Жаңақала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 9-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 7233-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1 Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Каменов

  Аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 31 тамыздағы № 9-8
шешіміне қосымша

      1.  "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген).

      2. "Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 21-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27824 болып тіркелген).

      3. "Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 32-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31631 болып тіркелген).

      4. "Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 7-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7187-07 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады