О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 22 января 2021 года № 2-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района"

Решение Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 5 июня 2023 года № 7-3. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 8 июня 2023 года № 7187-07. Утратило силу решением Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 31 августа 2023 года № 9-8

      Сноска. Утратило силу решением Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 31.08.2023 № 9-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Жангалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жангалинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района" от 22 января 2021 года № 2-2 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6817) следующие изменения:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Жангалинский районный маслихат РЕШИЛ:";

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 6 изложить в новой редакции:

      "1) ветеранам Великой Отечественной войны - единовременно в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и ежемесячно в размере 5(пять) месячных расчетных показателей;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата К. Каменов

Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 7-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 маусымда № 7187-07 болып тіркелді.Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 9-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 31.08.2023 № 9-8 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      6 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Каменов