О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 6 марта 2024 года № 59. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 марта 2024 года № 34124

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказе исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/161 "Об утверждении Правил отвода и таксации лесосек на участках государственного лесного фонда" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10693):

      в Правилах отвода и таксации лесосек на участках государственного лесного фонда, утвержденных указанным приказом:

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Предварительный отбор деревьев в рубку производится для всех постепенных и выборочных рубок, а также для рубок ухода за лесом (за исключением осветлений, прореживаний и проходных рубок при среднем диаметре древостоев менее 8 сантиметров и выборочных санитарных рубок (кроме рубки сухостоя в молодняках, разработки бурелома, ветровала, уборки валежных деревьев, ликвидации последствий крупных лесных пожаров (верховых) площадью более 100 гектаров). Отобранные в рубку деревья отмечаются глубокой затеской на высоте 1,3 метра, а с диаметра 8 сантиметров и выше, кроме того, клеймятся у корневой шейки.";

      подпункт 2) пункта 27 изложить в следующей редакции:

      "2) денежная оценка отпускаемой на корню древесины, а также второстепенных древесных ресурсов производится по каждой лесосеке (делянке) на основе ставок платы за древесину, отпускаемую на корню, установленных пунктом 2 статьи 587 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Учет древесины, отпускаемой на корню, в зависимости от способов рубок производится:

      1) по площади (применяется при всех видах сплошных рубок, за исключением ликвидации последствий крупных лесных пожаров (верховых) площадью более 100 гектаров);

      2) по числу деревьев, назначаемых в рубку.

      Учет по числу деревьев, назначаемых в рубку, применяется при проведении:

      добровольно-выборочных (далее – выборочные рубки), постепенных и длительно-постепенных рубок (далее – постепенные рубки);

      прореживаний, проходных рубок при среднем диаметре древостоя 8 сантиметров и более;

      выборочных санитарных рубок (кроме рубки сухостоя в молодняках);

      при рубке единичных деревьев.

      При учете отпускаемой древесины по числу деревьев, назначаемые в рубку деревья предварительно клеймятся;

      3) по количеству заготовленных лесоматериалов.

      Учет по количеству заготовленных лесоматериалов производится, если предварительно не представляется возможным определить запас подлежащей вырубке древесины:

      при осветлениях и прочистках;

      при прореживаниях и проходных рубках, если средний диаметр назначаемых в рубку древостоев менее 8 сантиметров;

      при вырубке сухостоя в молодняках, буреломе, ветровале, уборке валежных деревьев;

      при ликвидации последствий крупных лесных пожаров (верховых) площадью более 100 гектаров.".

      2. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 18-02/596 "Об утверждении Правил рубок леса на участках государственного лесного фонда" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11894):

      в Правилах рубок леса на участках государственного лесного фонда, утвержденных указанным приказом:

      пункт 155 изложить в следующей редакции:

      "155. При проведении сплошных санитарных рубок площадь каждой делянки устанавливается не более 5 гектаров, на участках гарей более 100 гектаров – не более 25 гектаров, при ликвидации в ленточных борах последствий крупных лесных пожаров (верховых) площадью более 1000 гектаров площадь делянки устанавливается по площади квартала.";

      пункт 181 изложить в следующей редакции:

      "181. При отсутствии возможности использования порубочных остатков, очистка лесосек производится следующими способами:

      1) путем измельчения порубочных остатков до 1 метра по длине и равномерного их разбрасывания по всей площади вырубки;

      2) путем выноса за пределы лесосеки на участки не занятые лесом и складирования в кучи с последующим их сжиганием в сроки согласно правилам пожарной безопасности в лесах;

      3) на больших площадях гарей, во избежание остепболднения участка или предотвращения эрозии почв, путем измельчения порубочных остатков до состояния щепы специальными механизмами и равномерного их разбрасывания по всей площади гари.

      Способы очистки мест рубок указываются лесовладельцем в лесорубочном билете.

      При проведении рубок в зимний период со снеговым покровом глубиной более 50 сантиметров очистка лесосек, как исключение, проводится весной, до наступления пожароопасного сезона.".

      3. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 наурызда № 34124 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10693 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ағаштарды кесуге алдын ала іріктеу барлық біртіндеп және іріктеп кесулер үшін, сондай-ақ орманды күтіп-баптау мақсатында кесу үшін (сүрекдіңдердің орташа диаметрі 8 сантиметрден аз болған жағдайда жарықтандыруды, сирету мен өтпелі кесуді және іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу қоспағанда (кеуіп қалған жас ағаштарды кесуден, желопырықты, жел сұлатпасын жоюдан, құлаған ағаштарды жинаудан, аумағы 100 гектардан асатын ірі орман өрттерінің (жоғарғы) зардаптарын жою кезінен басқа) жүргізіледі. Кесуге іріктеп алынған ағаштарға 1,3 метр биіктікте терең белгі салынады, ал диаметрі 8 сантиметр және одан да жуан ағаштарда сонымен бірге тамыр мойны таңбаланады.";

      27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) түбірімен босатылатын сүректі, сондай-ақ екінші дәрежелі сүрек ресурстарын ақшалай бағалау түбірімен босатылатын сүрек үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 587-бабының 2-тармағында белгіленген төлемақы ставкалары негізінде әрбір кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргізіледі;";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Түбірімен босатылатын сүректі есепке алу кесу тәсілдеріне байланысты:

      1) алаңы бойынша (аумағы 100 гектардан асатын ірі орман өрттерінің (жоғарғы) зардаптарын жою кезінен басқа жаппай ағаш кесудің барлық түрлері кезінде қолданылады);

      2) кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша жүргізіледі.

      Кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша есепке алу:

      іріктеп ерікті (бұдан әрі – іріктеп кесу), біртіндеп және ұзақ-біртіндеп (бұдан әрі – біртіндеп кесу) ағаш кесу;

      сүректің орташа диаметрі 8 сантиметр және одан да жуан болған кезде сирету, жол

      аршу үшін ағаш кесу;

      іріктетіп санитариялық мақсатта ағаш кесу (жас талдардың кеуіп қалғандарын кесуден басқа);

      жалғыз-жарым ағаштарды кесу кезінде қолданылады.

      Ағаштар саны бойынша босатылатын сүректі есепке алу кезінде кесуге тағайындалатын ағаштар алдын-ала:

      3) дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша таңбаланады.

      Дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша есепке алу, егер кесілуге тиіс сүрек қорын алдын-ала айқындау мүмкін болмаса:

      жарықтандыру мен тазарту кезінде;

      егер кесуге тағайындалатын сүректің орташа диаметрі 8 сантиметрден төмен болса, сирету және жол аршу үшін кесу кезінде;

      жас талдарда, жел опырған, құйын соққан жерлерде, құлап қалған ағаштарды жинағанда кеуіп қалғандарын кесу кезінде;

      аумағы 100 гектардан асатын ірі орман өрттерінің (жоғарғы) зардаптарын жою кезінде жүргізіледі.

      Жергілікті халықты сүрек отынымен тегін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орман иеленуші айқындайтын орындарда кеспеағаштардан тыс жерлердегі қоқысты (кеспеағаштардан тыс жерде табиғи жолмен құлап жатқан және өнеркәсіптік мақсатта дайындалмайтын сүректің қалдығы (діңдері мен бұталары) тазалау кезінде, оны босату ағаш кесу билеттерінде дайындауға жататын сүрек мөлшері көрсетіліп жүргізіледі. Бұл жағдайда орман иеленуші ағаш кесу билетінде көрсетілген сүрек мөлшерін дайындайды.".

      2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында:

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесудi жүргiзу кезiнде әрбiр мөлдек алаңы 5 гектардан аспайтындай, 100 гектардан астам өртеңдер учаскелерінде – 25 гектардан аспайтындай мөлшерде, 1000 гектардан астам ірі орман өрттерінің (жоғарғы) зардаптарын жою кезінде мөлдек алаңы кварталдың ауданымен белгіленеді.";

      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "181. Ағаш кесу қалдықтарын пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда кеспеағашты тазарту мынадай тәсiлдермен:

      1) ағаш кесу қалдықтарын ұзындығы 1 метрге дейiн ұсақтап, оларды ағашы кесiлген бүкiл алаңға бiркелкi шашып тастау жолымен;

      2) кеспеағаштан тыс ағашы жоқ жерге шығарып, ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес кейіннен оларды жағып жіберетіндей етіп бір жерге үйіп қою жолымен жүргізiледi;

      3) үлкен өрт аймақтарында жазықтықты болдырмау немесе топырақ эрозиясын алдын алу үшін ағаш кесу қалдықтарын арнайы механизмдердің көмегімен массаға дейін ұнтақтау және оларды бүкіл өртенген аумаққа біркелкі тарату.

      Ағаш кесу орындарын тазарту тәсiлдерiн орман иеленушi ағаш кесу билетінде көрсетедi.

      Қар қалыңдығы 50 сантиметрден асатын қысқы кезеңде ағаш кесудi жүргiзу кезiнде кеспеағашты тазарту, ерекшелiк ретiнде, көктемде өрт қаупi бар маусым басталғанға дейiн жүргізiледi.".

      3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі