О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных металлов

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 ноября 2023 года № 64. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 ноября 2023 года № 33618. Утратил силу приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 21 февраля 2024 года № 66.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра промышленности и строительства РК от 21.02.2024 № 66 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 6 и подпунктом 1) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан", статьей 29 Договора о Евразийском экономическом союзе, ратифицированного Законом Республики Казахстан (далее - Договор), а также разделом 10 Приложения 7 к Договору, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести ограничение на вывоз сроком на шесть месяцев с территории Республики Казахстан железнодорожным видом транспорта: коды товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (код ТН ВЭД ЕАЭС 7204, слитков черных металлов для переплавки (шихтовые слитки) (за исключением кодов ТН ВЭД ЕАЭС 7204 21 100 0 – отходы и лом легированной стали, коррозионностойкой стали содержащей 8 процентов содержания по массе или более никеля, 7204 21 900 0 – прочих, 7204 29 000 0 – прочих); бывших в употреблении труб, рельсов, элементов железнодорожного полотна и подвижного состава: коды ТН ВЭД ЕАЭС 7302 – изделия из черных металлов, используемые для железнодорожных или трамвайных путей, рельсы, контррельсы и зубчатые рельсы, переводные рельсы, крестовины глухого пересечения, переводные штанги и прочие поперечные соединения, шпалы, стыковые накладки и подкладки, клинья, опорные плиты, крюковые рельсовые болты, подушки и растяжки, станины, поперечины и прочие детали, предназначенные для соединения или крепления рельсов, 7303 00 – трубы, трубки и профиля полые, из чугунного литья, 7304 – трубы, трубки и профиля полые, бесшовные, из черных металлов (кроме чугунного литья), труб для нефте- или газопроводов, 7305 – трубы и трубки прочие, с круглым сечением, наружный диаметр которых более 406,4 миллиметров, из черных металлов, труб для нефте- или газопроводов, 7306 – трубы, трубки и профиля полые прочие, из черных металлов, трубы для нефте- или газопроводов, 8607 – части железнодорожных локомотивов или моторных вагонов трамвая или подвижного состава, тележки, оси и колеса, и их частей), за исключением вывоза через следующие железнодорожные пункты пропуска: "Жайсан" (Актюбинская область), "Аксу" (Костанайская область) и "Ауыл" (область Абай).

      2. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан, Министерству транспорта Республики Казахстан, а также Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан при взаимодействии с Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, в пределах своей компетенции обеспечить контроль по исполнению пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      3. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан;

      3) информирование Евразийской экономической комиссии о введении указанного в пункте 1 настоящего приказа запрета.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
К. Шарлапаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

Қара металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қарашада № 33618 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 66 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.02.2024 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі-Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мынадай теміржол өткізу пункттері: "Жайсан" (Ақтөбе облысы), "Ақсу" (Қостанай облысы) және "Ауыл" (Абай облысы) арқылы әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан теміржол көлігінің түрімен: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0 – қоспалы болаттың, құрамында массасы бойынша 8 пайызы немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, 7204 21 900 0 – өзгелерін, 7204 29 000 0 – өзгелерін қоспағанда) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 – қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын), бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7302 – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, 7303 00 – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, 7304 – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7305 – дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден астам, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді (мысалы, дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7306 – қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 8607 – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды, осьтерді және доңғалақтарды және олардың бөліктерін әкетуге алты ай мерзімге шектеу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі