О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 29 октября 2020 года № 6С-58/4 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Степногорску"

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 28 сентября 2023 года № 8С-6/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 9 октября 2023 года № 8630-03. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 28 июня 2024 года № 8С-13/4

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 28.06.2024 № 8С-13/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Степногорского городского маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Степногорску" от 29 октября 2020 года № 6С-58/4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8129) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Доля предельно допустимых расходов на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, в размере 10 (десяти) процентов.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 18 (восемнадцать) квадратных метров на одного человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 30 (тридцать) квадратных метров.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Степногорского городского маслихата О.Джагпаров

Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 "Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8С-6/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 қазанда № 8630-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 28.06.2024 № 8С-13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8129 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 10 (он) пайыз мөлшерінде шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін 30 (отыз) шаршы метр қабылданады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы О.Джагпаров