Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.07.2023 № 153 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 289 "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6533 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне сәйкес әзірленген және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.";
6-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Сондай-ақ қабылдау жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшы құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялы қауыммен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 "Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес өткізілетін халыққа есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін жүргізіледі.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Қабылдау өтініштердің кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Қабылдауды облыс әкімі өткізген кезде облыс әкімі аппаратының өтініштер бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.";
25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"25. Қабылдауға жазу және қабылдау барысында арыз иелері берген өтініштер e-Otinish жүйесінде сол күні тіркеледі және арыз иесіне талон беріледі.";
30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"30. ӘРПК-нің 76-бабы 3-тармағына сәйкес, көп пысықтауды талап ететін мәселенің күрделі сипаты болған жағдайда, әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімі негізінде өтінішті қарау мерзімі ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтініш тіркелген сәттен бастап екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол туралы өтініш берушіге тиісті хат жіберіледі.";
34-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |