О внесении изменений в решение Шардаринского районного маслихата от 3 марта 2020 года № 54-339-VI "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 12 мая 2023 года № 3-17-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 24 мая 2023 года № 6294-13. Утратило силу решением Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 20 сентября 2023 года № 8-45-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 20.09.2023 № 8-45-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Шардаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шардаринского районного маслихата "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 3 марта 2020 года № 54-339-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5505) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденных указанным решением:

      в пункте 7:

      подпунк 3) изложить в следующей редакции:

      "3) День Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны в размере 1 000 000 (один миллион) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      супруга (супруг) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      участникам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к лицам с инвалидностью, в размере 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      для подписки в изданиях - участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны, приравненные участникам и по льготам к лицам инвалидностью Великой Отечественной войны, лицам награжденными орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, ветеранам тыла и ветераны боевых действий на территории других государств в размере 2 (двух) месячного расчетного показателя."

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) освобожденным из мест лишения свободы и находящимся на учете службы пробации с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего размера прожиточного минимума единовременно в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      2) малообеспеченным семьям со среднедушевым доходом которых, не превышающим шестидесяти процентов от устанавливаемого в кратном отношении к прожиточному минимуму, связанные с выполнением обязательств по социальному контракту, развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы и другое), для ремонта жилого дома и организацию индивидуальной предпринимательской деятельности (кроме затрат на погашение предыдущих займов)единовременно в размере 100 (сто) месячных расчетных показателей;

      3) детям с инвалидностью, обучающимся и воспитывающимся на дому ежемесячно в размере 1 (один) месячного расчетного показателя;

      4) лицам, родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека состоящих на диспансерном учете назначается ежемесячно без учета среднедушевого дохода в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      5) нуждающимся гражданам, страдающим заболеванием хронической почечной недостаточностью, единовременно в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      6) одиноким пожилым лицам в возрасте свыше 80 лет для возмещения расходов, связанных с проездом на территории Шардаринского района - ежемесячно в размере 1 (один) месячного расчетного показателя;

      7) лицам, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, больным заразной формой туберкулеза - ежемесячно в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      8) лицам одиноким престарелым, трудно передвигающимся с инвалидностью первой группы, детям с инвалидностью воспитывающимся и обучающимся на дому, оказывающимся социальные услуги, в денежной форме для приобретения твҰрдого топлива единовременно в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      9) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, единовременно без учета среднедушевого дохода, срок оказания не позднее шести месяцев с момента наступления трудной жизненной ситуации единовременно в размере - 100 (сто) месячных расчетных показателей;

      10) семьи военнослужащих погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время - единовременно в размере 2500 (две тысячи пятьсот) месячных расчетных показателей."

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата А. Карсыбаев

Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-339-VI "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 3-17-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 24 мамырда № 6294-13 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 8-45-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 8-45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-339-VI"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5505 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, тыл ардагерлеріне және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде."

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға және т.б.), тұрғын үйін жөндеуге және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаларға - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде тағайындалады;

      5) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға - бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 80 жастан асқан жалғызілікті қарт адамдарға, Шардара ауданының аумағында жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға - ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) жалғызілікті қарттарға, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар балаларға қатты отынға ақшалай нысанда бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекенжай бойынша азаматтарға (отбасыларға) қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі үш айдан кешіктірілмей біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына бір рет 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы А. Карсыбаев