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
10-қосымша
  нысан

      Жеке шотында _____ теңге № ____ камера түбiр. ________________

      ________ бар. ____________________________________________________

      (күдіктінің, айыпталушының тегi, аты,әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Бухгалтер __________________

      ______ жылғы "___" __________

Өтiнiш

      Төмендегi тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды
сатып алуды сұраймын:

р/с №

Тамақ өнімдерінің немесе заттардың атауы

Қанша сатып алу талап етіледі

Жiберiлген саны (салмағы)

Құны
(теңге)

1

2

3

4

5

                                                Барлығы:

      Ескертпе:

      Күдікті, айыпталушы 2 және 3-бағандарды толтырады.

      Күдіктінiң немесе айыпталушының қолы _______________________________________

      сомасы_______________ теңгеге азық-түлiктi және бiрiншi кезекте

      (жазбаша)

      қажетті заттарды алғандығы туралы қолхат.

      Бұл соманы менiң жеке шотымнан алуды сұраймын

      ____________________________________________________

      (күдіктінiң немесе айыпталушының қолы)

      ______ жылғы "___" __________

      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
11-қосымша

Сәлемдемелерді қабылдау бөлмесiндегi жиhаздың және мүкаммалдың тiзбесi

      1. Сәлемдемелерді тексеруге арналған үстел;

      2. Сәлемдемелерді қоюға арналған сөрелер;

      3. Тара, камераларға сәлемдемелерді жеткiзуге арналған себеттер, сөмкелер;

      4. Тоңазытқыш;

      5. Пышақтардың, қасықтардың, ыдыстардың және т.б. қажетті саны;

      6. Қолжуғыш, айна, сабын, орамал;

      7. Таразы, гір жиынтығы;

      8. Бақылаушыларға арналған ақ халаттар және бас киiмдер.

      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
12-қосымша

      нысан

Өтiнiш

      Азамат _________________________________________________________________________

                              (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      __________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      (тұратын жерiнiң мекенжайы)

      Күдіктіге, айыпталушыға арналған сәлемдемені қабылдауыңызды өтінемін

      ________________________________________________________________________________

                              (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      _________________________________

      (туған жылы)

      Сәлемдемедегі азық-түліктердің тізілімдемесі:

р/с №

Азық-түлiктердiң немесе заттардың атауы

Салмағы
(кг,г)

Саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

                                    Өтiнiш берушiнiң қолы _____________________

                                                            ______ жылғы "___"

      Сәлемдемені қабылдадым ___________________________________________________

                                    (сәлемдемені қабылдаған қызметкердiң қолы)

      Сәлемдемені алдым ________________________________________________________

                        (сәлемдемені алған күдіктінiң немесе айыпталушының қолы)

      ______ жылғы "___" __________

      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
13-қосымша

Азық-түлік және заттай сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру тәртiбi

      1. Нан тағамдары (бөлкелер, батондар, және т.б.) екi, үш бөлiкке бөлiнедi.

      2. Сұйық тамақтар тергеу изоляторының ыдысына құйылады.

      3. Консервiлер ашылады да және басқа ыдысқа салынады.

      4. Балық екi, үш бөлiкке бөлiнедi.

      5. Шұжық тағамдары бiрнеше бөлiктерге бөлiнедi.

      6. Шашылатын заттар қайта салынады.

      7. Кәмпиттер орамсыз қабылданады.

      8. Хат алмасуды және тыйым салынған заттарды жасыру үшін пайдаланылатын басқа да барлық азық-түліктер осы тәртiпте тексерiлуі тиіс. Тексеру азық-түлiктердің өз сапасын жоғалтпайтындай жүргізіледі.

      9. Заттар және құралдар да мұқият тексерiлуi тиіс.

      Қажет болған жағдайда iздеу құралдары пайдаланылады.

      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
14-қосымша

Серуендеуаулаларының сипаттамасы

      Серуендеуаулаларын әдеттегідей режимдiк корпустардың жоғарғы қабаттарында орналастыру қажет. Мүмкiндiк болмаған жағдайда олар режимдiк аулада орналасады және жерасты және жерүстi жолдар корпустарымен бiрлесiп немесе оларға толықтай жабысып тұру керек.

      Серуендеуге шығатын әр қамаққа алынғанғасеруендеуауласы 2,5-3 шаршы метр (бұдан әрi – м2) болуы тиіс. Серуендеуауласының ең аз көлемi - 12 м2.

      Серуендеуауласының үстiңгi жағында металл жиек жапсырылады, ұяшығы 17x17 сантиметрден аспайтын металл торлар құйылады, ұяшығы 5x5 сантиметрден аспайтын "Рабица" типтес металл тор бекiтiледi.

      Серуендеуаулаларының есiгi камера типтес желдеткiшсіз жабдықталады. Әрбiр серуендеу ауласының ортасында еденге жақсы жапсырылған орындықтар қойылады. Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында бақылаушыларға қарама-қарсы жерде атмосфералық жауын-шашыннан тасалау үшін ені 1, 2 метрдей жеңiл шымылдықтар iлiнедi.

      Серуендеу аулаларынан мiндеттi түрде су көзімен қамтамасыз етiлуi керек.

      Науқастарға, балалары бар әйелдер мен жүктi әйелдерге арналған серуендеу аулаларына шөп, гүл егуге рұқсат етiледi.

      Балалар үшiн құмдағыштар орнатылады.

      Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында серуендеу аулаларында жүрген барлыққамаққа алынғандарды әр уақытта бақылаушының қадағалауында болу үшiн тұғыр орнатылады. Бақылаушының бекетінде күзет-дабыл сигналы және аппараты немесе кезекшiмен телефонмен байланысу үшiн розеткалар орнатылады.

  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
15-қосымша
  нысан
  № ________________________
(облыс атауы)
  тергеу изоляторының бастығына

Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуге рұқсат қағазы

      Ескерту. 15-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Азамат(ша) ________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасы ҚК-нің _____ бабында көзделген қылмысты жасағаны үшiн жазаға

      тартылған, ____жылғы "__" ______ туған,

      ________________________________________________________________________________

      (қылмыстық процесті жүргiзетін органның атауы)

      тiркелген _____________________________________________ -мен кездесуге рұқсат етiлгенiн

      (күзетпен ұсталатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      хабарлаймыз.

      ___________________________________________________________ қолы ________________

      (қылмыстық процесті жүргiзетін адамның лауазымы, тегі)

      20___ жылғы "___" __________

      КЕЛIСЕМIН

      ___________________________________________________________ қолы ________________

      (қылмыстық процесті жүргiзетін орган басшысының лауазымы, ТАӘ (болған жағдайда)

      20___ жылғы "___" __________


      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
16-қосымша

Кездесу өткiзуге арналған бөлмелердi жабдықтау

      Кездесу өткiзу бөлмесiнде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.

      Әрбір кабина ені 80 сантиметр (бұдан әрi - см) және ұзындығы 1 метр метал каркастан, қалқан элементтерден және үстел мен қайырмалы орындықтардан тұрады. Кездесуге екi туысы балаларымен келген жағдайға 2-3 кабина ені 140 cм жасалады. Барлық кабиналар өзара еденнен төбеге дейiн қалқамен бөлiнеді. Кабинаның каркасы және қайырмалы орындықтар бұрыштық және жапырақшаболаттан құйылады, үстелдер ағаш талшықты плиталардан дайындалады. Кабиналар арасындағы қалқаларбиіктігі 80 см мықты тақтайдан сыртын пластиктен қаптай отырып жасалады, ал одан жоғары олар органикалық шыныдан жасалады. Туыстары мен қамаудағылар арасындағы қалқаларда екi жағы шыныланған декоративтi металл тор орнатуға жол беріледі. Келушiлерге арналған кабиналар жеңiл жабылғышы жоқ есiктермен жабдықталады.

