Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год

Постановление акимата города Шымкент от 15 марта 2023 года № 563. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 28 марта 2023 года № 169-17. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с подпунктом 5-14) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 24 мая 2022 года № 180 "Об утверждении Правил субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 28188), акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить объемы субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курируюшего заместителя акима города Шымкент.

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент М. Айтенов

      СОГЛАСОВАНО

      Министерство экологии

      и природных ресурсов

      Республики Казахстан

  Приложение к постановлению
акимата города Шымкент
от "15" марта 2023 года № 563

Объемы субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год

Виды субсидий

Единица измерения

Объем производства рыбы

Субсидируемый объем кормов

Сумма субсидий (тенге)

1

2

3

4

5

6

1

Субсидии на возмещение расходов по приобретению рыбных кормов (для сомовых видов рыб и их гибридов)

килограмм

115 079,37

138 095,2

29 000 000


2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 563 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 наурызда № 169-17 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы "15" наурыздағы
№ 563 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

Субсидия түрлері

Өлшем бірлігі

Балық өндіру көлемі

Субсидияланатын азық көлемі

Субсидия сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін)

килограмм

115 079,37

138 095,2

29 000 000