О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 12 июля 2023 года № 153. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 14 июля 2023 года № 7224-07

      В соответствии c Законами Республики Казахстан Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы и "О правовых актах" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу постановления акимата Западно-Казахстанской области от 9 декабря 2020 года № 289 "Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Западно-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6533) и от 20 января 2023 года № 10 "О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 9 декабря 2020 года № 289 "Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Западно-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7-0-7111).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Западно-Казахстанской" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Западно-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Западно-Казахстанской области Н. Турегалиев

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 153 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 шілдеде № 7224-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 289 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6533 болып тіркелген) және "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 289 "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-0-7111 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев