О признании утратившим силу постановления акимата Северо-Казахстанской области от 10 марта 2020 года № 54 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за государственной адресной социальной помощью"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 22 августа 2023 года № 133. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области 23 августа 2023 года № 7571-15

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Северо-Казахстанской области "Об утверждении Положения об участковых комиссиях для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за государственной адресной социальной помощью" от 10 марта 2020 года № 54 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6083).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление координации занятости и социальных программ акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Северо-Казахстанской области А. Сапаров

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 54 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 133 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 тамызда № 7571-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6083 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Сапаров