О внесении изменения и дополнения в решение Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 12 апреля 2017 года № 2-14 с "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уалихановского района Северо-Казахстанской области"

Решение Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 4 апреля 2023 года № 5-2 с. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 5 апреля 2023 года № 7467-15. Утратило силу решением Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 15 ноября 2023 года № 13-10 с

      Сноска. Утратило силу решением Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 15.11.2023 № 13-10 с (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Уалихановский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уалихановского района Северо-Казахстанской области" от 12 апреля 2017 года № 2-14с (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4174) следующее изменения и дополнения:

      В правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уалихановского района Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением (далее - Правила):

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан", и в подпункте 2) статьи 10, подпункте 2) статьи 11, подпункте 2) статьи 12, подпункте 2) статьи 13, статьи 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.".

      пункт 7 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:

      "7) Социальная помощь детям с инвалидностью, которым назначено специализированное лечебное питание по рецепту лечащего врача, не включенным в перечень лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан имеющие определенные заболевания (состояния), предоставляется ежемесячно в размере 110 месячных расчетных показателей (сто десять) без учета среднедушевого дохода.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Уалихановского районного маслихата
М. Абдулов

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14 с "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 сәуірде № 5-2 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 сәуірде № 7467-15 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 13-10 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 15.11.2023 № 13-10 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2-14с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген (бұдан әрі – Қағидалар):

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.".

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне енгізілмеген, емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, әр ай сайын 110 (жүз он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде беріледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы М. Абдулов