      Кабиналарблоктарының шетінде есту, ескерту және сөйлесудi үзуге арналған құрылғымен бақылаушының орны жабдықталады. Кабиналардың саны 10-нан асса бақылаушының орны кабиналар блогының ортасында мықты металл тормен жабдықталады. Бақылаушының жұмыс орнының ауданы 4 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

      Қысқа мерзiмдi кездесу бөлмелерi терезенiң саны бойынша перделермен, суы бар графинмен және стакандармен (келушiлерге арналған), қабырға сағаттарымен және бақылаушы үстеліндегі күзет-дабыл сигнализациясын беру құралымен қамтамасыз етiледi.

      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
17-қосымша

      нысан

Күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамау туралы қаулы

      Күдікті немесе айыпталушы

      _________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), туған жылы)

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________ режимін бұзуға жол берді (жіберілген

      бұзушылықтың уақыты, мән-жайы және сипаты) "Қылмыс жасалуына күдіктілер мен

      айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Заңның 39-бабын

      басшылыққа ала отырып қаулы еттi:

      Режимдi қасақана бұзғаны үшiн күдікті немесе айыпталушы

      ________________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты) _______________________________________ тәулікке тәртіптік

      изоляторға қамалсын.

      № _________ Тергеу изоляторының бастығы ____________________

      (атағы, тегi, қолы)

      Қаулы маған ___жылғы "___" ______ __________________

      (күдіктінің, айыпталушының қолы) жарияланды

      Қаулыны жариялады _____________________________________________

                                          (атағы, тегi,қолы)

      (келесi бетi)

      ______________________________________________ тiнту жүргiздi

      (тiнту жүргiзген адамның қолы)

      Салынған жазаны орындағаны туралы белгiлер.

      Тәртіптік изоляторға ___жылғы "___" сағат "___" "___" минутта қамалды.

      Тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсi

      ____________________________________________________________ (қолы)

      Тәртіптік изолятордан ___жылғы "___" сағат "___" "___" минутта босатылды.

      Тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсi

      __________________________________________________________(қолы)

      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
18-қосымша

      нысан

Күдіктілер мен айыпталушылардың жазалары мен көтермелеулерін есепке алу кiтабы

      _____ж."___" _________________ басталды

      _____ж."___" _________________ аяқталды

1-бөлiм Жазаға тартылған адамдарды есепке алу

р/с №

Т.А.Ә.
(әкесінің аты болған жағдайда)

Жаза не үшiн салынған

Жазаның түрi

Жазаны кiм және қашан салды

Ескертпе

2-бөлiм Әкiмшiлiк көтермелеген адамдарды есепке алу

р/с №

Т.А.Ә.
(әкесінің аты болған жағдайда)

Көтермелеу не үшiн берiлдi

Көтермелеудің түpi

Кiм және қашан көтермеледі

Ескертпе

      Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
19-қосымша

Тәртіптік изолятордың сипаттамасы

      (уақытша оқшаулау үй-жайының)

      Тәртіптік изолятор бiр адамды ұстауға арналған арнайы жабдықталған камералық үй-жай. Еденi ағаштан жасалған. Есiгі түрмелiк құлпы бар камералық типтес.

      Онда "көзше" қарағыш, тамақ беруге арналған желдеткiшжабдықталады, сыртқы жағынан вагон типтес құлып орнатылады.

      Тәртіптік изолятордың мөлшері 0,5-0,5 метр металл торы бар және сыртқы жағынан қалқан-жалюзi бар терезесi болуы тиіс. Iшкi жағынан терезе тормен оқшауланады. Электрлi лампа есiк үстiнде қуыста немесе төбеде бекiтiледi және металл тормен оқшауланады.

      Тәртіптік изоляторда:

      1. Қабырғаға жапсырылып тұратын, ал тұрғаннан жатқанға дейiнгi мерзiмде көтерiлiп, бекiтiлетiн ағаштан жасалған жататын орны бар металл кереует;

      2. Еденге немесе қабырғаға жапсырылған үстел және орындық;

      3. Санитариялық торап орнатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады