Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2023 год по Кызылординской области

Постановление акимата Кызылординской области от 8 ноября 2023 года № 191. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 15 ноября 2023 года № 8465-11. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 107 "Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20209) акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить перечень приоритетных культур и нормы субсидий на 2023 год по Кызылординской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Кызылординской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области Н. Налибаев

  Приложение к постановлению
акимата Кызылординской области
от 8 ноября 2023 года № 191

Перечень приоритетных культур и нормы субсидий на 2023 год по Кызылординской области

Перечень приоритетных культур

Нормы субсидий (на 1 тонну), тенге

1

Сафлор

24 304,0

2

Кукуруза на зерно

16 393,0


Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 191 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 қарашада № 8465-11 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 қарашадағы
№ 191 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары

Басым дақылдардың тiзбесі

Субсидиялар нормалары (1 тоннаға), теңге

1

Мақсары

24 304,0

2

Дәндік жүгері

16 393,0