О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 13 октября 2023 года № 7-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района"

Решение Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27 декабря 2023 года № 12-5. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 28 декабря 2023 года № 7318-07

      Акжаикский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Акжаикского районного маслихата от 13 октября 2023 года № 7-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №7266-07) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района, утвержденных указанным решением:

      подпункт 34) пункта 6 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 1) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "1) лицам больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном этапе лечения, согласно справки, подтверждающей заболевание, без учета доходов, в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей, ежемесячно;";

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Акжаикского районного маслихата С. Сиражев

Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-6 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 7318-07 болып тіркелді

      Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7266-07 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 – тармағының 34) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "34. Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған адамдарға бір рет 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.";

      7 – тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1 ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық аудандық маслихат төрағасы С. Сиражев