"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 191 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдардың тiзбесі | Субсидиялар нормалары (1 тоннаға), теңге |
1 | Мақсары | 24 304,0 |
2 | Дәндік жүгері | 16 393,0 |